///

“Жетім бұрыштағы” бір күн

2810 рет қаралды

«Қаймақ» тобының осы аптағы журналистік тәжірибесі «Жетім бұрышта» өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт үйсіз жүрген халыққа жалдамалы баспана тауып берумен айналысып жүрген Жетім бұрыштың айналасы тым кішкентай көрінгенмен түс ауа шегі кеңейіп бара жатқанын аңғарып, таң қалғанымызды жасыра алмадық.

942f8104c9cb1b43d1a4612d01b18c43_big

Бұның бәріне дәнекер боп жүрген маклерлермен ашық сұхбат жасау қолымыздан келмесе де, қысқаша жауап алып, көкейіміздегі сұрақтарды нақтыладық. Ақпарат алу мақсатында өзіміз басқа қаладан келіп, пәтер іздеп жүрген студенттер боп араға кіруге тура келді. Бір байқағанымыз, «Жетім бұрыш» екі бөліктен тұрады екен. Біріншісі – жабық бөлігі. Мұнда үстел үстінде пәтер іздеушілерге ақылы көмек көрсететін риэлторлар отырады. Пәтер немесе үй тауып бергені үшін 5000-нан 20000-ға дейінгі аралықта қаражат төлеуіңіз қажет. Ең бастысы, сенімді және алдап кетпейді. Ашық зонада риэлторлар отырмайды. Пәтер иелері халыққа ақпаратты өздері береді. Ол үшін ақы талап етпейді. Риэлторсыз жұмыс жасаймын десеңіз, ашық зонада пәтер іздеген дұрыс. Дегенмен де, ашық зонада риэлтормыз деп алаяқтыққа барған жағдайлар да жиі болып тұратын көрінеді, сондықтан да бейтаныс көшедегі риэлторман жұмыс істегеннен бұрын, жабық зонадағы қызметкерлерден көмек сұрағаныныз әлдеқайда жөн.
a9abf55997e0073d0e1a7a9daab15df6_big
1 сағат ішінде мұндағы халықтың сұранысын,жанарындағы қалауын,үйді жалға берушілердің ниетін аңғарып қалғандаймыз. Хабарландыру иегерлері өздерінің тірлігіне кіріскен. Әрлі-берлі өтіп жүрген жүргіншілерді өзіне шақырып, баспанасын жарнамалап әуре. 4 студент қызға да жайлы баспана, жақсы қоныс табыла кетті. Ұсыныстағы үйлердің көпшілігі Ақсай, Әл-Фараби, Айнабұлақ, Атакент жақта беріледі, кісі басына 15000-20000 теңге. Бұл баға ғаламторда жарияланған үйді жалға беру жарнамаларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен екендігіне көзіміз жетті. Сондай-ақ үйлердің суреттерімен де таныса жүрдік. Қуантқаны, жалға берілетін үйлер жөндеуден өткізіліп, суы жеткізілген. Бұл да пәтер жалдаушылардың көңілін аз да болса демдеп қояды екен. Пәтер іздеушілердің 70%-ға жуығы баспананы қала ішінен жалдауды дұрыс көреді және олардың көпшілігі жас отбасылар мен студенттер.
DSC0090
Қазақстандағы тұрғын үй тапшылығы 28 млн шаршы метр делінеді ақпарат құралдарында. Бұл шамамен 400 мың отбасының баспанасы жоқ деген сөз. Оның ішінде қазақтың хәлі болмай тұр. Пәтерді жалға алушылар мен жалға берушілердің барлығы дерлік қазақ. Бірде-бір басқа ұлт адамының пәтер іздеп жүргенін көзіміз шалмады. Қоныс іздеп қаңғырған, Жетім бұрыштың жетімегі – қазақ. Өзге емес өз елінде қоныс қылар бір бұрыш орын таппай жүрген қара көз қыздарымызды көріп, «Етікші етікке жарымағанның» кері ме бұл? – деген сұрақ ойға бойлай жөнелді. Мақала соңын «Жетім бұрыш» атты өлеңмен аяқтауды жөн көрдік.
Жетім бұрыш
Қорлықты мына кім
көрген:
Алматы толы –
үйсіздер.
Үйсіз де күйсіз
жүргенмен
ұрпақтың
қамын үнсіз жер
Кіргені – кісі есігі,
Соған да көңіл жайланар.
Сәбидің сәмбі бесігі
Тербелер бұрыш
қайда бар?
Ол үшін кім бар қайғырған,
Алматы толы – жетімдер.
Малдасын құрған
маймылжан,
Торыңның маған шетін бер!
Қара жер хабар берсінші
Тартатын болса
қойнына.
Жыланнан арқан өрсінші
“Оралып қалсын мойныма.
Айналды орман көмірге,
Айналды күлге қайыңдар.
Алаң бар ауыр көңілде,
Жүректе удай уайым бар.
Бұлбұлдар
бүгін көбейді
Орманның айтқан тілегін.
Мен жайлы олар не дейді?
Дейтіндей, бірақ кім едім?
– Қиыннан
қашып кетті, – деп,
Түскенде ауыр елге сын, –
Төбемді жатса тепкілеп,
Қара жер хабар бермесін!

«Қаймақ» тобының мүшелері:
Есенгалиева Айнұр
Жеңіс Арай
Абылғазиева Балжан
Қарабай Ақнұр,

СДУ, “Журналистика” кафедрасының І курс студенттері

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар