Көгедай Шәмерхан 1985 жылы 27 мамырда Шығыс Түркістанның Алтай елді мекенінде туылған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының 4-курс студенті
Қысырақтар
Жүрегімнің шымырлап тамырлары,
Сол бір түні басылмай ауырғаны.
Сенің кеудең ып-ыстық дамылдады.
Неге кеттің алысқа жете алмайтын,
Жан серігім жаныма табылмады.
Мен көшеде өзіңсіз кетіп барам,
Көп адамдар басқаша қабылдады.
Жақын келші жаныма қобыз кеудем,
Қиын екен адамның сағынғаны.
***
Неге айналып барады мына ғалам,
Неге айырылып қалдық біз ғұламадан.
Адал еді биіктен құламаған,
Адам еді тағдырға жыламаған.
Қиындыққа жүруші ет қарсы келіп,
Басқалардан қол ұшын сұрамаған.
Кеудеңдегі шөліңді қандыратын,
Секілді еді білімі бұлақ адам.
***
Өзіңнен жақсы хабар кеп,
Шаттыққа жаным шомған шақ.
Мен сені қатты сағындым,
Жолығар сол бір күнді аңсап.
жанымды менің түсінші,
Айналдым күнім бір болсақ.
***
Ақшағалам сен келерсің шаһарға,
Менің күнім түнге айналған сәттерде.
Мен хатымды қалдыра сап дәптерге,
Айналармын қоңыр қанат кептерге…
Тілің бармас бұл ғаламда жоқ дерге,
лапылдаса шоқ түскендей от кеуде.
Кешіріммен сен соңғы рет қарай сал,
Өтінерім бар айтар,
Өзге тілге еріп кетіп, жек көрме.
***
Қабылда сезім арқауын,
Адалдық еді арманым.
Шақырам бұлақ бойына,
Жөн болар сол кез барғаның.
Жалғыздық жерде мың өксіп,
Сағыныш әнін салғамын.
Мұңдарға сіңіп баратсам,
Жаратқан ием қорғадың.
Иманы бар серік іздедім,
сол үшін сені талдадым.
Айтамын кейін қалғанын.
Тілеме жүрек зарлауын,
Жападан жалғыз қалмауын.
Ұлы бір күйді толғадым.
***
Екеумізге ортақ ой,
Ортақ арман.
Жапырақтың жанарында дірілдеп.
Адамдардың жүрегіне үңілмек.
Самал желге, құрғамайды кенеттен,
Тамшылардың қоштасуы бүгін деп.
Құс жолына қосақталған армандар,
Қайтарылған жартастардан үнім кеп.
Қобыз кеуде, қайда кеттің қоңыр мұң?
Жолығар сәт екеуміздің бүгін бе ед?!
***
Менің мұңым,
Қабағында тыртық бар.
О, қарт заман,
Қара тонды жыртық шал.
Мұңлы баққа,
Жолығамын үнемі,
Табанымда жатыр-
Өліп күртік қар…
Келер ғасыр,
Дауылдардың ойнағы,
Жанарыңды жас жапырақ
сүртіп бар.
Ентігін бас,
Топырақта мүлтік бар…
***
Ешкім бізге бақыт бермес оңайдан,
Құлшылық ет бауырым-ау соны ойлан.
Жертөледе дұға жасап жүрсең де,
Үміткер бол жәннаттағы сарайдан.
Байлық – нәпсі өсіретін апиын,
Калған сосын талайдан.
Иман деген жұтқан ауа сияқты,
Ол болмаса тынысымыз тарайған.
Қарама әсте жүректерге қарайған,
Содан мына кіріптарлар молайған,
Басы жаңғақ… сұлбалары сорайған.
Әкеме
Сізге тартып өспедім,
Оқ жонған сәтім жоқ менің.
Біз үшін қанша жоғалттың,
Бақытты шақтың көктемін.
Алладан кейін сыйлаған,
Өзіңсің маған оттегін…
Келетін қатал сындарға,
Жоныңды тостың қаншама.
Нән балғын сәби шағымнан,
Көтеріп жүрдің арқаңа…
От пенен суға түсірмей,
Қорғаштап келдің жан сала.
Мендегі ұлы сезімдер,
Өзіңнен келген болатын.
Сағындым алыс шет жүріп,
Арманның кезіп даласын.
Өмірде сізге жан жетпес,
Өлердей сүйген баласын.
Шашыңның арбір ақ талы,
Нұр шығар өмір бояған.
Сағынған сәтте әкетай,
Ұйқымнан сансыз оянам.
Есіңде шығар біздерге,
Айтатын жиі баяғы ән.
Адалдық еді үнемі,
Айтатын әрбір ақылың.
Бәйгеге шапқан кезімде,
Сен едің қысқан тақымын.
Өнегеңді алып өсейін,
Жасай бер мәңгі алтыным.
Алдаспан айдың сағымы
(Б.Бәмішұлына)
Алдаспан айдың сағымы,
Сорғалап қардың бетіне.
Өлеңнен шипа іздеген,
Сағыныш атты дертіне.
Қызғалдақ қырда жанғанда,
Көкірек шері қозданған.
Найзағай қамшы осқанда,
Ақында қандай, жан қалған?
Алатауға қарап мұң шағып,
Алтайды аңсап тұлданған.
Бейопа мынау дүние,
Айторы қайтқан, бұл жалған.
Даладан самал ескенде,
Ақ ұлпа бұлттар көшкенде.
Таяныш еткен қаламды,
Жұлдыздар таңда өшкенде.
Тұлпардай жарау ширығып,
Таң қоздап, көктем жанғанда.
Аңсары түнеп аспанға,
Қара түн бүршік жарғанда.
Болаттай берік топшымен,
Алтайы қыста тосылмай.
Бір бөкен желіп барады,
Үйірге бөтен қосылмай…
Парақшамызға жазылыңыз