//

Қай тілде хат жазсаң да, Мемлекеттік тілде жауап беруге болады

1248 рет қаралды

 12745551_10207175507600960_7028269031267509176_n

“Бұл ЕРЕЖЕ билік өкілдерінің ҚАЗАҚША сөйлейтін азаматтарға ЖАУАП БЕРЕ АЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫНА ДА ҚАТЫСТЫ” деді Президенттің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Елбасының кешегі Алматыдағы “тіл мәселесіне” орай айтқан ойына орай  түсіндірмесінде.

“Мемлекеттік тілдің дамуы – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы” делінген онда.

 NN777

“Өз сөзінде Президент шенеуніктердің мемлекеттік қызметтерді көрсете отырып, азаматтардың сұраныс жасаған тілін есепке алуы керек екенін нақты айтты. “Тіл туралы” Заңда “Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс” делінген. Шенеуніктердің заңның бір ғана бөлігін есепке алатын жағдайлары кездеседі. Ел Президенті мемлекеттік қызметкерлерге дәл осы ретивпен айтты. Мысал ретінде ол dauren abaev 1орыс тілінде келіп түсетін өтінішті келтірді, алайда бұл ереже билік өкілдерінің қазақша сөйлейтін азаматтарға жауап бере алмайтын жағдайларына да қатысты. Сондықтан осы тақырыптың айналасындағы алаңдаушылықтың ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік тілдің дамуы – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі және оған қандай да бір шек қою Қазақстанның ұлттық мүддесіне қайшы”, – деп түсіндірді Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауабында.

Айта кетейік, сұрақ былай қойылған болатын: “Мемлекет басшысының кешегі “Тіл туралы” Заңды сақтау жөніндегі мәлімдемесі әлеуметтік желілерде көп талқыланды. Президенттің бір тілде өтініш жолдаған адамдардың мемлекеттік органдардан сол тілде жауап алуы туралы сөзін кейбір азаматтар түсінбей қалды. Мемлекет басшысының не айтқысы келгенін түсіндіріп беріңізші?”

Кеше Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес кезінде Нұрсұлтан Назарбаев барлық облыс бойынша “Қазақстан Республикасындағы тiл туралы” Заңының сақталуын тексеруді тапсырған болатын.  “Адам орыс тілінде сауал жолдап, жауапты қазақ тілінде алып жататын жағдайлар туралы қауесеттер жетіп отыр. Прокуратура неге тексермейді? Егер адам орыс тілінде сұраса, жауап та орыс тілінде болуы керек. Президент Әкімшілігіне барлық облыс бойынша тексеруді тапсырамын. Бұлай жасайтындардың барлығын жұмыстан шығару керек”, – деген еді  Назарбаев.

«ҚР Тілдер туралы»Заңның «Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап» деп аталатын 11-бабында:  «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi», -деп тайға таңба басқандай жазылған”.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар