Екінші топтағы мүгедек Жеңісгүл Ермұхамет отбасында сегіз бала барын, күйеуінің бірінші топтағы мүгедек екендігін, 2004 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қоныс аударған оралман отбасы былтыр Астанаға көшіп, осы кезге дейін 35 мың теңгеге баспана жалдап тұрып келгенін айтады.
«Жақында сол үйді сүріп тастады, енді барар жерім жоқ, жағдайымды елбасыға айту үшін келдім» деді әйел.
Сегіз баласымен бірге Ақорданың алдына келген Жеңісгүлге қалалық прокуратура мен қала әкімдігінен келген өкілдер «әкімдікке барып сөйлесуге» шақырған. Бірақ, өзін президент Назарбаевқа жолықтыруды талап еткен әйел әкімдікке барудан бас тартқан. Бұдан соң полицейлер әйелді балаларымен бірге көлікке күштеп отырғызып, Ақорданың алдынан алып кеткен.
azattyq.org