//

Қабыкей Ақымерұлы, қазақ қайраткері

1370 рет қаралды
3

Recovered_JPEG Digital Camera_11050.jpg 1Қазақтың аса дарынды өнер қайраткері, музыка зертеушісі, дәулескер күйші, композитор, шебер дирижер Қабыкей Ақымерұлының өмірі мен өнегесі өскелең ұрпағына үнемі үлгі болып, қайталап жаңғырып, олардың жадында мәңгі жасай береді,- Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Күй
    (Қабыкей Ақымерұлына)

    Көкейінен күмбірлі күй өрілген,
    Қаймананың қайғысын түйе білген.
    Сара ала қаз сұңқылдап, жалғыз аққу
    Азалы үні өтеді сүйегіңнен.

    Күрті тентек көпіріп күркіреген,
    Үйір-үйір жылқыны-ай дүркіреген.
    Ақиықтай асқақтап саңқылдаса,
    Ақ жаңбырдай арындап сіркіреген.

    Бәйбішенің биіндей былқылдаған,
    Бұлағындай Бұлғынның сылқылдаған.
    Күрпілдетіп келіннің кесте тігіп,
    Инесінің ізіндей жылтылдаған.

    Ай қасқасын жамбымен сүрмелетіп,
    Ақ кежімін шашақтап, бүрмелетіп.
    Бозжігіттер өткендей бебеулетіп,
    Қызды ауылдың сыртынан түнделетіп.

    Апай төсін аруға түймелетіп,
    Қыз-бозбала қасына үймелетіп.
    Естіген жан отырар есі кетіп,
    Әр бір түрлі әдемі күйге кетіп.
    19.04.2008ж.

  2. Қабыкей деген атақты күйші ол кісінің “Күрті тасқынын” айтсаңшы! Деген сөздерді халық арасынан көп еститін едім және сол күйді тыңдағанда расымен Күртінің жағасында тұрғандай әсерге бөлеп керемет жігерлендіріп, серпітіп, сергітіп жіберетіндігін несін жасырайын! Жаны жанатта болсын!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар