//

Бес асыл іс – 2015

676 рет қаралды

Осы жылы еліміздің атын шығарып қана қоймай, сонымен бірге өз еңбектерімен дүниежүзілік қауымдастыққа үлестерін қосып жатқан аса көрнекті қазақстандықтар туралы тағы да айтпақпыз. Олар – профессорлар, оқушылар және қарапайым адамдар. «Экспресс К» басылымы, қазақстандықтарға қатысты жыл ашылымдарының үздік  5 адамның атын атапты. Көңілге қонады. Ал біз сіздерге сол туралы толықтай айтып бермекпіз.

danaБірінші орында “Назарбаев Университетінің” ғалымы Дана Ақылбекова. Бұл қыздың еңбегі : қант диабетіне шалдыққан миллиондаған адамдарға көмектесе алатын маңызды ашылым қарсаңында тұр. Оның әдістемесінің мәні мынада: қанға жіберілетін микробөлшектер инсулин гормонын шығарады. Бұл дегеніміз, әдетте қант диабетімен ауыраты адам күніне 5-6 инсулин екпелерін жасауы қажет болса, енді бұл ашылымнан кейін ол бірнеше жылға жарайтын бір ғана екпе жасауы әбден жеткілікті екендігін білдіреді.

Екінші орын еңбегіне лайық Дмитрий Де-ге беріледі. Өйткені ол торғай геоглифтерінdey 1 тауып, оларды зерттейтін жобаны бастаған еді. Дмитрийдің ашылымы тарихи нысандарды зерттейтін көптеген дүниежүзілік ғылыми ұйымдарының назарын аудартты. Олар Дмитрийдің жобасына қолдау көрсетіп жүр. Торғай геоглифтері жыл ашылымдарының ең таңғалдырарлық археологиялық жаңалығы болып жарияланды.

Innodent дәрі-дәрмегін дайындап шығарған астаналық тіс дәрігерлерінің тобы үшінші орынға ие болып тұр. Innodent-тің арқасында тіс шірігінен 15 минутта арылуға болады! Енді бұл технология астаналық стоматологияларда қолданылып жүр. Жаңа эмаль бір айдың ішінде емделушінің сілекейінде болатын, фосфор мен кальцийдің иондарынан пайда болады.

artuur“Ақтөбе” деген атаумен шайдың жаңа сұрыпын ойлап шығарған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы төртінші орында. Жаңа сұрыптың ерекшелігі мынада: шай жапырағына қуырылған тары қосылған. Сонда, шайдың дәмі тамаша тәтті болады.

Бесінші орында алматыдағы «Хейлибери» мектебінің оқушысы Артур Тұралиев. Ол алақанға сиятын, сутектен өндірілетін электр қуатының аппаратын ойлап тапты. Бар керегі: бос алюминий құтысы, кішкене ащы натр мен су ғана. Содан пайда болған сутек – сондай кіші көлемдегі арнайы сутек электр генераторында электр қуатын істеп шығарады.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар