//

«Тыныш жатқан жұртымды шүршіт келіп үркітті!»…

2216 рет қаралды
8

Көк найзаның ұшына шаншып қойып бүркітті,

Жарып кетті жалмауыз саба толы іркітті.

Қойдай қоңыр, қоң торғай тірлігімен тырбанған,

«Тыныш жатқан жұртымды шүршіт келіп үркітті!»…

 

Қазымыр қол – қара жел арулардың бұрымын,

Табанында таптады қараша үйдің құрымын.

Қызыл суды қаптатып аязында ақпанның,

«Қобыландыдай батырда нең бар еді, құлыным?!».

 

Екі еттік пе Тәңірі көлеңкесі бұйрығын,

Аз болды ма басында қиын заман, қилы күн?

Тоқтамайды тау селі, тілегенің не еді,

Жайын жатқан жыланның неге бастың құйрығын?!

 

«Тыныш жатқан жұртымды шүршіт келіп үркітті!»…

Бурылалтай

Тал түс. Алматы, 16.02.2014 жыл

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Бүркітбайдың “ой,Қайша” әніне “тыныш жатқан елімді,Қытай келіп үркітті-ай! деген жері бар еді.

  2. Ауке, бас қайда кеткен? Бүркітбай Оспан келіп үркітты деп ән саларма еді? Әлде әдейі айтып отырсызба? қытай радиосынан не дұрысын беруші еді.

  3. Біздің бала кезімізде қытайды №1 жау, ал Оспанды құйыршық, банды дейтін… Әкем айтатын: Заман ағымымен кетпе деп…

  4. Бүркітбай: “Шірікшиге келгенде ұстап алды – ау қамалап!” дейді әнінде. Мен Жәди Шакенге Қамалап ұстап алған сендерсіңдер ғой десем, ол қарқылдап күледі. Бірақ, “Бас қайда кеткен?” деп бас жаққа барған емес.

  5. Жадиге “оңаша” айтқан шығарсыз. Фб те Бүркітбай “Оспан келіп үркітты” деп ән айтты десеңіз басқа күмән туады әрине.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар