/

Қазақ журналистикасында ізденіс жоқ

854 рет қаралды
2

e Есенгүл Кәпқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 1994 жылы еларалық “Шалқар” газетінен бастап, “Алтын бесік” журналында, “Би-Би-Си” радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған. 2008-2011 жылдары “Азаттық” радиосының “Қазақтар әлемінде” хабарын жүргізді. Қазақ тіліндегі тұңғыш “Тарлан” интернет газетіне басшылық етті. Бүгінде “Түркістан” газетінің журналистер тобының және “Мінбер” интернет порталының жетекшісі. 

2003 жылы президент Н.Назарбаевтың, 2004 жылы Білім және ғылым министрлігің “Алғыс хатымен” марапатталған. “Нұр Отан” партиясының дәстүрлі “Нұр Сұңқар” сыйлығының 2011 жылғы иегері. “Сөздің шыңы”, “Жырақта қалған тағдырлар” атты публицистикалық мақалалар жинағының авторы.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, 
“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы”
қоғамдық қорының президенті:

– Жаңа медианың мүмкіндіктері жайлы семинар-тренингтерді жиі өткізіп тұрасыздар. Бірде белгілі продюсер Баян Есентаева «Твиттердегі» парақшасында: «Бұл – тек ақша табудың көзі ғана» деп еді. Бұған не дейсіз?
– Біздің тренингтерден ақша табу мүмкін емес. Халықаралық қорлармен бірге жұмыс істегеннен кейін онда есеп беру ашық жүреді. Сондықтан әрбір жұмсалған қаражатыңа есеп беруің керек. Мәселен, мен қонақ үйде жататын болып келісіп, бірақ оған бөлінген қаражат игерілмей қалса, оны мен өзіме айлық ретінде жазып ала алмаймын. Заң бойынша біз ол ақшаны қайтарамыз. Тренингті өткізгеніміз үшін бізге болмашы ғана ақша төленеді. Оны өзімізге қосымша табыс көзі ретінде қосуымызға болады. Мәселен, осы жолғы тренинг ұйымдастырғанымыз үшін бізге төленетін ақша 1000 долларға да жетпейді.
– Сіздіңше, бүгінгі журналистің басты мәселесі қандай? Тілшілер неден ұтып, неден ұтылып жүр?
– Қазақ журналистикасында ең үлкен кемшілік – ізденушіліктің жоқтығы. Журналистер көбіне кабинеттен шықпайды, әлеуметтік желілер арқылы сауалнамалар жүргізеді. Сондай-ақ ғаламтордағы ақпараттарды пайдаланып, мақала жазып, өлі журналистиканы қалыптастырып жатыр. Бәріне топырақ шашқым келмейді, бірақ негізгі тенденция солай. Бізде мықты, өзінің жеке контентін қалыптастырғысы келіп жүрген журналистер бар. Мысалы, Қасым Аманжолдың Украинаға барып, өзіндік көзқарасымен бүкіл мәселені ашып көрсетіп, арнайы репортаж бергенінің өзі – үлкен жеңіс. Бірақ ондайлар аз.
– Өзіңіз білесіз, журналистер қауымы әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған. Не анда жоқ, не мұнда жоқ. Осы мәселені қалай шешуге болады? Үкіметтен қайыр бар ма өзі? 
– Журналистер ешқандай әлеуметтік топқа жатпайды. Оларға әлеуметтік тұрғыдан ешқандай көмек көрсетілмейді. Журналистің мәртебесі болу керек деген мәселені біреулер көтерді. “Алаш айнасы” газеті “Журналистке мемлекеттік қызметкер статусын берсек қалай болады?” деген сауал тастаған. Егер журналистке ондай статус берсе, онда ол тек мемлекеттің ғана сойылын соғатын болады, мемлекеттік қызметкердің этикасы аясында ғана жұмыс істейді. Ол сөз бостандығына кері әсерін тигізеді. Шет елде журналистер бай адамдар қатарына жатады. Себебі оларға төленетін қаражат жоғары және қызмет істейтін мекемелері журналистерді әлеуметтік жағынан қорғауға қауқарлы. Ал бізде ондай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Тек әкімдер үй берсе екен деген сұраншақтық психология қалыптасып келе жатыр. Одан шығу үшін журналистердің құқығын басқа қырынан қарастыру керек шығар. Тым құрығанда әлеуметтік жағынан билікке алаңдамайтындай болу керек.
– Оралмандар мәселесін бір кісідей-ақ көтеріп келесіз. Шет елден қайтқан қандастарымызға қандай да бір пайдаңыз тиді ме?
– 1990 жылы Монғолиядан келдім. Өзім оралмандардың ішінде болғаннан кейін көп нәрсені жақсы білемін. Осы мәселеде маманданған журналистпін деп айтуға болады. Бұл ретте сараптама бере аламын. Біз азаматтық заңның қайта қаралуына ықпал еттік. Сондай-ақ жекелеген адамдарға құқықтық тұрғыдан көмегім тиді. 2000 жылдары азаматтық мәселесі шешіліп, 2013 жылы қайтадан қиындап кетті. Соны “Түркістан” газетінде көтеріп, оның шешілуіне көп ықпал жасадық. Былтыр Талдықорғанда 100 отбасын көшіргелі жатқан жерінен министрлікке хат жаздық. Министрліктің хатшысы маған хабарласып: “Бұл мәселеге біз көмектесеміз, қандай көмек керек?” деп сұрап жатты. Сондықтан оралман мәселесінің шешілуіне ықпал еткен кездерім көп.
– Белгілі француз жазушысы Жан де Лабрюйер: «Қандай да бір ақпаратқа қол жеткізген газетші алаңсыз ұйықтауға жатады, түнде ол ақпарат борсып кетеді, сондықтан таңертең тұрғасын оны лақтыруға тура келеді», – депті. Шынымен, баспасөзге тықыр таянғаны ма? Бүгінгі баспасөз бәсекеге қаншалықты қабілетті?
– Бізде қазір бәсекеге қабілетті ақпарат құралдары бар деп айта алмаймын. Азулы, өз-өзін жақсы көрсететін басылымдар бар. Бірақ көп жағдайда газеттер мемлекеттік тапсырысқа тәуелді. Қазір ақпаратты бір қолға шоғырландыру – бәсекеге қабілеттілікті жояды. Бәрі бір қазаннан ақша алғаннан кейін “мен анадан артық ақша алуым керек” деген талпыныс жоқ. Сондықтан бұл демократиялық, нарықтық заманда дұрыс қадам болды деп айта алмаймын. “Нұр-медиа” ақпарат құралдарын холдингтендіру: ортақ өгізден оңаша бұзау артық па?” деген тақырыпта сауалнама жүргізіп, пікірсайыс өткізгенбіз. Бірақ бұл біздің басшылықтың шамына тиіп кетті. Ақпарат құралдарын бір шаңырақ астына жинап, холдингке айналдыру дұрыс емес. Сондықтан бізде қазір бәсекеге қабілетті ақпарат құралдары азайып бара жатыр. Күн өткен сайын өзге елдерде дамыса, бізде керісінше кері кеткені байқалады.
– Қоғам, ұлт жанашыры ретінде сізді қазіргі қазақ жастарының қандай мәселелері алаңдатады?
– Жастар немқұрайлы. Сен ұлт ретінде өзіңнің құқығыңды талап етпесең, ертең бәсекеге қабілетті бола алмайсың. Өлі мемлекеттің біріне айналмау үшін біз күресуіміз керек. Жастар белсенділік танытуы керек. Бірақ осы жағдайға, біріншіден, жастар өте немқұрайлы қарайды. Екіншіден, мұнда ата-аналардың да кінәсі бар шығар. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жастардың ішінен ана тілінде сөйлей алмайтындарын көресің, өзінің ұлттық құндылықтарын бағаламайтындары бар. Елінің ертеңгі тағдыры оны толғандырмайды. “Маған бәрібір” дейтін ұрпақ – үлкен дерт. Ол намыстануы керек, алаңдауы керек. Сол кезде ол биікке көтеріледі. Ал немқұрайлылық өлтіреді.
– Жастардың әлеуметтік желілерге шектен тыс әуестігі оларды шынайы өмірден алшақтатып жіберген сияқты. Сіздің ойыңызды білсек.
– Шек қойып, бақылау жасау керек. Ең жаманы – жастар компьютерді дұрыс білімге пайдаланып жатқан жоқ. Тек қана танысудың, тағы басқаның құралы ретінде қолданады. Оның соңы өкінішке апарып жатқан жағдайлар бар. Мысалы, Талдықорғанда агент арқылы танысқан қызды кездесуге шақырып, жеті жігіт зорлап, өлтіріп кетті. Бұл – әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланбаудың салдары.
– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұқбаттасқан
Сара ОМАРҚЫЗЫ, «Ақмешіт жастары» газеті

 

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Есенгүл Кәпқызының бірнеше семинарына қатысып Журналистика мамандығының қыр-сырын меңгеруіме айтарлықтай ықпал еткен еді. Сұхбатты оқып Есенгүлдің маман журналистер мен жастарға байланысты дұрыс пікір айтып отырғанына тағы да риза болдым.

  2. Құрметті отандастар!
    Ең алдымен, әр тұрғынның өз-өзіне және еліне деген сенімге ие болуын қамтамасыз етуге уәде беремін. Өзімізді және ой-өрісімізді айналамыздағы жақсы нәрселерге қарай өзгертсек – жақсы өзгерістерге қол жеткіземіз.
    Бастауында еңбек пен білім жатқан кезде, жолда кездескен еш қиындыққа қарамастан Қазақстан болашағы жарқын болатынына сенемін. Қабылданатын экономикалық шешімдердің ел дамуына, ұлт жағдайының көтерілуіне, азаматтардың материалдық жағдайының жақсаруына әсер етіп, адамдардың өмір сүргісі келетін, жұмыс істегісі келетін, оқығысы келетін орта құруына әсер етеді деп ойлаймын.
    Бай табиғи ресурстарымыз, еңбекқор да білімді халқымыз, мемлекеттің мықты саясаты арқылы еліміздің гүлденетінін дәлелдеуге дайынмын. Осы жұмысымда көпшілік тұрғындардың мені қолдайтынына, ұлттық мүдделерге жауап беретін саясатты ңске асыруға күш-қуатымыздың жететініне кәміл сенемін. Сонымен қатар, елімізде әділ сот пен жақсы басқаруды нығайту керектігін көрсетемін. Менің борышым – жеке өзім үшін емес, мемлекет игілігі үшін әсер ету.
    Республиканың дамуы өз қолымызда, біздегі күш-қуат, құрбаншылдық, отаншылдық халқымыздың саулығына негізделеді.
    Қазақстан халқы – оның ең басты да ең құнды мемлекеттік байлығы. Адам – ол экономиканың бастауы мен мақсаты. Сондықтан да мен адамның, отбасының, мемлекеттің теңдестірілген дамуын ең басты етіп көрсетемін.
    Кей кездері бізге білім мен тәжірибенәі жеткіліксіз болып қалуы себебінен, менің басымдылығым – білім жүйесі. Дамыған елдерде білім мен дана ой және олардың тиімді пайдаланылуы – ел өсуінің негізі.
    Ел мүддесінің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде халықаралық аренада оны нық қорғауымыз керек.
    Ең негізгі құндылығымыз – еркін, тәуелсіз, дамыған қазақ мемлекеті. Біз оны қорғаймыз. Басты мәселеміз – қазақ мемлекетінің егемендігі мен оның қорғанысы екенін әрдайым айтып жүрмін. Қосқым келетіні, қазақ мемлекетінің дамығанын қаласақ, Қазақстан халқының амандығын қаласақ, бұл жеткіліксіз. Бізге керегі, жоғары мемлекеттік лауазымнан бастап ең қарапайым жұмысқа дейін әр адам мемлекетке, ойына, шешіміне, іс-әрекетіне дербес қарап, өзін еркін сезіне білуі керек. Барлығымыз бірге еркіндік ауасымен тыныстайтын боламыз.
    Керей мен Жәнібек хандар құрған мемлекет көптеген ұрпақтардың күш-жігері арқылы халқымызды бүгінге жеткізді. Мемлекеттілігімізді нығайтудағы ата-баба ісін жалғастыруға міндеттіміз.
    Әр халықтың тарихы өзінше қиын. Біздің тарихымыздың қиын болып қана қоймай, үмітке толы болғандығына қуануымыз керек. Бүгінгі күні тәуелсіз және егеменді ел екендігімізді, аспан түстес байрағымызға мақтанышпен қарай алатынымызды айта аламыз. Бұл – тарихымыздың ең жақсы жетістігінің куәсі.
    Біздің тарихи жолымызда талай сынақтар, жеңістер мен жеңілістер, ауыр шығындар және жарқын үміттер болды. Осы жолда халқымыз өсті, нығайды.
    Қазақстанның ары қарай дамуы үшін адамдардың өз мемлекетіне деген сенімі мен біріккен еңбек қажет. Қазақстан игілігі үшін тер төгуге дайынмын!
    Қазақстанды біз өзіміздің жақын, сұлу адамымыздай жақсы көреміз. Өз сезімдерімізді жиі жасырсақ та, Отанымызбен бірге оның жетістіктеріне қуанамыз. Қиын кездерде мұңаямыз. Үміттерімізді ақтамаған кездері ренжиміз. Алысқа кеткенде сағынамыз. Қазақстанда болған кезде де, басқа жақтарда жүрген кезде де уайымдап, болып жатқан оқиғаларды қадағалауды тоқтатпаймыз.
    Жерді, халықты, отандастарды адам өзі таңдамайды. Қазақстан бізді таңдады. Сондықтан да біз осындамыз. Бізді таптады, бірақ езіп тастай алмады. Бізге оқ атты, бірақ құлата алмады. Бізді жаулап алды, бірақ бағындара алмады. Әр жерге тарап кеттік, бірақ біздің тамырымыз осы жерде.
    Қазақстан жаһандық экономикада әрекетшіл болуы керек. Қазақ мемлекеті өз дамуында бедел мен мақсатқа жету мүмкіндігіне ие болуы үшін, экономикамыз жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
    Болашақтағы Қазақстан еңбекқор, білімді, азаматтық жауапты және ұйымшыл халық өмір сүретін ақылмен басқарылатын, экологиялық, шығармашыл, әлеуметәк ұлттық мемлекет болады.
    Қазақстан – мықты халқы бар ел. ХХІ ғасырдың жаңашыл Қазақ мемлекетін құратынымызды білемін. Қазақстан басқа елдермен достық, ынтымақтастық, сыйластық негізінде байланыс орната алатын белсенді, инновациялы, шығармашыл және ұлттық ел болатынына сенімдімін.
    Барлық ойым мен ісімді осы мақсатқа арнауға дайынмын, себебі мен Қазақстанды сүйемін.
    Жаратқан иеміз Қазақстанымызға қолдау болсын! Жаратқан иеміз еңбегімізге демеу болсын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар