//

Ермек үшін ғана оқыңыздар: келесі президент кім?

909 рет қаралды

Қазақстан сияқты “тәуелді” мемлекеттің президент «сайлауының»ermekayeb нәтижелері көбінесе шетелдік астаналарда анықталады. Әзірше, сөз жүзіндегі дербес еліміз іс жүзінде Ресей қолшоқпарларының қатарынан орын алуда. Біздің сауда-саттық тәртібіміз әйел ішкі киімінен бастап, жеңіл автокөліктерге дейін Мәскеудің бұйрығы бойынша орындалады. Теледидарымыз орыс әскерилерін мен тыңшыларын мадақтаумен шұғылдануда. Әуе кеңістігіміз Ресейдің тікелей бақылауында. Сондықтан, жақын болашақтағы президент «сайлауының» сценарийі негізінен Кремльдің шешімі бойынша қалыптаспақ.

Солтүстік «достарымыз» үшін өмірбаян мен жеке қабілеттері бойынша президенттігіне ең тиімді үміткері – ҚР президентінің көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев. Ал, мәскеуліктер үшін премьер-министрлігіне ең қолайлы үміткері – Қазақ үкіметінің бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев. Қай себептен Кремль үшін дәл осы саясаткерлердің орны бөлек? Н. Ермекбаев – тәжірибесі мол әскери тыңшы, КСРО Қорғаныс министрлігі Генштабының атышулы ГРУ (Бас барлау басқармасының) офицері. КСРО, ал одан соң Ресей үшін Н. Ермекбаев өте сенімді әріптес болып табылады. 1984 жылы, 21 жасар Н. Ермекбаев португал тілінің әскери аудармашысы ретінде Республика Анголаға бір жылдық іссапарға аттанады. Есіңізде болса, Одақ тұсында шетел тыңшыларының арасында қазақтардың саны жоқтың қасы болған еді. Ұлтшыл мәскеуліктер осындай майлы шелпек «жұмысына» қазекеңдерді жолатпауға тырысты. Демек, ауызынан уызы арылмаған Нұрекеңнің мұндай құрметті қызметіне кірісуі – Кремль алдындағы ерекше сенімінің белгісі емей немене? Тыңшы мансабының осындай керемет басталуы КГБ-ФСБ-ГРУ ең таңдаулы қызметкерлерінің өмірбаянын елестетуде.

Мысалы, Ресейдің бұрынғы премьер-министрі, РФ Сыртқы барлау қызметінің (СВР) қазіргі жетекшісі Михаил Фрадков: 1973 жылы, 23 жасар М. Фрадков Үндістандағы КСРО елшілігінде инженер-аудармашы ретінде тыңшы қызметін атқарды. Өйткені, бозбала Миша КГБ ағылшын курстарын тәмамдап, техникалық аудармашының дипломын иеленді. Ресейдің шын жетекшілерінің бірі, «Роснефть» мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Игорь Сечин: 1982 жылы, 22 жасар Игорёк португал тілінің әскери аудармашысы ретінде Мозамбикке екі жылдық іссапарға жіберіледі. Ол да ГРУ офицерлерінің бірі. РФ президенті әкімшілігінің басшысы, ФСБ генерал-полковнигі Сергей Иванов: 1974 жылы, 21 жасар Серёжа ағылшын тілін зерттеу үшін Ұлыбританиядағы Илинг техникалық колледжіне бір жылдық курсына аттанады. ФСБ үгіт пен насихат генералитетінің мүшесі, тележурналист Сергей Доренко: 1982 жылдың маусымынан бастап, 1984 жылдың маусымына дейін әскери ұшқыштың ұлы, Қырымның тумасы Серёжа Республика Анголада португал тілінің аудармашысы ретінде тыңшы қызметін атқарған болатын.

Көрдіңіз бе, Мәскеу мен Ленинградтың азулы тұрғындардың арасында да шымкенттік Н. Ермекбаев алдыңғы қатардан жарқ етіп көрінді. Демек, сексенінші жылдардан бастап КСРО арнайы қызметтері оны қолдап, жауапты жұмысқа даярлады. Неге Нұрекеңді жырақтағы Анголаға жіберді? Қазақстанға осы экзотикалық елдің қандай қатысы бар? Жер көлемінен Украинадан екі есе үлкен, халқының саны жиырма бес миллион тұрғындарға жуық Ангола – мұнайға бай мемлекет. Алайда, бұқара қауымның басым көпшілігі кедейшілікте өмір сүріп, табиғат байлықтарының қызығын көрмейді. 1979 жылдан бастап, КСРО демеушілігімен құрылған «Анголаны босату үшін халық қозғалысы – Еңбек партиясының» (Movimento Popular de Libertação de Angola — Partido do Trabalho) жетекшісі Жозе Эдуарду душ Сантуш Анголаның президенті болып табылады. Отыз алты жыл бойы ірі мемлекеттің байлықтарына кенедей жабысқан диктатор 1942 жылы туған. Оның қызы, Изабель душ Сантуш, Анголаның ең бай адамдардың бірі, Африкадағы тұңғыш миллиардер-әйел. Демек, Анголаның саяси мен экономикалық жағдайы Қазақстанның тиісті жәйттеріне әбден ұқсас. Сонымен, Астаналықтар африкандық мемлекетпен өзара тиімді тәжірибе алмасуын өткізе алмақ.

Кремльдегі байырғы ағаларымен қатар, Тяньаньмэньдегі аға әріптестерін де есте сақтаған жөн. Осы жағынан да, Н. Ермекбаев жарап тұр. 1999-2001 жылдары, Пекиндегі «Халық банкінің» өкілі боп жұмыс істеді. 2001-2003 жылдары, Қытайдағы ҚР елшілігінің кеңесшісі ретінде қызмет етті. 2003-2004 жылдары, Сингапурдағы ҚР өкілетті өкілі қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары, Қытайдағы ҚР елшісі қызметін атқарды. Әрине, Кәрім Мәсімов пен Қасымжомарт Тоқаев Нұрекеге қарағанда әлдеқайда ауқатты іскерлер, тәжірибесі мол саясаткерлері. Олардың Ресей мен Қытай алдындағы сіңген еңбегі де орасан зор. Бірақ, К. Мәсімов – ұйғырдың баласы. Оған қарсы неше түрлі компромат жарияланған. Қ. Тоқаев – ынжықтау дипломат. Ол қаһарлы жігерді талап ететін президент лауазымына жарамсыздау үміткері. «Президент өнімі» Иманғали Тасмағамбетов тіпті жанжалына белшесінен батқан: «Наурыз банкі» дау-дамайы, Шаңырақ қақтығысы, «Алматыжер» парақор жәйттері… Сонымен қатар, алдын-ала жарнамалайтын үміткерлердің жолы әдеттегідей болыңқырамайды. Мысалы, Ресей үкіметінің бірінші вице-премьері Борис Немцов пен Сарытау аймағының әкімі Дмитрий Аяцков президент Борис Ельциннің мұрагерлері ретінде талқыға түсіп, ақырында сақал сипап қалды. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында ешбір жанжалдың кейіпкері болып үлгермеген Н. Ермекбаев «сайлаушылардың» пайымдауынша жібі түзу қазекең болмақ. Нұрекеңнің тағы бір жақсы жері: ол оңтүстік өңірінің тумасы. Соңғы жарты ғасырдың барысында, нұрлы дәстүр қалыптасқан. Кремльден тағайындалатын Қазақстан жетекшілерінің бәрі дерлік оңтүстік өңірінің тумалары: Исмаил Юсупов, Дінмұхаммед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаев. «Тәуелсіздігімізді» алғаннан соң, жоғары сот төрағасы, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және президент күзетінің бастығы тәріздес аса маңызды лауазымдарына да оңтүстік өңірінің тумалары тағайындалған.

Батыстағы адайлар, солтүстіктегі арғындар мен шығыстағы наймандар осындай теңсіздікке өкпелемесін. Ол рушылдықтың кесірі емес, «ақ патшаның» даналығы ғой. Кезінде, аңқаулау большевиктер лениндік интернационализмді ту етіп Қазақстандағы жоғары лауазымдарды қалай болса солай үлестіріп жіберді. Нәтижесінде, Ақмола аймағының тумасы Жұмабек Тәшенев сияқты ұлтжанды бәзбіреулер билік тізгінін ұстап, кейде Мәскеудің озбыр саясатына тойтарыс беретін. Еуразиялық интеграциясының мән-жайын түсінбейтін жаңа Жұмабек Тәшеневтің келмеуіне кім кепіл?! Сондықтан, буырқанып кететін қызба біреулердің орнына сыпайы, ымырашыл оңтүстік саудагерлерді тағайындалғаны жөн. Әрине, Н. Ермекбаев қанша мықты болса да, қосымша үміткерлер де баршылық.  2012 жылдың 12 желтоқсанында Ресей ғылым академиясының Социология институтының ғылыми қызметкері Ирина Атаян (армян еркегіне тиген балт-славян әйелі) Алматы қаласының тұрғындары арасында сауалнамасын жүргізді. Аталған шараның соңында, И. Атаян бейтаныстау саясаткердің үлкейтілген фотосуретін көрсетіп, ол жөнінде сұрақтарын қойды. Әрине, алматылықтардың көбісі сол кездегі кәдімгі атқамінер Бақытжан Сағынтаев туралы онша білмеді. Ресейлік социолог та біздің саяси кейіпкерлерімізді жақсылап танымаса да, әлгі Сағынтаев жайында ғана қызығушылығын танытты. Мәскеулік келіншек «Б. Сағынтаев сенімді адамға ұқсай ма?» жергілікті жұрттан сұрады. Оған жауапты жұмысты жүктеуге бола ма? Әлбетте, беймәлімдеу кісі жөнінде олар нақты жауабын қайтара алмады. Тек қана Жамбыл аймағы Талас ауданының тумасына қарай біршама күмәні пайда болған: «Бәлкім, оңтүстік өңірінен шыққан кезекті саудагер»))) Егер социолог орнында ресейлік ресми өкілдері бұндай сауалнаманы жүргізсе, мынадай шара біздің ішкі істерімізге бас сұққанымен тең есептелер еді. Алайда, ресейлік биліктің тапсырысы бойынша қимылдайтын ғалымсымағына дәл осындай айыбын таға алмайсыз.

Сауалнамасына қатысқан жұрт бейқам көңіл-күйінде тарасты. Бірақ, сәлден соң социологтың теоретикалы сұрақтары практикалық түрде дүниеге келді. 2012 жылдың 25 желтоқсанда еуразиялық одағының жолындағы кедергі боп саналатын біздің шекара қызметінің басшылары әуе апатында қырылған. Ал, жаңа жыл мерекесін тамаша өткізген Бақытжан Сағынтаев 2013 жылдың 16 қаңтарда бірінші вице-премьер боп тағайындалған. Президент лауазымына екі ғана қадам қалды. Айтпақшы, Б. Сағынтаев та бұқаралық ақпарат құралдарындағы жанжал мақалаларының кейіпкері болып үлгермеген. Ресеймен «Протон» апаттарынан Қазақстанға келтірген залалы бойынша келіссөздері барысында да    agintayiv                        Б. Сағынтаев мәскеуліктер үшін ыңғайлы әріптес болып, өткір мәселелерді қозғамады. Әрине, Н. Ермекбаевқа қарағанда, мәскеуліктердің алдында Б. Сағынтаевтың сіңірген еңбегі ауыз толтырарлықтай емес. Сондықтан, Кремль үшін жергілікті биліктің мынадай үлестіруі қолайлы: президент – Н. Ермекбаев, премьер-министр – Б. Сағынтаев. Бірақ, орысшыл күштердің болашағы көмескілеу. Өз жоспарларын жүзеге асыру үшін – асыққаны жөн. 2014 жылдың 24 қарашасында, тілі ащы орыс блогері Андрей Князев (oldfisher_mk.livejournal.com) атақты хоккей бапкері Виктор Тихоновтың ажалына қатысты былай жазыпты: «Ну, Виктор Васильевич, прощай, жизнь ты прожил немаленькую и очень интересную… Ты видел много эпох в СССР, а ушёл перед самым окончательным крахом уже совсем другой страны, перед крахом русиянии…» Аузыңа май, Андрей!

Данияр НАУРЫЗ

Abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар