Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев елдегі тарихшы ғалымдармен өткен кездесуінде Ресей Президенті Путинмен болған әңгіме жөнін айта келіп, “Мен Путинге географияда, оның ішінде орыс жерінде жер-су атуларының дені түркі тілінен шыққанын айттым. Мысалы, Байкал – “бай көл” деген сөзден шыққанын, Саратов – Сары тау деген мағынаны білдіретінін айтып бердім. Ол күлді де: “Жарайды, сөздің төркіні сіздерден шыққан екен, бірақ ол жерлерді қайтаруды өтінбеңіздер, деді”,- деген.
Атамбаев айтыпты…

Соңғы жазбалар
Атырау қаласындағы «Yemaa» замануи мәдениет орталығында «Atyrau Faces» фотокөрмесі ашылды. Көрмені «Golden Steppe Explorers» Қоғамдық қоры
Фото: спортты дамыту дирекциясынан Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтіп жатыр. Осыдан
Фото: ЖИ Өткен жұма күні Президент бірнеше мәселеге қатысты заңға өзгеріс енгізуге қол қойды. Жаңа өзгерісте
Фото: pixabay Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар
Шығарылымның алғашқы бөлімін арнамыздан тамашалай аласыз. Бақытбек Бәмішұлының “Ащы жас араласқан ана сүті” атты әңгімесімен танысуды
2025 жылдың басынан бері 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осылайша, 1991
2025 жылдың мамыр айы қазақстандықтар үшін мерекелер мен демалыс күндеріне толы болмақ. Бұл айда елімізде үш
Фото: спортты дамыту дирекциясынан Тайланд астанасы Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күні ұлттық
Фото: спортты дамыту дирекциясынан Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы
Фото: спортты дамыту дирекциясынан Дзюдодан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қоржынымызға бір қола
“Орынбор” атты өлеңімді осы жерге орналастырып қойсам орынды екен:
Біз мықтан, сақтан, ғұннан басталамыз,
Киіз үй, киелі ошақ баспанамыз.
Талайды тәнті еткен салтанаты,
Болыпты небір сарай, тас қаламыз.
Отырар ол бір ғажап жатқан аңыз.
Іздері жарқырайды басқан абыз.
Барында оралыңның орап өтіп,
Айтуға ақиқатты жасқанамыз.
Күн сайын сұлу сөзге мас боламыз.
Баласын, барын сатқан масқарамыз.
Алтын күн астындағы, алтын басқан
Көзінде көбеңдердің жас қараңыз.
Өседі кімге қарап жас баламыз,
Өзгенің ілімімен басқарамыз.
Қой жүнін қораш көріп, ал біреудің
Бөстегін жидіп кеткен жастанамыз.
Халал мен харам болды асханамыз,
Оймақтай орын тимей баспанамыз.
Орысқа ордамыздан ойып берген
Орынбор ол да біздің астанамыз.
Осыны білмей ме екен түн жүрегі.
Бір иттер терістіктен күнде үреді,
Сарытау, Баран ауыл, Түмен, Омбы
Алаштың ата жұрты кім біледі?
Қозғама, Алаш еспен аштаразбыз.
Бәжектеп батыс десе бас саламыз.
Әр елдің қорымынан құрастырған,
Әдемі Астана ғой бас қаламыз.
Адамдық Астанамыз ақ, қарамыз,
Іштегі шерді соған ақтарамыз…
Алайда, бәрін қойып
Орынборға
Апарар аламанда ат қараңыз!
28.05.2014ж
Осы Атамбаев алаштың тарихын алаштан артық біледі екен. Қазақ Елі Алтын Орда мемлекетінің мұрагері екенін айтып салды.