//

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

2402 рет қаралды
37

erdogan_Бұл Р.Т. Ердоғанның Түркия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ. Ол сапарында Астана мен Түркістан қалаларында да болады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрік елі басшысының сапары 16-17 сәуір күндеріне жоспарланған.  Түрік Республикасының Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары жоғары деңгейдегі саяси үнқатысудың жалғасы болып, тараптардың халықаралық аренада өзара белсенді әрекеттесуі және екіжақты қарым-қатынастардың әртүрлі сала бойынша ырғақты дамуы аясында жүзеге асырылмақ делінген агенттік хабарында.

Қазақстанның Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған ғимараттарының (университеттің медициналық факультеті мен студенттік жатақхана ғимараттары, намазхана, футбол алаңы) салтанатты түрде ашылуы жоспарлануда.

Парақшамызға жазылыңыз

37 Comments

  1. Қош келдіңіз, Эрдоган мырза. Біздің мемлекеттердің достығы ұзағынан болсын.

  2. Маған Елбасымыздың саясаты өте ұнайды,бізге барлық түркі халықтардың арасында жақсы қарым қатынас жүргізу керек деп ойлаймым.

  3. Түркия мен Қазақстанның достастығы жасасын! Бауырлас елдің бірлігі бекем, мерейі үстем болғай!

  4. Тәуелсіздігімізді алғаш мойындап, құттықтаған осы Түрік бауырларымыз емес пе?! Ендеше Ердоғанға қол келдің дейік!

  5. Екі елдің президенттері әріптестік-экономикалық бағыттағы маңызды құжатқа қол қоятын шығар деп ойлаймын. Іске сәт!

  6. Түркияда Кедендік Одаққа кірсе жақсы болар еді. Түрік фирмасының киімдерін арзан бағада алатын. Елбасымыз Кедендік одақ жайлы осы мәселені реттесе деп тілеймін.

  7. Ердоғанның беделі бар елбасы екені белгілі. Бірақ оның біздің мемлекет басшысымен кездесуге жасаған ұсынысынан бір гәп бар ма деп ойлаймын.

  8. Елбасымыз қашанда елдің қамын ойлап, қазақстанның дамуын бірінші кезекке қоятын жан ғой. Осы жолы да Ердоғанмен достық қарым-қатынас төңірегінде сөз қозғар деп ойлаймын.

  9. Екі елдің президенттеріне сәттілік тілеймін. Тілеулес Түркияға рахмет.

  10. Қазақстан Түркиямен сауда -саттық төңірегінде маңызды құжатқа қол қойып, екі елдің кедені ашылса ғой.

  11. Түркия елі Қазақстанға мол инвестиция салып келеді. Достығымыз берік болғай!

  12. Қош келдіңіз Ердоған. Түріктермен қазақтар бірігіп тарихи кино түсірде екен. Осыны ескерсеңіздер.

  13. Құшағымызды жая қарсы аламыз! Түркия халқы бізге әр дайым тілеулес болуда!

  14. В пред двери выбора, налаживание тесных сотрудничество с зарубежными партнерами укрепит положение нашего президента.

  15. Болашақ бүгіннен басталады деп Елбасы өзі айтып кеткендей, қазірдан бастап болашағымызды ойластырып жатқан көшбасшымызға алғысым шексіз

  16. “Қазақстан мен Түркияның ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының ұрпағы екені баршамызға белгілі.

  17. “1992 жылғы 2 наурызда орнатылған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел ара­сын­дағы достық пен бірлікке негізделген байланыстардан арна тартып, тұрақ­тылық сипатын­да­ғы стратегиялық әріп­тестік дең­гейіне көтерілді.

  18. Сыртқы дұрыс саясаттың арқасында өзге елдермен ынтымақтастық қалыптасуда

  19. Екі елдің президенттеріне сәттілік тілеймін. Тілеулес Түркияға рахмет. Түркия елі Қазақстанға мол инвестиция салып келеді. Достығымыз берік болғай!

  20. Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім оң шешімін табады деп ойлаймын.

  21. «2050 жылғы Қазақстан-барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет»

  22. Түрік елімен Қазақ еліңің достастығы нығая берсін

  23. Екі ел ынтымақтастығы арқасында рухани астанамыз Түркістан қаласы жаңарып, күннен күнге құлпырып келеді.

  24. Екі елдің басқа деңгейдегі байланыстары ды үдемелі түрде дамып,нығаюда.Мұның бәрі көп жағдайда бауырлас екі ел мүдделерінің тоғысуын көрсетіп отыр.

  25. Қазіргі таңда Қазақстан тарапы Қазақ­стан мен Түркия арасында 14 рейсті, ал түрік тарапы 12 рейсті орындайды.

  26. Қазақстан мен Түркия ара­сындағы темір жол магис­тра­лін жолға қою керек

  27. Олар жақын келешекте Қазақстан мен Түркия ара­сын­дағы сыртқы сауда көлемін 10 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуға бағытталып отыр.

  28. Сапар барысында Жоғары дең­гейдегі стратегиялық ынтымақ­тас­тық кеңесін құру және «Жаңа синергия» бірлескен экономи­ка­лық бағдарламасына қол қою көзделуде

  29.  екіжақты ынтымақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға және қол жеткізілген уағдалас­тық­тарды тиімді жүзеге асыруға жаңа серпін беретініне сенемін.

  30. Екі ел ара­сын­дағы 20 жылдық мерейтой шең­берінде ұйымдастырылатын Түркия Премьер-министрінің ресми сапары қазақ-түрік әріптестігінің тереңдеуіне бет алмақ.

  31.  Р.Т.Ердоған V Астана экономикалық форумына, сон­дай-ақ қазақ-түрік іскерлер форумына қатысады. 

  32.  Түркия Премьер-ми­нистрі Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға ресми сапарының маңызы зор.

  33. Халықаралық сараптау-талдау қоғамдастығы бүгінгі Түркия мем­лекетін барынша қарқынды даму үстіндегі және жаһандық дағдарысты табысты еңсеріп қана қоймай, экономикада белгілі бір табыстарға қол жеткізген, Еуропадағы экономикалық ахуалды жандандырған қозғаушы күш ретінде сипаттайды.

  34. сотрудничество с другими странами пойдут нам на пользу

  35. Бастапқыда көптеген әлем елдері еліміздің болашағына күмәнмен қараған да еді. Ал қазір керісінше. Қазақ елін құрметтеп, үлгі тұтатын дәрежеге жетті.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар