Метродағы махаббат 1

1065 рет қаралды
5

Алматыда метро,

Сарайындай хандардың.

Бір қыз көріп сол жерден,

Ханшайым ба, таңғалдым.

P079-079-000-386-1d041Қарасаң көз тоймайды,

Таңдай қағам таңданып.

Метроның ішінде,

Жүргендей қыз шам жағып.

Зымырайды уақыт,

Зуылдайды пойыздар.

От шашады әйнектен,

Мөлдір қара мойылдар.

Метрода көрінген,

Періште қыз бағалы.

Қай бекеттен түсіп ед,

Қай бекетке барады.

Бара жатсам мен шығып,

Түсіп келе жатады.

Сол бір сәтте күн шығып,

Лезімде батады.

Әне кетіп барады,P072-072-000-342-1d041

Шашып шамға арайын.

Эскалатор тоқтайгөр,

Қуып жетіп алайын.

Мәрмәр бақтың ішінде,

Табысады тағдырлар.

Метрода еш қашан

Жаумайды қар, жаңбырлар.

Зуылдайды пойыздар,

Жер астымен зымырап.

Екі бекет арасы,

Асыққанға тым ұзақ.

Қосылады қалайда,

Қос рельс тармағы.

Қай бекеттен күтесем-ау,

«Абай» ма, әлде, «Алмалы»?

P085-085-000-316-1e032Айтқан әнім, үмітім,

Ай көркіңді табады.

Метрода минуттар,

Ұзарады бағалы.

Танысу мен табысу,

Жетелейді арманға.

Жолығып біз қалармыз,

«Жібек жолы», «Сайранда».

«Байқоңырда» тамаша,

Ғарыштың ол әлемі.

Ал «Әуезов» бекеті

Театр ғой әдемі.

Алматыда Метро

Сарайындай хандардың.

Мекені ол – мәрмәр үй,

Ғашық болған жандарың.

Онда жаңбыр жаумайды,

Онда қыс та болмайды.

Жүргендейсіз аңызда,

Шіледеде де тамызда.

Ай болмайды бұл жерде,

Ай боласыз сіз мұнда.

Күн болмайды бұл жерде,

Күн боласыз сіз мұнда.

 

Пойыздардың жүрісі –

Жүрегімнің дүрсілі.

Назар салып тыңдаса,

Сезіледі бүлкілі.

Елес сынды ханша қыз,

Таныс және бөтенсің.

Қай бекеттен жарқ етіп,

Шыға келер екенсің.

Кездесерміз бір күні,

Бекеттердің бірінде.

Сөйлесерміз үн-түнсіз

Ғашықтардың тілінде.

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. МЕТРОДА

    Метро жер астында жөңкіледі,
    Көңілдің осы шығар көншігені.
    Теп-тегіс сырғанайды сынаптайын,
    Мұнда жоқ көк шолақтың мөңкігені.

    Өмірге жайлы рахат толсын мәнді,
    Оқимын қабырғадан жол сызбамды.
    Сотвуй қолыңдағы қара темір,
    Тереңде ұстамайды толқындарды.

    Арылып көшедегі даңғазадан,
    Табасың сәтке тыныш жанға маза.
    Осындай күйге бөлеп тастаушы еді,
    Күндегі оқылатын таңдағы азан.

    Жүгірдім көрмек болып бірінші күн,
    Ой кештім оңашада шырын-шырын…
    Сөйлестім үнсіз ғана жүрегіммен,
    Естідім ұмыт болған діріл-сырын.

    Тапжылмай отырар ем ұзағынан,
    Ешкім жоқ бұдан артық ырза қылған.
    Жол қысқа он бес минут зу етеді.
    Әп-сәтте шығып қалам бір жағынан.

    Қараңғы жердің асты тасырлар ма,
    Сүңгіген бұрғы сынды ғасырларға.
    Метро маған сенің ұнайтының, –
    Қайғымды қуанамын жасырғанға!..

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар