/////

Мемлекеттен тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?

14756 рет қаралды
3
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Қазақстанның көрнекті заңгері, оыдан біраз уақыт бұрын өзіне-өзі қол жұмсады деген диагнозбен көз жұмған Михаил Кленчиннің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы кейбір ақпараттардың жалпы оқырманға пайдалысын назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

“Менің 10 сотық жерді иелену құқым бар екені рас па?” Әрине, рас! Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 50 бабының 2-тармағының 2-подпункті бойынша және ҚР 2006 жылғы 1-тамызындағы №726 “Жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер телімдерін иелену құқығын беру Ережесін бекіту” туралы Қаулысында Сізге осындай құқық берілген.

Ал мен қай өңірден немесе қай қаладан жерге иелік ету құқығын өзім анықтай алам ба? Әрине. Жерге иелік ету туралы өтініште жер телімін пайдалану мақсаты мен оның көлемін және өай жерден алғың келетіндігін жазу керек.

Мұндай өтініш беру үшін қандай құжат өткізу керек? Бар болғаны екі құжат керек: жеке куәлігіңнің көшірмесі және басқа жер телімінің бар не жоқ екенін растайтын анықтама. оны толтырылған өтінішке тіркеп, өткізу керек.

Қайда өткізем? Толтырылған өтінішті, қай қаладан жер алғың келеді, сол қаланың әкімшілігіне өткізу керек.
Егер әкімшілік қызметкерлері өзге де құжаттар талап етсе не істейміз? Жоғарыда көрсетілген №726 Қаулының 7 тармағы бойынша, осы Ережеде көрсетілген екі құжаттан өзгесін талап етуге тыйым салынған.

Менің өтінішім қанша уақыт қаралады? Өтінішті қараудың жалпы мерзімі – екі айдан аспауы тиіс.

 Мен жер өлшеу жұмыстары мен техника үшін төлеуге міндеттімін бе? Өкінішке қарай, иә!
 Өтініш берілді, тексерілді, келісілді – ары қарай?
Енді екі айдың ішінде әкімшілік шешім шығарып, бес күннің ішінде өтініш иесіне жолдауға тиісті.
Маған жер телімін беруден бас тартуы мүмкін бе? 
Сіз сұрап отырған жерде коммуникация мәселесі шешілмеген болса, онда жер беруден бұрын коммуникация мәселесі шешілуі тиіс. Сол үшін әуелі сізді кезекке қояды. Жер телімдерінің дайындығы жайындағы ақпаратты әкімшілік өтініш иелеріне жеткізіп отыруы тиіс. Ол ақпарат ашық болуы тиіс және тоқсан сайын бір рет жарияланып тұруы тиіс.
Шешім шыққаннан кейін, мемлекеттік актіні қанша күтеміз? Мемлекеттік актінің шын атауы идентификациялық құжат деп аталады. Әрі ҚР Үкіметінің тоқтатқан қызмет көрсетудің мемлекеттік стандартына орай, оны беру алты жұмыс күнінің ішінде берілуі тиіс.
www.zakon.kz
Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Саламатсызба мен жерге жазылайындеп едим.жерди калай алуга болады.жасым 24те

  2. Салеметсізбе мен жер алғым келеді екі балам бар жалдамалы пəтерден күн көру қиын мен əкімшілікке бардым еш натиже жоқ енді қайда барсам болады рақмет

  3. Салеметсізбе мен жер алуға тапсырдым 2007 Ақтау қалалық əкімдікке 2010 ж тұрғылықты жер мұнайлы ауданы қызылтөбе əкімшілігіне міне одан бері 4 балам бар ал жерді айналамда алып жатырғандар көп бірақ маған дегенде бос жер жоқ еш натиже жоқ

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар