///

“Теңге іліп”, “Асау үйреткен” қазақтың рухы әрдайым биік болмақ

4306 рет қаралды

tenge-ilu_0 Zhenisbek1-780x400 30 тамызда Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Теңге ілуден» І Ашық Азия чемпионаты және «Асау үйретуден» республикалық турнирі өтті. Бас демеуші – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Қаныңды қыздырып, делебеңді қоздыратын  ұлттық сайысқа Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Әзербайжан республикаларының спортшылары қатысты.



Tenge11-780x400



“Теңге ілу” – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің бірі. Онда аттың қарқыны мен үстіндегі иесінің қимылына дағдылана білуі, жігіттің алымдылығы мен шалымдылығы қатар сынға түседі. Бұл сайыста Оңтүстік қазақстандық 16 жасар балғын Ғалымжан Ізжан бірден көзге түсті. Атын атойлатып, алаңға ойнақтай шыққан ол бірден бес теңгені іліп, өзге қарсыластарынан оқ бойы озық тұрса, екінші айналымда төрт, үшінші айналымда үш теңгені асқан әбжілдікпен іліп алып, қатып қалған қаныңды ойнатып, жүрегіңнің түкпіріндегі көшпенді өмірге деген сағынышыңды оятып жіберді. Екінші орынды иеленген Әлихан Бәшембай алғашқы айналымда қапы қалса, соңғы екі айналымда төрттен теңге іліп, қзақстандық чемпион екендігін тағы бір дәлелдеді. Ал Моңғолиядан келген қандасымыз Хуатхан Авдалдың әбжілдігі өз алдына. “Теңге ілу” сайысына түркиялық, хунғариялық, өзбекстандық, қырғызстандық және тәжікстандық, қытайлық, ресейлік шабандоздар қатысып, бақтарын сынағанмен, бұл сайыстың қазақтыкі екендігін біздің жігіттер дәлелдеді.

Бекболат ТІЛЕУХАН: Қазақ атқа мінсе, рухы күшейеді!

DSC_0921

 ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан:

B.Tileukhan– Қазақ ат үстінде өскен ұлт! Бұған дейін өздеріңіз білетіндей Көкпардан, Құсбегіліктен, Аударыспақтан Азия біріншілігін өткізгенбіз. Ал енді “Теңге ілуден” өткізуді қолға алдық. Бұл заңды. Қазақтың ұлттық ойындары, әсіресе ат үсті ойындары күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатындықтан тіршілік машығына айналған әрекеттер. Мысалы Көкпар мен Аударыспақ жігіттерді шабандоздыққа, ат үстінде еркін қимылдайтындай мықтылыққа тәрбиелесе, “Теңге ілу” ойыны жаугершілікте жаудың ортасында қалған атақты адамдардың, тума-туыстарының денесін шауып келе жатып іліп әкетуге машықтандырған. Тіпті жерге түсіп кеткен қамшыңызды іліп алу үшін де бұл қарапайым әдіс болып саналады.
Ал “Асау үйрету” сайысы кез келген уақытта көшпелі өмірдің ажырамас бір бөлшегіне айналған машық. Және бұл ат жалында өскен қазақтың кез келгенінің қолынан келеді. Дей тұрғанмен бүгінде өнердің, спорттың бір түріне айналып барады. Ал осы алыстап бара жатқан тіршілік машығын, жақындап келе жатқан спорт ретінде көрерменге ұсыну, былайша айтқанда, қазақтың адреналинін шығару.
Жалпы қазақ атқа мінсе басқаға кеудесін бастырып, намысын таптатпайды. Бұны әрбір қазақ білгені дұрысдеді.

«Асау үйрету» республикалық турнирінің жүлдегерлері  – Жеңісбек Манахайұлы (ОҚО), Жеңісбек Серикұлы (Моңғолия), Айбек Кеншілік (ШҚО).

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар