///

«Омбы қазақтарының оқуына жәрдемдесемін» депті Бозымбаев мырза

1027 рет қаралды
3

Жарайсың, Бозымбаев!

OLYMPUS DIGITAL CAMERAПавлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев 11 қыркүйектегі Омбы қаласына жұмыс сапары барысында ондағы қазақ ирридиентеріне (диаспора емес, мемлекеттердiң жер бөлiсу кезiнде басқа елдердiң құрамында қалып қойған, бағзы заманнан бергi ата қонысында мекен етiп отырған ұлт бөлшектері) жергілікті мектептерде қазақ тілін үйретуді ұсынған. Бұл ұсынысқа жергілікті өкілетті органдар ынта танытса павлодарлықтар Омбы қазақтарына ана тілін меңгеруіне жәрдемдеспек.

Қанат Бозымбаев Омбы қазақтарымен кездесіп,  сонда жергілікті қазақтардың ана тілін меңгерулеріне павлодарлықтардың көмек тигізе алатынын айтқан.

“Бүгінде Омбыда 83 мыңнан астам қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Оның 20 мыңы – балалар. Жастардың туған тілін меңгеруіне, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысуына жәрдемдескіміз келеді. Әр қазақ туған тілін біліп, бабалар тарихынан хабардар болуы тиіс. Бұл бағытта біз оқулықтармен, әдістемелік құралдармен қолдау көрсете аламыз”, – деген Бозымбаев.

Кездесуде әкім аталмыш өңірдің оқушыларына қазақ тіліндегі кітаптарды сыйға тартқан.

Сондай-ақ павлодарлықтар Омбы облысындағы мешіттердің имамдарының оқуына септеспек екен.. Мұндай өтінішті Киров мешітінің имамы Кипиден Шамшуалиев білдірген.

Әрине, бұл өте-мөте құптарлық іс. Ары қарай да дамып, жалғасын тауып солтүстік жағалауымыздағы бауырларымыз өмір сүріп жатқан барлық өңірлерді қамтыса құба-құп. Бұл іс-шараны бұдан да бұрын бастаса болар еді. Солай болса да игіліктің ерте кеші жоқ. Енді айттым бітті деп ескі әуезге салмай, жүзе асыруына тілектеспіз.  Дайындаған Қарамер
дерек көзі: http://news.nur.kz/kk/331117.html

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қазақтың батыс, сол түстік және сол түстік шығысмен шекаралас аймақтарда көптеген елдімекендер Ресейдің меншігіне өтіп кеткен. Ондағы қазақтардың өнері көңіл көншітпейді. Ел іші кеніш дейді. Олардың арасында өнерлі адамдар аз емес. Бірақ, қазақ мәдениетін, тілі мен ділін жаңғыртып, дамытайын десе орыстардан қорқады. Содан болып онда қазақ мәдениеті мешеу қалған.

  2. Орыста қалған жерім бар… Бұлны Ресей біліп жүргені жөн. Омбы қазақтары Қазақстанға қосылғысы келе ме екен. Сұрау керек.

  3. Құрметті Отандастар!
    Менің ойымша, біздің ата заңымызға бір толықтыруды еңгізуіміз керек, ол мынандай шетелдегі қазақ қандастарымыз Қазақстан республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртібімен алады деп жазу керек. Мысалы Арменияның ата заңында осылай жазылған. Егер де менде билік болса мен міндетті түрде осы толықтыруды ата заңымызға еңгізетін едім. Тіпті шетелдегі қазақ қандастарымен байланысты нығайту үшін Диаспора министрлігі керек деп есептеймін.
    Біз қазақтармыз, біз қай жерде болмасақ та, қандай жағдай да болмасақ та әрқашанда қазақ болып қала беруіміз керек. Ғасырлар бойы көп жаулар елімізді жаулап алғысы келген, бірақ біз өзіміздің тілімізді, ділімізді, мәдениетімізді, біздің қазақи тұқымымызды, генімізді сақтап қалдық, өйткені біз әуелі ұлттық рухты сақтап қалдық. Рухы биік халық ешуақытта жоғалмайды, жойылмайды.
    Біздің тарихымыз бұл еркіндікке және тәуелсіздікке әкелген қиын әрі ұзақ жол. Еркіндік пен егемендік өте қымбыт түседі. Еркіндікке қол жеткізу үшін қымбат бағаны төлеу керек.
    Жер бетінде көп халықтар қарулы күрес, ұлт азаттық көтеріліс, көп жылдық соғыс арқылы егемендікке және еркіндікке қол жеткізген. Құдайға шүкір, біздің еліміз Қазақ Республикасы бейбіт түрде егемендік алды. Мүмкін бұл тарихи әділ де шығар, өйткені ашашылық, соғыс, саяси құғын сүргін, қантөгіс көріп біз өзіміздің төлейтін бағамызды ертерек төлеп қойғанбыз.
    Біз тәуелсіздігімізді алған кезде бізде дамыған өнеркәсіп пен ауылшаруашылық болған, ұлттық ғылым жүйесі қалыптасқан, ұлттық білім мен мәдениет саласы қарқынды дамыған. Бұның бәрі әрбір мемлекеттің егемендігінің іргесі. Көп елдер өзінің тәуелсіздігін жариялағанда бұның ештеңкесі болған жоқ. Бұны бағалай білу керек. Тәуелсіздік біздің мемлекетіміздің тарихын және халқымыздың тағдырын түпкілікті өзгерітті. Бұл өзгеріс біздің алдымызда аса жауапты жаңа тарихи міндет қойды, ол дербес, ұлттық, өркениетті, қазақ халқының мүдделеріне сай мемлекетті құру. Бұл міндетті біз дұрыс атқаруға тиістіміз.
    Енді біз ешқашанда өз мемлекетімізден бас тартпаймыз. Біз көп күткен, әрең қол жеткізген егемендігімізді сақтау үшін бәрін істейміз. Туған жеріміздің бір де бір сантиментірін біз ешкімге бермейміз. Ғасырлар бойы көптеген ұрпақтар аңсаған еркіндікті біздің халқымыздан ешкім тартып ала алмайды.
    Тек қана өзіміз қазақтар, ел болып, өзіміздің тағдырымызды шешеміз, өзіміздің даму жолымызды таңдаймыз. Ешқайжақта Шығыста да, Батыста да, Оңтүстікте де, Солтүстікте де бізді түзе бүктіре алатын күш жоқ. Мен осындай ұстанымдар мемлекеттік саясатының негізінде болу керек деп білемін және әрбір салада осы ұстанымдар арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу керек деп есептеймін.
    Қымбатты достар!
    Біз қазақтар үшін өзіміздің тағдырымызды билеу құқығы әрқашанда қасиетті болып саналады. Өкінішке орай ғасырлар бойы біз бұндай құқықтан айырылған болатынбыз. Сондықтан өзіміздің өмірімізді өзіміздің қолымызбен құру біз үшін өте мөте маңызды. Ең бастысы бізде өзіміздің қазақ мемлекетіміз бар. Бұл біздің үйіміз. Бұл елді біз өзіміз құрғанбыз. Біздің елімізде жаңа ұрпақ пайда болды бұл тәуелсіздіктің құрдастары. Біз бәрімізде есімізде сақтаумыз керек тәуелсіздік бұл тек қана экономикалық өлшем емес, сонымен қатар бұл рухани өлшем. Тәуелсіздік бізге рухани серпін берді, санамызға нұр шашты, жүрегімізге үміт берді және рухымызды күшейтті. Отанға шексіз сүйіспеншілік, оны қорғауға және көмектесуге даярлық бұл экономикалық категория емес, бұл жүректің қалауы және ақыл-ойдың қажеттілігі. Егерде біздің жастарымыз өздерінің жүректерінде туған жеріне махаббат сезімін жүрегінде сақтаса, егерде бұл сезім шын жүректен шықса, бабалардың терең генетикалық әрі тарихи зердеден шықса, онда біздің туған, сүйікті Қазақстанымыз тек гүлдене береді.
    Адалдық және әділеттік біздің мемлекеттік биліктің ұраны болу керек, ал нәтижелілік пен жаңартпашылық оның ең басты қағидалары болу керек. Бүгінгі таңда тәуелсіздік бізге қарапайым қазақтың мүдделеріне сай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік беріп тұр. Бізге еліміздің егемендігін сақтап қалу үшін нәтижелілі, ақылды, сауатты және жаңартпашыл, күшті әрі адал билік керек. Осындай билік болса біз мықты мемлекетті құратын боламыз, елімізде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз, отандық экономиканы дамытамыз. Күшті билік болса біз заң аясында өмір сүреміз, ал билікке күш беретін не, ол халықтың қолдауы. Халық билікті қашан қолдайды, деп білгіңіз келсе, менің ойымша, егерде билік қарапайым халықтың мүддесіне сай саясатты жүргіззе және елдің дамуын қамтамасыз етсе халық билікті сонда ғана қолдайды. Ал елдің дамуын қамтамасыз ету үшін билік нәтижелілі, ақылды, сауатты және жаңартпашыл әрі адал болу керек. Біздің елімізде күшті билік болса онда қарапайым қазақ азаматы бейбіт өмір сүреді, еңбек етеді, қылмыскерлерден қорықпай кәсіпкерлікпен айналысады, бұзақылардан қорықпай көшеде қыдырады.
    Сонымен қатар, бізге әлеуметтік мемлекет қажет. Әлеуметтік мемлекет арқылы біз бәріне жұмыс береміз, мыңдаған үйлер саламыз және жастарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді қорғаймыз. Әлеуметтік мемлекет арқылы біз бюджеттік салада жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғайтын боламыз. Ешқандай мәселелерге қарамастан біздің мемлекет әрқашанда қарапайым қазақ азаматты қорғау керек деп білемін.
    Бізге әділеттік керек. Әділеттік арқылы біз қазақ қоғамның бөлінуіне жол бермейміз. Біреулер байып яхталарды сатып алып жатқанда, енді біреулер қоқыстың арасында өзіне тамақ іздеп жатқаны дұрыс емес. Біздің елімізде ешкім қайыр тілеп жүрмейтін болу керек. Қазақстанда әрқашанда бәрі адал және әділетті болу керек деп білемін. Ірі кәсіпорындарды, шикізат өндіретін кәсіпорындарды халыққа және мемлекетке қайтарып алу керек деп есептеймін, егерде Сіздер мені қолдайтын болсаңыз, бұл міндетті түрде жүзеге асырылатын болады.
    Әрбір қазақ азаматта жауапкершілік пен отаншылдық болу керек. Өзінің мемлекеті, туған жері үшін жауапкершілік. Өйткені біздің туған жеріміз біздің болашақ ұрпағымыздың мұрасы. Қазақстанның тәуелсіздігін қорғауға әрбір азамат өз үлесін қосуға тиісті. Диқанның егіндегі ерең еңбегі Отанымыздың азық түлік қауіпсіздігіне қосылған үлес. Ғалымның шығармашылық ізденісі Отанымыздың интеллектуалдық қауіпсіздігіне қосылған үлес. Кәсіпкердің өз қаржысын салып елімізде өндіріс орындарын ашу бұл Отанымыздың экономикалық қауіпсіздігіне қосылған үлес. Өз үйінде электрқуатын үнемдеу бұл да кішкентай болса да Отанымыздың энергетикалық қауіпсіздігіне қосылған үлес. Бұның бәрі тәуелсіздігіміздің нығаюына әкеледі. Осындай кішкентай болса да бірақ күнделікті әрекеттерден, Отанның тағдырына бей жай қарамайтындықтан ұлттың қүш қуаты қалыптасады.
    Қадірілі отандастар!
    Бүгінгі таңда қазақ қандастарымыз біраз шет мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Бірақ қазақ баласы қай жерде болмасын әрқашанда Отанның жағдайын ойлап, оның әрбір жетістігіне қуанып жүреді. Отаншылдық бұл тек қана жүректен шығатын сезім емес, сонымен қатар бұл Отан үшін жасалған саналы әрекет, бұны әрбір қазақ есіне сақтап жүру керек. Дүние жүзінде тарыдай шашылған қазақ халқының әрбір өкілі біздің ұлтымыздың бірлігінің кепілі, ал бұның негізі Отанға шексіз сүйіспеншілік. Отаншылдықсыз біздің халқымыз жаны жоқ дене сияқты болып қалады. Сондықтан біз бірлік, тұтастық және жалпыұлттық мәселелерді шешуге батылдық арқылы күшейе береміз.
    Әрбір жас қазақ, менің ойымша, ана тілімізді білу керек, себебі егерде адам өз ана тілін білмесе ол біріншіден өзінің ұлттық болмысын жоғалтып алады, екіншіден тұлға ретінде әлсіздеу болады. Мен әрбір қазақ сауатты, жігерлі және бәсекеге қабілетті болғанын қалаймын, сонымен ол еліміздің дамуына өз септігін тигізеді, ұлтымызды дамытаты, Отанның өркендеуіне көмектеседі.
    Қазақ Республикасы өз тарапынан шетелде тұратын әрбір қандасымызға көмек көрсету керек деп есептеймін, мысалы шетелде тұратын қазақ жастарды елімізде оқытып. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе қазақ ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, қазақ ұлттық құндылықтарды насихаттау керек деп есептеймін. Өзімнің атынан балаларын нағыз қазақ болып тәрбиелеген отбасыларға алғыс айтқым келеді. Ұлтты сақтау үшін әуелі тіл керек. Біз ана тілімізді, дәстүрімізді, ұлттық мәдениетімізді сақтап қалсақ қана біз ұлтымызды сақтап қаламыз, бұны есімізден шығармау қажет. Сондықтан бізге мемлекеттік тіл жылы керек.
    Қазақ Елі мен шетелдегі қазақтар береке бірлікте болғанда ғана қазағымыз күшті болады. Біз Қазақстанда күшейеміз егерде бізді шетелдегі қандастарымыз әрқашанда қолдайтын болса және шетелдегі қазақ қандастарымыз күшейтін болады егерде оларды егемен, мықты, дамыған Атамекені Қазақ Елі әрқашанда қолдайтын болса. Сондықтан мен шетелдегі қазақ бауырларымызды жалпыұлттық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға шақырамын. Қазақстанды қазақ диаспорасыз және қазақ диаспораны Қазақстансыз елестету мүмкін емес. Сондақтан еліміздің шетелдегі қазақ диаспораларымен қарым қатынастарын күшейте беру керек, ол үшін арнайы мәдени және білім беру бағдарламаларды жүзеге асыру керек, елімізге келем деген қандастарға көшуге көмектесу керек, осы жұмысты Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және Үкімет сапалы атқару керек деп есептеймін.
    Құрметті шетелдегі қазақ бауырлар!
    Сіздерді Отанымызға жиі келіп тұруға шақырамын, Отанымыздың жетістіктерне куәгер болыңыздар, еліміздің алдында турған мәселелерді шешуге әкелетін өзіңіздің ұтымды ұсыныстарыңызды, салиқалы пікіріңізді айтыңыздар, бұл бізге керек. Отанның игілігі үшін аянбай еңбек етіп жатқан әрбір шетелдегі қандасымыздың айтқанына біз зер салуымыз қажет.
    Ардақты ағайын!
    Біздің қасиетті Отанымыз біздің алтын қазығымыз, қуанышта да, қайғы да да, жеңіс күндерде де біз қазақтар әрқашанда Отан аясында бірігеміз. Сондықтан жер бетіндегі бүкіл қазақтар бәріміз бірігіп Отанымыздың гүлденуі үшін жұмыс істейік!.
    Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, өмірлеріңіз нұрлы болсын бауырлар!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар