«Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасы жөнінде
АҚШ халықаралық дамыту агенттігі (USAID) «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» жобасын жүзеге асыруға 2,2 млн. АҚШ долларын бөлді. Жоба Қазақстанның барлық он төрт облыстарын қамтитын болады. Жобаны орындаушы: «Орталық Азияның Еуразия қоры» (ОАЕҚ).
Жоба төрт жыл бойы үкіметтік емес ұйымдар үшін көпфазалы гранттық бағдарламаны ұсынады, тиімді басқару бастамаларын ілгерілету үшін инновациялық тәсілдерді анықтап, кеңейтуге негізделген.
Жоба кезеңінде ауылдық және аса танымал емес үкіметтік емес ұйымдарға грандтты ұтып алу үшін қолайлы жағдайлар туғызу басты назарда болады.
Жобаның мақсаты институционалды тиімді мемлекеттік басқару аумағында ұсынылған бастамаларды ілгерілете отырып азаматтық қоғамдар мен мемлекеттік органдардың жүйелі түрде біріге жұмыс жасауын, нақты мемлекеттік қызмет көрсету салаларында ұзақмерзімді оң шешімдер туғызатын, құқықтық жүйелердің элементтері немесе саясаты, механизмдері мен процесстері, бағыты мен саласына ешқандай тәуелділігі жоқ (мысалы: бiлiм, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қалалық/ауылдық инфрақұрылым, гендерлік саяат, жасөспірімдер, экология мен басқа да ұқсас бағыттардың барлығы) бастамаларды қолдауға бағытталған.
Жобаның мақсаты:
- Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру;
- Әлеуметтік және экономикалық саясаттын әзірлеу және іске асыру
- Үкімет, азаматтық қоғам мен бизнес арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орната отырып заңнама мен процестерді жетілдіру.
Жобаның бөлімдері
Бірінші бөлім: Жобалық идеялар/тұжырымдамаларды қарастыру
Кешенді өтінім жазуға барысында көп уакыт жоғалпас үшін, байқауды ұйымдастырушылар, алғашқы кезеңде тек жобалық/тұжырымдама идеясы байқауын алғашқы кезеңде қарастырып отыр.
Жобаға қатысушының тұжырымдамасы, міндетті түрде 1-3 парақта, ұсынылған формаға сәйкес толтырылуы тиіс. Толық мәліметті www.ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz сайтынан оқи аласыздар.
Тұжырымдаманың формасы жобаның негізгі, қысқаша ұсынылған идеясын, ол жерде мақсаттары мен оның шешімдері, бірінші фазада қысқамерзімде көрсете алады деген нәтижесі мен одан ары қарай екінші фазада даму перспективасын көрсетеді.
Форма концепции представляет собой основную кратко изложенную идею проекта, в которой содержатся цели и задачи, ожидаемые краткосрочные результаты в рамках первой фазы и перспективы дальнейшего долгосрочного продолжения в рамках второй фазы (1 Қосышаны қараңыз).
Табысты тұжырымдаманы оның өзектілігі, инновациясы мен перспективасы болған жағдайда ғана, тұжырымдама, толыққанды жазылу үшін екінші іріктеу бөлімге жіберіледі. Ұсынылған формаларды дұрыс толтыру үшін, ОАЕҚ толық нұсқаулықты ұсынып отыр. Егер, ұмынылған тұжырымдама толық жазылмаса немесе басқа да бір форпмаларға қарап жазылса ОАЕҚ ол тұжырымдаманы Грант комитетінің назарына ұсынбайды. Барлық келіп түскен тұжырымдамалар, ОАЕҚ тіркелетін болады, содан кейін ғана Грант комитетінің мүшелерінің назарына ұсынылатын болады.
Жобаға қатысушылар өз жобаларының мәртебесі туралы ақпаратты 2015 жылдың ақпан айының ортасына қарай білетін болады.
Екінші бөлім: «Кішігірім» жобалардың жүзеге асуы үшін үздік тұжырымдаманы қарастыру
Ең үздік тұжырымдама ұсынған жобаға қатысушылар, өз инновациялық жобаларының жүзеге асырылуы үшін, өтініштерін толықтап, ашып жазу үшін қайта шақыртылады. Өтініштерін ашып, толықтап ұсынған жеңімпаздар 8 – 12 ай аралығында, 10 – 25 мың АҚШ доллар көлемінде қаржы алады (Қазакстан бойынша 15 грантқа жуық).
Үшінші бөлім: Жобалық іс-шаралардың көлемін арттыру
«Кіші» грандттар жобасының аясындағы жеңімпаздар 2015 жылдың аяғында 4-5 ең жемісті кіші-гірім грант алушылар, өздерінің жобаларын кеңейту үшін көлемі, шамамен 200 мың долларды 2 жылға дейін ала алады.
Грандттық бағдарламалар туралы толық ақпаратты келесі сайттардан оқи аласыздар: www.ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz
Жобаға кім қатыса алады?
Жергілікті коммерциялық, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби және бизнес-ассоциациалвр, зерттеу орталықтары мен басқа да Қазақстан аумағындағы коммерциялық, үкіметтік емес ұйымдар.
Республикалық маңызы бар қалалардан (Астана мен Алматыдан тыс) тыс орналасқан ұйымдарға, сонымен қатар мемлекеттік сектордың өкілдерімен серіктестікте болатын жобаларды орындауды тұспалдайтын жобалық өтінімдерге айрықша мән беріледі. Байқау кезінде жеке тұлғаларда өтінім бере алады, егер ол тұлғаның жобасы көңіл толарлықтай болса, онда, ол тұлға ҮЕҰ боп, немесе тіркеуі бар, толыққанды жұмыс жасап жатқан ҮЕҰ мен әріптестік қарым-қатынас құрып, сол ұйымнын атынан өтінішін ұсынуды сұраймыз.
Қаржыландыруды тек тіркеуі бар заңды тұлға ғана ала алады.
Тұжырымдамаларды/жобалық идеяларды бағалау критерийлері
Жобалық өтінімдерді медиа және акамемиялық ортадағылар, үкіметтік емес ұйымдардан, мемлекеттік сектордың өкілдерінен құралған тәуелсіз грант комитеті төменде көрсетілген критерийлерді ескере отырып баға беретін балады:
1 | Жобалық идея мемлекеттік органдардың қолдауымен және олармен серіктестікте орындалады | 15 % |
2 | Жобалық идея халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну, мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық саясатты құру мен жүзеге асыру және заңнамалар мен үдерістерді жандандыру аумағындағы тиімді басқаруды қағидаларын қоғамның үш секторы – мемлекет, азаматтық сектор және бизнестің тығыз өзара қарым-қатынасы мен тиімді серіктестігі арқылы алға жетелейді. | 20% |
3 | Жобалық идея ел/облыс үшін маңызды | 15 % |
4 | Жобалық идея таңдап алынған аймақта сапалы, ұзақ мерзімді, жағымды нәтижелер мен өзгерістер әкелуі мүмкін | 10% |
5 | Жобалық идея инновациялық ықпалдықтарды ұсынады | 10% |
6 | Жобалық идея шындық және жүзеге асырылу үшін нақты жоспары бар | 15% |
7 | Жобалық идея көлемнің және мультипликацияның әрі қарай ұлғаюына мүмкіншілігі бар | 15% |
Өтінімдерді ұсыну рәсімі
- 1 Қосымшаны «Тұжырымдама формасы» (ef-ca.kz және www.ngoexpert.kz, сайтынан форманы көшіріп алуға болады, немесе Раушан Кенжетаеваның raushan@ef-ca.org электрондық поштасына жазып, сұрауға болады).
- Өтінімдер орыс немесе қазақ тілдерінде жазылуы керек
- Орталық Азияның Еуразия Қоры сапалы өтінідерді күтетіндіктен, қатысушылар
- Өтінімдеріңізді konkurs@ef-ca.org электрондық адреске «Өтінім ТБҚБ_Сіздің ұйымыңыздың атауы»
raushan@ef-ca.org немесе + (727) 250 18 10 телефоны арқылы жоба бойынша барлық туындаған сауалдарын қоя алады. ОАЕҚ жумыс істейтін уақыты дүйсенбі – жұма күндері, саған ертенгі 9.00 ден 18.00 дейін, түскі үзіліс 12.30-13.30 дейін.
2015 ЖЫЛДЫҢ 20 ҚАНТАРЫНДА ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ/ЖОБАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ (Астана уакыты бойынша сағат 18:00)
Парақшамызға жазылыңыз