///

Н. Назарбаев: “Орыс тілінде жазғандарға, орысша жауап берілсін!” Ал, қазақ тілінде?!.

2058 рет қаралды
1

Бүгін Алматы қаласында өткен қаланы дамыту және Дүниежүзілік 28-қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері жөніндегі жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің мерейін тағы да пәсейтіп тастады.

Президент Н. Назарбаев өңірлерде «Тілдер туралы» заңның талаптары сақталмай отырғанын тілге тиек етіп, Президент Әкімшілігіне нақты тапсырма берді.

«Маған азаматтар орысша жазған хатына қазақша жауап алуда деген сыбыстар жетіп жатыр. Егер адам орыс тілінде өтініш берсе, оған сол тілде, яғни орыс тілінде жауап алуы тиіс. Президент аппаратына барлық облыстарды тексеруді тапсырамын. Мұны жасап жүргендердің барлығы жұмыстан қуылсын!», – деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін тағы бір ескерткен.

«Сіздер білетіндей, біз үш тілді оқытуды белгіледік. Осы беттен таймау керек. Мәдениет министріне заң барын айтқым келеді. Бірақ, кейбір шенеуніктер алға қарай асығыстық жасап, барлығын қазақша сөйлеткісі келеді. Біз – көпұлтты мемлекетпіз, біз осы фактіні қабылдадық», – деген ол тіл нормаларын бұзған шенеуніктің ісі анықталса, жұмыстан қуылуы тиіс деп шегеледі. Қазақстан үш тілді ел, мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Оны әркім үйренуге міндетті. Орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – әлемдік тіл.

Егер, қазақ тілінде сауал жолдап, орыс тілінде жауап алатын болсақ не істеу керек? Ол да тіл заңының нормасын сақтамағандық емес пе? Тек орысша сөйлегендерге қазақша жауап бергендер жауапқа тартылып, қазақша сөйлегендерге орысша жауап бергендерге ешқандай шара қолданылмай ма? Қос тілділік дегеніміз, екі жақты болуы тиіс емес пе? Сонда тілдік дискриминация бір жақты ғана, орыстарға ғана қолданылмауы тиіс, ал қазақтілділерге қолданыла беруіне бола ма?

Сұрақ көп, жауап жоқ!

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Елбасы сөзі дұрыс. Заң қатаң орындалуы керек. Заңды еліміздің әр бір азаматы сөзсіз орындауға тиісіті. Заң бұзған адам кім болмасын тиісті жазасын алуы керек. Мемлекеттік тілге қатысты заң баптарын бұзғандарға қатал шара қолданылуы керек. Бізде осы жағы кемшін. Елбасы осыны айтып отыр.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар