//

Желтоқсанның бірі – Қазақ халқы үшін ерекше күн

1878 рет қаралды
1

Nfan 2014Желтоқсанның бірі –  Қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл күн – әлем тарихында тәуелсіз Қазақ Елінің іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген халқының құрмет ретінде белгіленген Тұңғыш президент күні. 

1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлатан Әбішұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды. Ал 2011 жылы осы күнді Тұңғыш президент күні ретінде мерекелеу туралы заң қабылданды.

Елбасының Қазақ мемлекеті алдына сіңірген еңбегі 2011 жылы ел парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында айқын жазылған.

Онда: “Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты”, – делінген.

Дереккөзі: ИА “Казинформ”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Бостандық желі ескен желтоқсанда қазақтың баршаға мызғымас беріктігін паш еткен Елбасымызға мың да бір алғыс!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар