///

Үкімет оралмандарға оң қабақ танытты

682 рет қаралды

darhanБұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлiмдеген.
“Оралмандар жөнiнде өткен жылы жаңа заң қабылдаған болатын. Сол заңға сәйкес егер де Қазақстанда оралмандарды қабылдайтын аймақтар бекiтiлiп, сол өңiрлерге азаматтар барған кезде оларға оралман мәртебесi берiлген. Ал, егер олар басқа аймақтарға баратын болса, “оралман” мәртебесi алынып тасталған болатын. Бүгiн үкiметте бiз бұл мәселенi қайта қарап, қазiр бiздiң қандастарымыз республиканың қайсы облысына баратын болса да, сол жерде оларға оралман мәртебесi берiлетiн болды”,– дедi Т.Дүйсенова.

“Екiншiден, жаңа заңымызда көрсетiлгендей, белгiлi бiр өңiрден басқа өңiрге көшсе, онда оралмандар шетел азаматтары сияқты өздерiнiң төлеу қабiлеттiлiгiн дәлелдеп, содан кейiн уақытша тұруға мүмкiндiк алатын едi. Қазiр мақұлданған шешiмге байланысты азаматтар, этникалық қазақтар, өзiнiң төлеу қабiлеттiлiгi жөнiнде еш дәлелдеме талап етілмейді, елiмiздiң азаматтығын алу үшiн үлкен тосқауылдар болмайды. Егер алдыңғы заңымызда шетелден келген қандастарымыз оралман мәтебесiн алып, 7 жылдан кейiн ғана мемлекеттiң азаматтығын ие болса, қазiр қайтып келгеннен кейiн 1 жылдың iшiнде азамат оралман мәртебесiн алады, содан кейiн 1 жылдан соң мемлекет азаматтығын ала алады”, – деп толықтырды ол.
Сонымен қатар, министр шетелден оралған азаматтардың бейiмделуi мен ықпалдасуы үдерiсiн жеделдету, жұмыспен қамту мәселелерi шешу мақсаттарында оралмандарды еңбек ресурстары жеткiлiксiз болып отырған өңiрлерге тартуға әрекет жасау көзделуде.

“Қайсы аймаққа барам десе де, ол – қандастарымыздың өз еркi. Бiз анықтаған еңбек ресурстары жетiспейтiн өңiрлерге баратын болса, онда ол азаматтарға қосымша әлеуметтік пакет берiлетiн болады”, – деп түйiндедi өз ойын ол.

 

Дерек көзі: http://news.nur.kz/kk/310930.html

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар