Тамырын тереңнен тартар өшпес өткені, көшпес рухы бар халық екеніміз тарихтан белгілі. Ондаған ғасырлық заманалар көші осы айтқанымыздың айқын дәлелі. Әсіресе, елдік дамуымыздың кең қанат жайып, төрткүл әлемге атағы кең танылған тұсы – Тәуелсіздік дәуірі. Бұл кезең – Қазақстанның мемлекет ретінде шекарасын айқындап, қазығын нықтап, төрт тараппен байланысын мықтап, экономикалық ендіктер мен саяси бағытымыздың тың моделін айқындап, дамудың жаңа сатысына қадам басқан тарихи кезең. Осы жылдар ішінде өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымыз қалпына келтіріліп, ұлы тұлғаларымызға қатысты тарих қайта жаңғырды.
Осы орайда Елбасы пәрменімен кең көлемде тойланып жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразиялық Топ (ERG) бірлесіп көркем әдебиетіміздің соны, тың туындылармен толығуына, оқырмандарды имандылыққа, елін, жерін сүюге баулитын жаңа шығармалардың дүниеге келуіне ұйытқы болу мақсатында «Алаш тарихының ақиқаты» атты арнайы шығармашылық жабық бәйге жариялаған болатын. Үш жанрды қамтыған және қомақты қаржылық қолдау көрсетілген бұл ірі жоба – еліміздің мәдени-рухани өміріндегі ең бір елеулі оқиға және алғаш ұйымдастырылып отырған жабық бәйге.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы секретариатының ұйғарымымен үш жанр бойынша бәйгеге түскен шығармаларды сараптау үшін көрнекті, белгілі ақын-жазушы, әдебиет сыншысы, театр қайраткерлерінен (құрамында бір төрағасы, он мүшесі, барлығы 11 адам бар) арнайы сараптау, талдау, бағалау комиссия құрылған. Шығармаларды қабылдау мерзімі 2015 жылдың 10 тамызында аяқталды. Бәйгенің талаптарына сәйкес шығармалар тек лақап атпен ғана тіркеліп алынды. Үміткердің толық аты-жөні арнайы бөлек конвертке салынған. Бәйгеге проза, поэзия, драматургия жанрлары бойынша 200-ге жуық шығармалар түскен болатын. Лақап аты жазылған шығармалар комиссия мүшелерінің барлығына алдын-ала таратылып берілген. Қазылар алқасының мүшелері шығармаларды бір жарым ай бойы оқыды. Бәйгеге түскен барлық шығармаларды терең талдаудан, кәсіби сұрыптаудан өткізген комиссия мүшелері 2015 жылғы 28 қыркүйек күні толық құрамда қорытынды жиынын өткізіп, бәйгенің ақтық шешімін шығарды. Комиссия төрағасының ұсынысымен барлық шешімдер, шығармаларды бағалау ашық дауысқа салынды. Жүлдегерлер толық белгілі болған соң барып комиссия төрағасы және мүшелерінің көзінше үміткер туралы толық мәлімет жазылған конверттер ашылды. Хаттама жасалды. Шығарылған шешімді Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы секретариаты дауысқа салу арқылы бекітті. Комиссияның ортақ шешімі бойынша жүлдегерлер құрамы анықталды:
Проза жанры бойынша:
Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Батыс», шығарманың аты – «Какаду». Авторы – Тынымбай Нұрмағамбетов.
1 орын. Бүркеншік аты – «Шегірұлы», шығарманың аты – «Дүрбелең». Авторы – Момбек Әбдәкімұлы.
2 орын. Бүркеншік аты – «АБВГ», шығарманың аты – «Шығайбайдың алтыны». Авторы – Жанна Абузарова.
2 орын. Бүркеншік аты – «Сұлтан Мәмет», шығарманың аты – «Төретұмсық». Авторы – Бақытжан Қанапиянов.
2 орын. Бүркеншік аты – «Жол», шығарманың аты – «Маған таныс тағдырлар». Авторы – Қуаныш Жиенбай.
3 орын. Бүркеншік аты – «Жошы», шығарманың аты – «Абыз дала аңызы». Авторы – Әділбек Ыбырайымұлы.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ұлан», шығарманың аты – «Дүбірге толы дүние». Авторы – Төкен Әлжантегі.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ақиық», шығарманың аты – «Жолаушы». Авторы – Асқар Алтай.
3 орын. Бүркеншік аты – «Сұр жебе», шығарманың аты – «Оңқа-Жәдік оқиғасы». Авторы – Серік Сағынтай.
Поэзия жанры бойынша:
Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Есіл-Нұра», шығарманың аты – «Кенесарының Ақмолаға шабуылы». Авторы – Серік Тұрғынбекұлы.
1 орын. Бүркеншік аты – «Ұрпақ», шығарманың аты – «Баба байрақ». Авторы – Сайлау Байбосын.
2 орын. Бүркеншік аты – «Қаракөк», шығарманың аты – «Сен – отсың, мен – күлмін». Авторы – Серік Ақсұңқарұлы.
2 орын. Бүркеншік аты – «Таң», шығарманың аты – «Шерменде». Авторы – Жарас Сәрсек.
2 орын. Бүркеншік аты – «Қоңыр», шығарманың аты – «Низам». Авторы – Әбубәкір Қайран.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ләйлек», шығарманың аты – «Тұңғиық». Авторы – Қорғанбек Аманжол.
3 орын. Бүркеншік аты – «Ан-арыс», шығарманың аты – «Қарт даламен тілдесу». Авторы – Наурызбек Саршаев.
3 орын. Бүркеншік аты – «Есілбек», шығарманың аты – «Азаттық шуағы». Авторы – Бақытбек Бәмішұлы.
3 орын. Бүркеншік аты – «Рухсана», шығарманың аты – «Қазағым менің ұраным». Авторы – Ғалым Әріп.
3 орын. Бүркеншік аты – «Шойын жол», шығарманың аты – «Жеті жарғы». Авторы – Ескен Елубай.
3 орын. Бүркеншік аты – «Үмітбек», шығарманың аты – «Бойтұмар». Авторы – Мыңбай Рәш.
Драматургия жанры бойынша:
Бас жүлде. Бүркеншік аты – «Рахмет», шығарманың аты – «Хан тұқымы». Авторы – Иранбек Оразбаев.
1 орын. Бүркеншік аты – «Қара құйын», шығарманың аты – «Нарком Жүргенов». Авторы – Рахымжан Отарбаев.
2 орын. Бүркеншік аты – «Ізет», шығарманың аты – «Мәңгілік махаббат әні». Авторы – Сұлтанәлі Балғабаев.
2 орын. Бүркеншік аты – «Көкжал», шығарманың аты – «Аңсар». Авторы – Думан Рамазан.
2 орын. Бүркеншік аты – «Бекназар», шығарманың аты – «Мырзабидің жазасы». Авторы – Жолтай Әлмешұлы.
3 орын. Бүркеншік аты – «Жантақ», шығарманың аты – «Дөп-дөңгелек дүние». Авторы – Ғани Балтағарин.
3 орын. Бүркеншік аты – «Қара Ғаши», шығарманың аты – «Еңсегей бойлы ер Есім». Авторы – Кенжебай Ахмет.
3 орын. Бүркеншік аты – «Айсері», шығарманың аты – «Шерата мен Шынбала». Авторы – Жәркен Бөдеш.
3 орын. Бүркеншік аты – «Кәстай Бекілән», шығарманың аты – «Азат Алаш – даңқты Алаш». Авторы – Мағира Қожахметова.
дерек көзі: Қазақ әдебиеті газеті
Парақшамызға жазылыңыз
Алаш тарихының ақиқаттары туралы біраз шығармалармен таныс болдым. Алашытың ұрпағы ретінде енді аталған еңбектің бәрін оқып шығуым керек. Елбасымыздың даналығының арқасында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз, Алаш тарихымен терең танысуға мүмкіндік алып отырмыз. Президентіміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт өмір болсын алаштың елінде. Біз экономикалық қуатты, рухани бай елге айналайық.
Тарихымызды дәріптейтін жақсы шара өткізлген екен. Меніңше осы шығармалардың жиынтығынан Қазақ хандығының 550- жылдық мерейтойынан мәңгіге мұра болып қалатын кітап жасап шығарса керемет болады.
Мерейтой қарсаңында ұлттың тарихи санасын қалыптастыру, нығайту жолында көптеген іс-шаралар ұйымдастырырылды. Бұл шығармалар сайысының мәні мен маңызы зор деп білемін. Міндетті түрде барлығын болмаса да, 5-6 шығарманы оқып шығамын.
Енді бұл шығармаларға жарнама жасап, халықтың назарына ұсынса жақсы болатын еді.
Үздік атанған драмалық шығарманы сахнада қойса нұр үстіне нұр болатын еді.
Қаншама керемет авторлар және дәл сондай жақсы шығармалар көзі! Осындай шараны әрқашан өткізу керек, меніңше, соның арқасында жұртқа есімдері сіңіп, белгілі болмақ, ал басты қуған идеясы да жарқын жүзбен қарсы алады оқырмандар қауымы)))
Осы жарыска катыскан туындыларды кайдан окыса болады екен?
Тамаша, казак адебиет мен жазу онерине али де болса жакын жастар барында, менин тилим манги жасайды!
Мундай шаралар, биздин рухани дуниемизди толтыра келеди!!
Бул шыгармаларды бир томгып шыгаруга болады гой енди!
жеңістері құтты болсын! кілең игі жақсыларды жинап алыпты ғой.
оооо жеңістеріңіз құтты болсын. Қандай сыйлық болды екен? Жаза кету керек еді.
мұндай мұшәйраларды жастардың арасында да өткізу керек. Әйтпесе, мында кілең мықтылар. Құтты болсын дегенемен де.
ал, жеңістеріңіз құтты болсын, бізге жұғысты болсын.
туф, ағаларымыз үшін қуаныштымын. Тек жастарға жол бермепті.
оқып шығу керек енді жазған-сызғандарын. Жеңіс құтты болсын, 550-жылдық та құтты болсын!
550-жылдық құтты болсын. Сол орайда ұйымдастырлағн мүшәйраның жеңмпаздарының жеңісі құтты болсын.
Тамаша жарыс, жазушылар одағы шығармалардың арасынан кереметтерін таңдап алуы қыйынға соққан көрінеді! Жеңіске жеңген жазушыларды құттықтаймын!
өте керемет, маңызды оқиға! Мереке кұтты болсын
Керемет мерекелер өткізілді астанадағы, өзіміздің тарихымызды ұмытпайық
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Мерейтой құрметіне өткізілген іс-шаралар өте көп, осындай құнды дүниелер халықтың есінде қалады
Тәлім-тағылымы мол дүние екен, шынымен оқырмандар қауымын жақсы қасиеттерге, елжандылыққа баулитын шығармалар бар деп ойлаймын
Тамаша жарыс, жазушылар одағы шығармалардың арасынан кереметтерін таңдап алуы қыйынға соққан көрінеді! Жеңіске жеткен жазушыларды құттықтаймын!