////

“Көшпенділер” трилогиясы түрік тіліне аударылды

2867 рет қаралды
1

Жақында Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы және  заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ тарихының бес ғасырлық өмірін көркем тілде шебер сөйлете білген Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай Ыстамбұл университетінің Түркі зерттеулер институты мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Көшпенділер» трилогиясының түркі тіліне аудармасының тұсаукесері және мемлекетаралық конференция болып өтті.

12346315_10153405832289582_411303211694876064_nКітаптың түрік тіліне аударылуына мұрындық болған және түрік тіліндегі аудармасының жалпы редакциясын басқарған қандасымыз, Мимар Синан Көркем әдебиет және өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы  Әбідуақап Қараның айтуынша кітаптың аудармасына түркиялық бес аудармашы қатысқан екен. Түрік тіліне тәржіме жасауда кездескен қиыншылықтар әскери терминдердің бірізденуі және әскери атақтардың аударылуы, адам аттары және жер су атауларының түп нұсқамен бірдей болуы болған көрінеді.

0b302cd2-f11b-416b-831e-6c8351b49eb2 2a78094a-27b7-478c-b97b-9ed0c35c548b d72e4751-2f0a-47af-bd01-f065c1bde5df

1 elmas kilic– «Көшпенділер» қазақтың тарихи жадысын бес ғасырға ұзартқан аса көрнекті, рухты туынды. Осы туындыны түрікше сөйлету менің көкейкесті армандарымның бірі еді. Ақыры сол арманымның үдесінен шыға білгеніме қуанып отырмын. Оның түрік тіліндегі аудармасына бес бірдей ғалым қатысты. Мен жалпы редакциясын басқардым. Түркі ғалымдары мен жазушыларының көбірек қиналғаны жалпы әскери терминдер мен атақтарды түрікшелеу болды. Дегенмен, түбі бір түркі тілі ғой, көп терминдердің ортақ екендігіне көзіміз жетті, – дейді Әбдіуақап Қара.

«Көшпенділер» трилогиясын аударуға қатысқан Орду университетінің профессоры Исмаил Доғанның айтуынша, тарихи роман көшпенді халықтың тұрмысын, жауынгерлік рухын, қазақтардың даналығын әдемі суреттей алған.

– Өз басым бұл кітаптан ерекше әсер алдым. Біз әсіресе, жер-су атауларын, соғыс сахналарын суреттеу кезінде әжептәуір қиналдық. Жазушының сөз байлығы өз алдына терминдердің түрік тіліндегі мағынасын бұрмаламай, өз қалпында беруге тырыстық. Жауапкершілігі мол үлкен жұмыс болды, – дейді ол.

3 gazapҚазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Мәлік Отарбаев Анкарадан әдейі ат арытып келіп, конференция барысында «Көшпенділер» трилогиясының қазақ халқы үшін қаншалықты маңызға ие екендігін, оның ұлттық рухы азғындап бара жатқан ұлтқа дем берген, рух берген тарихи рөлі  жайында баяндай отырып, оны түрік тіліне аударуға ат салысқан аудармашылар мен ғалымдарға алғысын білдірді.

– Тек қана «Көшпенділер» романы ғана емес, «Көшпенділер» фильмін де түрікше аударуға ат салыстық. Бұның барлығы біздің азат, тәуелсіз, егемен еліміздің өткен жолын туысқан түркі халқына таныту.  Бұндай игі шаралар ары қарай жалғасын табатын болады, – деді Жансейіт Түймебаев,

2 can cekisme«Көшпенділер» трилогиясының түрік тіліндегі аудармасының таныстырылымына Түркиядағы жетекші жоғары оқу орындары Ыстамбұл университетінен, Мимар Синан Әдебиет және көркем өнер университетінен, Мармара және Орду, Анадолы университеттерінен, Қазақстанның Сулейман Демирель университетінен ғалымдар қатысып, «Көшпенділер» трилогиясының қазақ халқының тарихи санасын жаңғыртқан ерекше туынды болғандығын түркі көрермендеріне таныстыруға ат салысты. Кітаптың тұсаукесеріне Түркияның әртүрлі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер, Қазақстаннан келіп дәріс тыңдап жатқан магистранттар, қазақ диаспорасының өкілдері және түрлі салада еңбек етіп жүрген ғалымдар мен журналистер қатысты.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. өте жақсы жаңалық! Түркі тілдес мемлекеттер тарихы ұқсас болып келеді. Сондықтан Түрік халқының қазақ тарихын сүйсініп оқитынына сенімдімін!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар