//

Гер-Аға, қазақ жерінің топырағы Сіз үшін мамық болып төселінеді!

1424 рет қаралды
6

belger172014 жылдың 7 ақпанында қазақтың қабырғалы жазушы-қаламгері, аудармашы Герольд Бельгер ақсақал Алматы қаласында қайтыс болды.  Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, 60-тан астам кітаптардың және 2 мыңнан астам әртүрлі мақалалардың авторы 81 жаста еді.

Гер-Аға, қазақ жерінің топырағы Сіз үшін мамық болып төселінеді! Сіз Күнмен бірге жасайтын қазақпен мәңгі бірге боласын! Сіздің Рухыңыз Алаш баласын алты қабат аспанның арғы жағынан қолдап тұратына Біз кәміл сенеміз. Ордаңызда болдым, қолыңыздан дәм таттым, Шоқан ескерткішінің түбінде жарты сағаттап кеңесіңізді тыңдадым, “Чойбалсан, келдің бе?” деуші едіңіз жылы жымиып. Жақсыдан естіген бір ауыз жылы сөздің құнына баға жетпес! Жаныңыз жаннатта болсын, Гера-Аға!

Mінбер интернет газеті ұжымы, Бақытбек Бурылалтай, Сіз үшін “Чойбалсан”-нан, Бақұл болыңыз! 

17-42,07.02.2015 жыл,

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Герольд Бельгердің дүниеден өткенін енді естіп отырмын. Герағаң қазақты қазақтан артық жақсы көрді. Қазаққа шын мəнінде жаны ашыды. Жақсылығына сүйінді, жамандығына күйінді. Қазақтың ішкі жан дүниесін Герағаң көп қазақтан артық түсінді. Ол кісінің бір жазғаны бар еді: “бала күнімізде шешелеріміз бізге күлше беруші еді. Күлге көміп пісіретін. Қарны аш балалардың аш құрсағын жұбату үшін оны шала-шарпы пісіріп, шикілі пісілі қолымызға ұстататын. Қазіргі қабылданып жатқан заңдар маған сол күлшені елестетеді” деп. Маған берген бір сұхбатында: “Мен Ертісбаевті Иртышбаев деймін. Ол өзін еш уақытта қазақпын деп есептемейді. Қазақтың жан жүрегін ешуақытта түсінген емес. Сол себепті ол Ертісбаев емес, Иртышбаев” деген еді. Бір жылдары “Түркістан” газеті не жыл жабар нөмірін, не жыл ашар нөмірін Герағаңның сұхбатымен ашып жабатын үрдіс қалыптастырған еді. Сол сұхбаттардың бəрін де мені үйінде қарсы алатын. Герағаңның жұмыс үстелінің артында отырып, талай əңгімелестім. Менің дауысымды бірден танитын. “А, сары қызым, келдің бе?” дейтін. Ең алғашқы сұхбатқа кешікпей баруға тырыстым. “Жайбасар қазақ” демесін деген едім. “Уақытында келдің ғой” деді таңғалып. “Қазақ емеспін ғой” деп ем, қарқылдап күлгені бар. Ойлап отырсам, ол кісімен таныстығыма тұп-тура бір мүшел болған екен. Алғашқы сұхбатымды Ерлан Кариннің қолдауымен ашылған “Тарлан” интернет газеті үшін жасаған едім. “Қойдың көп болғаны жақсы, əрине. Алайда екі аяқты қой көбейіп кете ме деп қорқамын” деп қойған едім атын. Бір барғанымда Мемлекеттік сыйлықтың комиссиясына ренжіп отыр екен. “Бұлар қазақтан өзгені қорасына енгізгісі келмейді” деді налып. Герағаңа қимаған мемсыйлық та талайлардың қанжығасына байланды ғой. Менің жолдасымды “Чойбалсан” дейтін.Герағаң соңғы жылдары сұхбат беруден бас тартып, денсаулығының сыр беріп жүргенін айтушы еді. Қаламгердің 80 жылдығында Түркістандықтар Герағаңды құттықтауға барыпты. Герағаң дəстүрлі сұхбатқа уəде берген екен. Амал не, оған шамасы жетпеді. Өмір көрген игі жақсының бəрі кетті. Ендігі ұрпақ қандай болар екен. Бақұл болыңыз, Гераға. Жаныңыз жаннатта болсын!

  2. Гер-аға, иманың жолдас болсын, топырағың торқа болсын. біз саған, Алматыда отырып топырақ сала алмадық. Сіз шығарып салу рәсімі Іуезов атындағы драма театрында қпанның 10 күні сағат 13-00 өтеді деп естіп, интернеттен оқыған едік. “Жай шығарғаны несі деген күдік те болған еді, күдігіміз алдамапты”. Бардық. Театр алды жым-жырт, әр жерде үйір-үйір, топтанған адамдар тұр. Біраз кідіріс жасап, театрдың есігін барып тарттық, жабық. “Акау, бұл қалай болды,ә?!”. Сонан кейін әлгі топтың біріне жақындап, сәлемдесіп, жөн сұрадық “Иттер, әдейі істеген ғой” деді бірі. “Адам көп жиылып қоятын болған соң, солай істеген де”,- деді екінші біреу… Сөйтек, 10-11 сағат кезінде Гер-Ағаңды осы жерден дшағын топпен алып кеткен екен… Жаның жаннатта болсын Гер-аға!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар