//

МҰСТАФА ӨЗТҮРІКТІҢ ТУҒАНЫНА 60 ЖЫЛ

691 рет қаралды
1

mustafaЕліміз тәуелсіздік алысымен алыс-хақын шет елдердегі қазақтар атажұртқа өз үлесімді қоссам, соның бір керегіне жарасам, бір кірпіші болып қалансам деген ниетпен көптеп орала бастады. Олардың арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шққан, мыңда бір туатын небір дүлдүлдері бар еді. Солардың бірі һәм бірегейі Мұстафа Өзтүрік бауырымыз болды.

Мұстафа Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның КельнМюнхен және ТүркияныңСтамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді.2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында қойылған ескерткіші оның 60 жасқа толуына орай қайтадан жаңартылып ашылды. Елім деген ер есімі ел есінен мәңгі кетпейді. Мұстафа халқымен мәңгі бірге жасайтыны сөзсіз.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. қайран нагыз қазағым жаның жаннатта екенінде ешкімнің де таласы жок…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар