//

ҚЫРҒЫЗ ӘНДЕРІ

6971 рет қаралды
2
8f884a4f5c7573d96ca3cf20d57a975a_XLӨнер шекара таңдамайды. Қырғыздың «Қызыл өрік», «Шоқ қыздар», «Арман-ай», «Еламан» секілді әндері қазақтың ортасына тез сіңісіп кетті. Тіпті, кейде қайсы қырғыздікі, қайсысы өзіміздікі екенін ажыратып жатпаймыз. Жарайды, көптің көңіліне қонған ән әрі-бері көшіп жүре береді. Қай бір жылдары қырғыздың әнін «өзім шығардым» деген әншілеріміздің бірі дауға қалған. Өнердегі шындық тез ашылады. «Шоқ қыздардың» алғашқы нұсқасын көршілеріміз көрсетіп, әлгі әншінің «аптығы» басылды. Негізі, қазақ тіліндегі нұсқадан қарағанда, қырғыз тіліндегі нұсқасы тартымды, сөзі әсерлі келеді. Тіл ерекшелігіндегі дыбысталудың әсері шығар бәлкім. Қырғыздың «Жылқышы әні» кеңестік кезеңде-ақ қазақтың рухани ортасына тез сіңіп кетті. «Қырғыз қазақ бір туған» демекші, болмысы бір-біріне келетін екі ел әні де, сәні де де көшіп жүре берсін, тек өлеңнің шыққан тегіне қысастық жасамаған абзал.

 11903762_804223119698787_8622129914236854886_n
Дерек көзі: bmtv.kz
Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар