/

Құрметбек Сансызбайұлы. Оралмандар жолына ор қазған кім?

996 рет қаралды
1

Атамекенім деп тұрақты тұру мақсатымен көшіп келген қазақ ұлт өкілдерін анда барсаң оралмансың, мұнда қалсаң оралман емессің деп екіге бөлу Ата заңымызға сәйкес келе ме? Жалпы Қазақ елінде өз жерінің иесі қазақ ұлт өкілі көп болуына ешкімде кедергі келтіре алмауы керек емес пе? Осында тұратын барлық ұлт-ұлыс өкілдері мұны бізге айттырмай-ақ түсінетіні сөзсіз.

Соңғы жылдары «Халықтың көші-қоны» туралы Заңына жиі-жиі өзгерістер енгізіле беретін болды. «Егер заңға тіл бітсе, ол ең алдымен заңшылдарды айыптар еді-ау…» деген қағидаларды ескерсек бір-бірін жоққа шығара беретін заң баптары, соларды жүзеге асыратын ережелер, нормативтік актілерді кімдер қай елдің, қай ұлттың мүдессі үшін дайындап бекіттіріп жіберетініне таң қаларсың.

Айталық 22.07.2011 жылы Қазақстан Республикасының № 477–IV «Халықтың көші-қоны» туралы жаңа Заң дүниеге келді. Өкінішке орай осы Заңмен бірге шыққан Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 22 шілде №478-IV ҚРЗ –мен енгізілген өзгеріс бойынша Отанына келген этникалық қазақтар өздері келген елінің азаматтығынан шыққаны туралы анықтама алып келмесе олар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға құжат тапсыра алмайтын болды.

Осы бір ғана өзгеріс «Халықтың көші-қоны» туралы Заңының мәртебесін жойып кетті десек те болады. Ал, өмірде қай кезде болсын заңның олқы тұстарын өз кәделеріне жарата білетін жандарға бұл үлкен бизнес көзі блды. Өйткені Қытай және Моңғолия елдерінен көшіп келіп алған отбасы көп жандар қайта барып келуге бірінші қаражат жағынан қиналса екінші ол елдер азаматтықтан шығарып жібере салмайтыны тағы бар.

Егер Қазақстан Республикасы шет елден келіп азаматтыққа қабылдағандардың тізімдігін Сыртқы істер министрлігі арқылы ол елге жеткізіп отырса олар автоматты түрде өз елінің азаматтығынан шығарып статистикалық есептен алып тастайды.

Ақыры бір жылдай айтылды, жазылды, оралмандарда мүмкіндіктерінше наразылықтарын жеткізді ақыры Елбасымыз 2012 жылы 27 сәуірде № 15-V ҚРЗ мен өзгеріс енгізіп Келген оралмандар шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лаузымды адамына өтініш білдірсе бұрынғыдай азаматтыққа қабылдана беретін заң бекітіп берді де бұл іске де нүкте қойылды.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Президенттің 2010 жылғы № 1039 жарлығына сәйкес таратылған Көші-қон комитеті 2013 жылы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 466 Жарлығымен қайта құрылды.

Осыған байланысты Көші-қон полициясы басқармасынан көші-қон бөлімін жеке шығарып облыстардағы Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басқаруына уақытша берді.Уақытша басқаруға алған департаменттер кадрлық құрылымына көші-қон саласынан ешбір қабарсыз мамандарын тықпалап және бос орындарға білікті мамандарды қасақана тағайындамай қаншама уақыт ұстап отырып келесі мекеменің басқаруына кетер кезінде өз мамандарын тағайындап жіберуге дейін барды.

Аяқ асты келген мамандар біліктілігі де көші-қон үрдісіне кері әсерін тигізді. 2013 жылғы 16 маусымдағы № 102-V ҚРЗ-ы бойынша өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілді.

2013 жылы 14 желтоқсанда №153- V ҚРЗ-ы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы өзгерістер бойынша енді келген этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге барса тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өздерінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады. Оларға «Оралман мәртебесі» беріліп оралман куәліктері табыс етіледі.

Ал, Үкімет айқындап бекіткен өңірлерге бармай өз еріктері бойынша қоныстанатын мекен жайын таңдаған этникалық қазақтарға керісінше болып отыр.

Яғни оларға Оралман мәртебесі берілмейді және олар өздерінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылмайды. Бір сөзбен айтқанда кәмелет жастағы әр бір этникалық қазақ ұлт өкілінің есеп шотында 2200 000 теңге ақшасы барын растайтын Банкі бөлімшелерінің анықтамасы болуы қажет.

Ұлтына қарамай Қазақ еліне уақытша жұмыс іздеп еңбектеніп нәпақа табамын деп келгендер үшін бұл (мейілі қазақ болсын) заңды құбылыс. Ал, тарихи Отаным, Атамекенім деп тұрақты тұру мақсатымен көшіп келген қазақ ұлт өкілдерін анда барсаң оралмансың, мұнда қалсаң оралман емессің деп екіге бөлу Ата заңымызға сәйкес келе ме? Жалпы Қазақ елінде өз жерінің иесі қазақ ұлт өкілі көп болуына ешкімде кедергі келтіре алмауы керек емес пе? Осында тұратын барлық ұлт-ұлыс өкілдері мұны бізге айттырмай-ақ түсінетіні сөзсіз.

Елбасымыз қазақ санын қалай өсіру керек, қазақпен қазақты қалай қазақша сөйлету керек, қалай Қазақ елі мәңгілік болады деп жар салып жүргенін де баршамыз білеміз.

Ендеше Отанына тұрақты тұру мақсатында отбасымен көшіп келген қазақ ұлт өкілдеріне Қазақстан Республикасының азаматтығы жеңілдетілген тәртіппен 3 ай мерзімде бұрынғысынша беріле берсе деп айтқым келеді. Квота деген ұғымды заңнан алып тастады. Оған да ешкім наразы болып қарсылық танытып жатқан жоқ.

Түйіндеп айтқанда:

1. Қазақ еліне тұрақты тұру мақсатында отбасымен көшіп келген этникалық ұлт өкілдерін келген жеріндегі көші-қон полициясы басқармасы ауыл әкімдерінің жазбаша келісімі бойынша 10 күн мерзімде тұрақты тіркеуге алатын болса.

2.Тұрақты тіркелген этникалық қазақтарға сол жеріндегі Көші-қон мемлекеттік мекемесі «Оралман мәртебесін» беріп арнайы бекітілген мемлекеттік есептегі Оралман куәлігін жазып берсе.

3. Оралман мәртебесін алған этникалық қазақ ұлт өкілдеріне 3-ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы берілсе.

4. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін ішкі көші-қон квотасы бойынша Үкімет бекіткен өңірлерге барып тұрақты тұрамы, сол жердің азаматы боламыз, әлеуметтік көмектерге мұқтажбыз деген ағайындардың да ішкі көші-қонына қолдау көрсетілсе ағайындар арасында Үкімет бекіткен өңір бар деген жеріне барып жұмыс істегісі келетіндері көп екенінде айтқым келеді.

5. Тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтығын аламын деп Оралман мәртебесін алған қазақ ұлт өкілдеріне Шет елдік азаматтығы жоқ адамдарға берілетін «Ықтиярхат» берілмесе. (Ықтиярхат еңбек көші-қоны бойынша келгендерге, немесе төлем қабілеттілігі бар келген еліне барып келіп тұруға мұқтаж жандарға өтініштеріне сай берілетін болса).

6. «Халықтың көші-қоны» туралы Заң бұл жаппай хылыңтың көші-қоны үрдісі, Қазақ елі шекарасынан кім өтті, кім қайтты, кімдері қалып қалды осы үрдістердің барлығына есеп жасап ел мүддесін қорғапта қарап та отыратын заң. Қазір осы заң аясында Экономика министрлігі, Өңірлерді дамыты министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі т.с.с ұйымдар жұмыс атқаруда. Барлығының басын қосып бір жүйеде ұйымдастырып Елбасының саясатын қадағалап, бақылап есеп беріп отыратын, жауапкершілікті мойнына алатын бір нақты иесі кім қайсысы?

Осы тұрғыдан алғанда министрлік дәрежесіндегі құрамында Көші-қон комитеті және Көші-қон полиция комитеті қызмет атқаратын тікелей Президент әкімшілігіне бағыншыты Агенттік құратын кезде жеткенін өмір өзі талап етіп тұрғандай. Бұл туралы қаншама қайраткерлер, депутаттар ұсыныс айтып келеді.

Құрметбек Сансызбайұлы
саясаттанушы, қазақ көшін зерделеуші

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Құреке, сізбен пікірлес адам ретінде толықтай қолдаймын. Бірақ Қазақстанда осындай келелі мәселелерді уақытында шешпей, сағызша созып, соңын сиырқұйымшақтандырып, допша лақтырып, белгісіздікке салдырып жіберетін бір кемістік бар екенін мойындау керек. Бұл өзіңіз айтып отырғандай “біліксіздіктің” басты белгісі шығар. Түк білмесе де білгеннің бейнесін көрсету және бар. Әр кісінің есеп шотында 2200000 теңге (монғолия ақшасымен 25-30 млн.төгрөг) бар ма? Көшіп келушілер арасында көбінесе жанымен жансақтап, күнделікті ұн-шайын айырып отырғандардың өте көп екенін естен шығармау керек. Ана қағаз мына қағаз деп қарапайым адамдарды сандалтудың қанша қажеті бар?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар