//

Жаңа оқу жылына дайындығымыз қалай?

901 рет қаралды
1

1234Жаңа оқу жылының басталуына жарты айдай уакыт қалды. Санаулы күндердің ішінде әрбір ата- ананның алдында тұрған үлкен мәселе бар. Ол – өз балаларын оқу жылына толықтай даярлап, керек құрал- жабдықтарымен қамтамасыз ету.

Әрине, әрбір баланың қалауы өз қатарларынан қалыспай мұнтаздай болып жүру. Дегенмен, бұл мәселе кейбір ата–ана үшін қиынға соғып жатады. Оның бірден-бір себебі, оқу жылы жақындаған сайын мектеп формасы мен құралдарының бағасының күрт өсуі. Бір баланы толыққанды оқу жылына даярлау үшін орташа есеппен 45-50 мың теңге жұмсалады. Ал, көп балалы отбасылардың шығынын өзіңіз де есептеп көре беріңіз. Осы мәселе төңірегінде көп балалы ана, Алматы қаласының тұрғыны Лиза Ақниязовамен тілдескен болатынбыз.

12«Менің 5 балам бар. Алматы қаласында 90 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Балаларымның барлығы да мектеп қабырғасында оқиды. Жолдасым екеуміздің айлық жалақымыз 150-170 мың теңге. Жылдағы проблемамыз – балаларды мектепке даярлау. Үш айлық демалысымызда ел қатарлы дем ала алмаймыз. Себебі, алдымызда қыркүйек айы келе жатыр. 5 баланың киім-кешегі мен кітап, дәптерлерінің өзіне 200-250 мың теңгедей шығын кетеді. Оған жүріп, тұруымыз бен айлық азық-түлікке кететіні тағы бар. Мектепте «көп балалы» отбасы екендігіміз ескеріліп жатса да, балаларыма негізгі керек кітаптар толық берілмейді. Сондықтан жаңа кітап сатып алуға мәжбүр боламын. Бір кітаптың бағасы 700-800 теңге. Бүгінде бір баланың киімін екіншісіне кидіре алмайсың. Қанша жыртығын жамасаң да өзге балалардан кем көргің келмейді. Қолымыздан келгенше жиған тергенімізді жаңа оқу жылына даярлауға тырысамыз», – дейді көпбалалы ана.

12345Иә, бұл мәселе жалғыз Лиза ханымды қинап отырған жоқ. Қара базарға барсаңыз, мектеп тауарларының саудасы қымбаттап, қызып-ақ тұр. Кеңсе тауарларының дүңгіршектеріне жақындай қалсаңыз, кезек күткендердің соңы сирейтін емес. Біз, мектепке қажетті барлық заттардың бағаларын есептеп көру үшін Алтын Ордаға барып қайтқан едік. Әуенлі форма сататын дүңгіршектерді аралай бастадық. Базарда ер балаларға мектепке киетін костюм-шалбарлардың түр-түрі қаптап тұр. Қырғыздар сатып тұрған костюмдердің бағасы қол жетімді 5500 теңгеден басталып, 9500 теңгеге дейін барады екен, ер балалардың үстіне киетін көйлектері 1700 мың тг -3000 мың теңгенің арасында, ал қыздардың ақ көйлектері 2000-3500 теңге, бірақ сапасы сын көтермейді. 1 оқу жылында 1 көйлекпен шығу мүмкін емес. Қосымша 1-2 көйлек алуға мәжбүр боласың. Ал, аяқ киімдердің бағасы 3500 теңгеден басталады. Сапасына қарай, спорт киімдерінің де орташа бағасы 12000 теңге.

Мектеп сөмкесін қарап едік, арзандарының бағасы 1500-нан басталса, сапалы дегендері 4500 теңгеге дейін барады. Сөйтіп, тек киім кешегіне бас-аяғы  40000 мың теңгенің жұмсалатынына көз жеткіздік. Бұған қысқы қиімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар қосылған жоқ.

123Ал, қыз балаға ше? Бұл соманың кемінгде екі еселенетіні сөзсіз. Кеңсе тауарларын бір балаға алу үшін де қалтаңызда шамамен 10000 мың теңге болуы қажет.

Қорыта келе, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу үшін бірінші мәселе білім ғана емес, сонымен қоса барынша қажеттілігін қамтамасыз етіп өз қатарларынан қалыс қалдырмау – ата-ананың мойнындағы үлкен жүк. Бірақ бүгінгідей нарықө заманында ол жүкті әркім шамасынша көтеріп келеді.

Гүлжан Ахметова,

Мадина Тұрарова,

СДУ-дің  “Журналистика”

кафедрасының студенттері

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сонымен балаларға бір уақ тегін тамақ бермейтін болды ЕБ ның айқайымен. Өзбек тамақ қана емес киім де береді. Сорлы қазақ өзбек сенен озып бара жатқанын қалай ұқпайсың?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар