Атырауда ХІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресей Каспий аймағы мұнайын игеруде жаңа технологияға сүйенуі қажет екенін, сондай-ақ, “Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптес, одақтас, тату көрші болған, әлі де солай, әрқашан солай болып қала беретінін” айтқан.
Балама табиғи қуат көзінің болашағына сенбейтінін айтқан Назарбаев “мұнай мен газ Қазақстанның басты жобасы” болып қалатынын, “Шикізат елдері атанудан қорқудың қажеті” жоқ деді.
Форумда Қазақстан үкіметі мен Ресейдің үкіметі арасында Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу және пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге ресейлік тараптан “Росатом” атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко, қазақстандық тараптан Энергетика министрі Владимир Школьник қол қойды.
PS: Бұл атом зардаптарынан енді-енді көзі ашылып келе жатқан қасаң халық үшін тағы бір қара бұлт төніп келе жатқанының жағымсыз хабары болмаса игі…
дерек көздері: news.nur.kz/ және azattyq.org
Парақшамызға жазылыңыз
Ядролық қарудан бүткіл дүние жүзінің алдында бас тартып алып, АЭС салатын мемлекет ретінде тағы да дүниені дүр сілкіндірдік. Атом ыдыраған кезде пайда болған тізбекті реакцияны қоздыру, қолымыздан келгенімен, оны тоқтату ешкімнің қолынан келмейді. Жоқ жерден шоқты түртпей жүре алмаған сайқал саясат-ай. (ФБ-дан)
Объект Шығыс Қазақстан облысындағы әйгілі Курчатов қаласының маңына орналасуы мүмкін – деді біздің министр.
Бірқатар “жағымды” жаңалықтардың арасында білінбей өтіп кеткен жаңалықтардың ең қорқыныштысы осы боп тұр.… (ФБ-тен)
неге атом электр стансияларын кайта жаңартпақ онда еліміз қайталдан улаған ауа жұтат екенго, осы тағы жерімізді сатып жібергеннен саумызба өзі Ресейге