Бүгін Қызылорда облыстық Ә. Тәжібаев атындағы ғылыми-көпшілік кітапханада “Facebook арқылы блог жүргізу және қауымдық БАҚ” тақырыбында семинар-тренинг басталды.
Семинар-тренингті Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы қолдап, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырып отыр. Семинар-тренингке Қызылорда облысының кітапханашылары мен онлайн орталықтың өкілдері қатысуда. Әзірге 7 ауданнан 16 қатысушы бар. Семинар-тренингтің мақсаты – қауымдық БАҚ-тарды дамыту арқылы жергілікті жұрттың үнін бұқараға естіртуді дәріптеу. Олар өз ауылын, өзі жұмыс істеп отырған мекемесін, мектебін, ауылындағы қарттарын, кәсібін осылай дәріптей алады. Сондай-ақ, ауылдағы кейбір толғақты проблемаларды да ел талқысына салу мүмкіндігі бар. Бүгін түске дейін семинарға қатысушылар жаңа медиа мүмкіндіктерімен танысып, gmail поштасының ерекшеліктері және youtube мүмкіндіктерімен танысты.
Парақшамызға жазылыңыз
Бүгінгі өткен семинар көңілімнен шықты, біліп үйренгенім мол болды тек айыбы бөлінген уақыт өте аз.
Маған бүгінгі ұйымдастырылған тренинг өте ұнады, көп рахмет
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Суретке әдемі болып түсіпсіздер
Сіздердің бүгінгі сабақтарыңыз өте қызықты өтіп жатыр. Көп мағұлмат алдым.Сіздерге алғысым шексіз.
Бүгінгі семинар- трениенг жақсы өтті. Көптеген ақппарат алдым
Қадамдарыңыз оң болсын! Осындай семинарлар жиі -жиі болып тұрса нұр үстіне нұр болар еді!
Жүздері жарқын екен
[…] сол орталық қызметкерлеріне жаңа медианы үйретуге шақырды. Алғашқы қадам ретінде ЮНЕСКО-ның Қауымдық БАҚ құру […]