Келе жатқан жылымыз түркі жыл санауы бойынша «қой жылы». Бес түлік малдың ішіндегі ең бейуазы қой ғой. Қойдың сол мінезіне орай жылдың жұмсақ, жаңға жайлы, берекелі, ашуынан басуы мол, жылы болатынынан үміттенеміз. «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман» болар деп те дәмеленеміз. Қой жылы басталған қоңыр көшіміз қайта жалғасын тауып, қозғалар деп те күдерімізді үзбейміз. Сол қой жылы жеткен, Тәңірінің өзі атыс-шабыссыз елінің азаттығы, жерінің амандығы үшін сан жылдар күресіп өткен ата-бабаларымыздың қаны мен жанының өтеуіне сыйға тартқан Тәуелсіздігіміз осы келер қой жылы да тұғырын шыңдап, бекемдей түсетініне сенеміз. Тәңірім сол арман-тілегімізге жеткізгей!
Келе жатқан қой жылы «көк түсті қой» екен. Көк түс қазақ үшін аса жағымды өңнің бірі ғой. Көк түс кенересіз кең пейілдің, шетсіз-шексіз кеңістіктің нышаны. Бірліктің, берекенің, біртұтастықтың белгісі болып саналады. Соның үшінде Байрағымызды Көктен сайлағамыз. Көк түсті малды ерекше ұнатамыз. Әсіресе жылқының көгіне құмармыз: Тайбурыл, Тайқызыл, Күлтегінің «Алып шалшы ақ аты», Шыңғысханның «Үш қызылы», Ер Жәнібектің «Көкдөнені»… деген сияқты қазақтың ауыз әдебиетінде адаммен бірдей бейнеленген арғымақтарын ауыздан тастамаймыз. Көк қасқаларымызды Тәңіріне, ата-баба аруақтарына арнап құрбанға шаламыз…
Қой жылы алда, санаулы күндер емес, түркі жыл қайыруы бойынша ақпан айының басқы ширегінде өңі мен түсі, мінезі мен мәрттігі сәйкескен Көк Қошқар жылы жетуге керек. Ол туралы кең толғап, көсіле айтар әңгімеміз әлі де алда. Осы орайда тағы да бір ескерте кететін нәрсе, кейбір жұрт келе жатқан қой жылын «Ешкі жылы» жылы деп адастырып жүр. Түркі жыл санауында «ешкі жыл» деген атымен жоқ. Егерде келе жатқан жыл «ешкі жылы» екен деп жылдың табиғатын, болмысын соған байланысты жорысаңыз мүлдем қателесіп кететіндеріңізді ескерткіміз келеді. Сондай ұлтық танымнан ада жаңсақтықты көзіміз шалып қалды. Бұл үлкен адасушылыққа ұшыратады. Алданып қалмаңыздар. Келер жыл «қой жылы», «ешкі емес». Ал мына санаулы күннен кейін кіретін 2015 жыл, бұл табиғат жаратылысымен байланысты ғылыми негізі жоқ, тек күнтізбенің реткі ауысуы ғана. Уақыт өлшемі. Сондықтан Қой жылы келіп қойды екен деп қалмаңыздар. Ескі-жаңа жыл санауымызда бір ай астам уақыттық айырмашылық барын есте тұтқанымыз абзал. Жыл қайырудан жаңылсақ бүкіл жұлдызнамамыздан қателесіп кетеміз. Қазақ тәмсілінде «жылқы ойнақтап кіріп, ойнақтап шығады» дейтіні бар. 2015 жыл келгенімен Қой келе қойған жоқ.
Келе жатқан жаға 2015 жылдарыңыз құтты болсын!
Бурылалтай
Парақшамызға жазылыңыз
Ешкі жылы деп жүргендерге кемелек тисін! Ешкі – қазақы ұғымға салсақ шайтанның символы!
Кеше баламды ертіп цирк бардым. Жаңа жыл келді деп ешкі жетектеп кіргенде жағамды ұстадым… Содан В.Алматы деген газеттен бір психолог сымақтың “ешкі” деп маңырап отырғанын “ақыл” айтып…
Адамменен ардақты адам күні,
Ал Алланың болмайды жаман күні.
Атақ емес, ақша емес тірлігіңде,
Бақыт екен басыңның Амандығы!!!
Жаңа жылда баршаларыңыздың бастарыңыздың амандығын тілеймін! Басқасы өздеріңнің қолдарыңда!
Көшпенділер жыл санауы бойынша биылғы Қой жылы қаңтардың 31-не келеді. Бұл жыл санау туралы алғаш хатқа түсіргендердің бірі Марко Поло. Қой сойыуға болады. Әйтсе де, қой жылғыларға киелі болатын жағдайлар бар… Қой жылғы туылғандар осы жылда көбірек үйленеді. Және бұдан бұрын үйленген қой жылғылардың шаңырағында ұрыс керіс шығу ықтималы мол болады.Кіріс мол болатын жыл. Жылдың кие құты Сүмбіле жұлдызына тұрақтайтын себептен, қарсы жұлдызындағы адамдарға сақтық қажет. Сол себептен, әлемде үлкен үлкен өзгерістер күтіледі. Ойламаған жерден жаңа ұлыс, елдер пайда болады. Құрлық арасында алмасулар пайда болады….
Бір мүшел жыл
(Балаларға арналған тақпақ)
Тышқан деген оңбаған,
Шиық-шиық етіп қоймаған.
Мысықтарға айтыңдар
Дән ұрласа қамбадан.
Ай мүйізді сиырым,
Зеңгі баба түлігім.
Сүт пен айран береді
Сумен шыққан бүйірің.
Мысық құйрық барысым,
Жыртқыш аңсың, тағысың.
Дала кезіп, аң аулап,
Бөліп жейді табысын.
Ұзын құлақ қояным,
Көжегіңді бағамын.
Қашса жүйрік, қорқақты
Қайдан іздеп табамын?
Кіп-кішкентай ұлуым,
Қызықтаймын қылығын.
Қабыршақты жамылып,
Аспай-саспай жүруін.
Жылан көрсең тиіспе,
Түсі суық жіңішке.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Өрмелейді биікке.
Қамбар ата түлігім,
Жылқы ем ғой қымызың.
Атам берген бәсірем
Кісінеген құлының!
Шопан ата түлігім,
Қозым тәтті қылығң.
Еті дәрі, сүті бал
Жүн-терісі киімім!
Ормандағы мешінім,
Маймыл екен есімің.
Адамдарға ұқсар ең
Құйрық екен кесірің.
Тауық таңда оятқан,
Кешіктірмей сабақтан.
Қыт-қыт етіп жүреді
Тары теріп табақтан!
Итті әр кім біледі,
Үй күзетіп жүреді.
Адал досы адамның,
Қазынаның бірі еді.
Доңыз деген бір жылым,
Мақтау айту тым қиын.
Жоламаңдар маңына
Осы менің бұйрығым!
Он екі жыл осылар,
Кезекпенен жосылар.
Алты арам, алты адал
Бір мүшел боп қосылар!
01.01.2015-А.Бұқарбай