Ер Жәнібек қай жерде туған?

619 рет қаралды

Ер Ж конфЕр Жәнібек батырдың туған жерін анықтау бойынша ғылыми экспедиция құрылады. Бұл туралы  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде қазақтың әйгiлi батыры Жәнiбек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған конференция кезінде ғалым Дихан Қамзабек айтты.

«Ер Жәнібек батырдың туған жерін анықтау бойынша ғылыми экспедиция құрылады. Туған жылы белгілі болғанымен жер атауы туралы нақты дерек жоқ», – деді Д.Қамзабек.
Ғалымдар Ер Жәнібектің туған жері бойынша түрлі пікірлер айтуда. Соның ішінде көпшілігі Сыр бойы десе, енді бірі Ресейдің Ор маңайы деп келтіреді. Ал, батырдың қайтыс болған жері туралы деректер бізге толығымен жеткен. Ер Жәнібек батыр 1714 жылы дүниеге келіп, 1792 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты Ортабұлақ жерінде қайтыс болған. Батырдың мәңгілік тұрағы да осы жерде орналасқан.
Айта өтейік, бүгін ЕҰУ-да өткен конференция кезінде Ер Жәнібек батырдың атына Қоянды ауылынан көше атауы мен ескерткіші тұрғызылатыны айтылды. Сонымен қатар, мұндай айтулы шаралар Қытай Халық Республикасының Ақсай автономиялық ауданы мен Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында да жалғасын таппақ.

baq.kz НұрсерікЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ 
(фото).

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар