/

Қазақ мемлекеттігіне 550 жыл. Назарбаевтың Путинге жауабы осы болды

739 рет қаралды
1

Кешеден бері фейсбуктегі басты тақырыптың бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы активімен кездесуі барысында Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын тойлауды ұсынуы.

1920403_731847370224023_6677430995713082050_n – Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Естеріңізде болса, Ресейдің саясаткерлерімен қоса, президенті Путиннің өзі «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған» деп қадап айтқан болатын. Алайда, бұған қазақ қоғамы біршама шамданып тулағанымен, биліктен ешқандай реакция байқалмаған еді. Бірақ, Елбасы Путинге жауапты осылай берген жөн деп шешкен сыңайлы. Мемлекеттігіміздің тамыры тереңге кететіндігін осылай дәлелдемесек, өзгелердің ақпараттық шабуылына ұшырай беретін сындымыз. Бұл біздің рухымызды әлсіретіп, ұрпағымыздың намысына тиері анық. Сол себепті ел рухын көтеретін ірі шараларды қолға алған ләзім.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Қазақ жоқтан пайда болды дегендердің көмейіне құм құйылды. Ендә оны да көп көретіндер бар. Бекем бол, елім! Сенің тарихың 550 емес одан да ары жатыр. Әзірше мұғанда тәубә! Бізге аю мен айдаһар не көрсетпеді. Әліде тісін қайрап отыр. Осыны ұмытпа, елім-жұртым.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар