//

Шығармашылық бәйге: «Қазақ мемлекетіне – 550 жыл». Жүлде – 1 миллион теңге!!!

741 рет қаралды
2
031F98F4-A5D1-429B-99E3-A2102118F54E_mw1024_mh1024_s«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз». Мемлекет басшысы Астана қаласы активімен 22 қазандағы кездесуінде осылай деп күллі қазақ баласын қуантты. Яғни 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы Республика деңгейінде тойланатын болды.
Қазақтың ұлттық мәселесін, көші-қон проблемаларын, мемлекеттік саясатын үздіксіз жазып келе жатқан «Қамшы– qamshy.kz» ақпараттық порталы Қазақ елінің 550 жылдығына орай шығармашылық бәйге ұйымдастырады.Мақалалар бәйгесі:

Бас жүлде(біреу)    500 мың теңге      

Бірінші орын (біреу) 

Екінші орын(екеу)  

Үшінші орын(үшеу)  

Арнайы жүлде(бесеу)

Жыр мүшәйрасы:

Бас жүлде (біреу)            500 мың теңге

Бірінші орын   (біреу)

Екінші орын(екеу)   

Үшінші орын(үшеу)   

Арнайы жүлде(бесеу)

Шығармалар мазмұнына шектеу қойылмайды. Ең бастысы, шығарма «Қазақ елі кеше ғана пайда болған мемлекет емес» және «Мәңгілік салтанат құратын ұлы ел» дейтін ұғымды ұлықтауы тиіс. Бәйгеге қатысатын шығармалар «Қамшы» порталында жарияланады, жүлделі шығармалар жеке кітап болып басылып шығады.

Ескертпелер:

Шығармалар 2015 жылдың 1 науырызына дейін қабылданып, Ұлыстың ұлы күнінде қортындыланады.

Жеңімпаздарды қара қылды қақ жаратын әділ-қазылар анықтайды. Сондай-ақ, шығарманың жүлделі болуына оның сайттағы оқылымы мен пікірлер саны әсер етеді.

Бәйгеге қатысатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт.

Шығарма көлемі А4 форматында 5 беттен аспағаны жөн.

Шығармалар мына эл.поштаға жолдануы тиіс:    qamshy@gmail.com

Ұйымдастырушы: «Қамшы-ақпарат» қоғамдық оры

1BAED122-CFDC-4030-8EB6-6E1FE4588659_mw1024_mh1024_s

Демеушілер:

«Трилис» компаниясының Президенті                 Жеңіс Түркия

«Improtex» компаниясының Президенті               Ғылымхан Қалиұлы

«Мақсат» Шығыс клиникасы                                 Мақсат Әбдіқадыр

«Электронды жайнамаз» жобасының авторы      Алханбай Сатыбалды

«Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігі    Талапбек Тынысбек, Ерлан Төлеубай Және

«Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қоры,

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі,

«Қызай ана» қоғамдық қоры

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Қазақтың елдігі мен мелекеттігін насихаттауда бәйге ұйымдастырып үлкен іс-шараның ұйтқысы болып отырған Қамшы ақпараттық порталына және шараның демеушлеріне істеріне сәттілік тілеп, алғыс айтамын!

  2. Бәрекелді! Елдігімізді, мемлекеттілігімізді паш ететін бәйге ұйымдастырып отырған “Қамшы” сайтынның шығармашылық ұжымына және демеушілерге ризашылығымды білдіремін. Бәйге сәтті өтсін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар