//

Ұлыстың Ұлы Күні құтты болсын!

1646 рет қаралды

tanКүллі қазақ халқын келе жатқан Ұлыстың Ұлы Күні – жылдың басы Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Қазақтың әрбір отбасына амандық, жырғаулы тұрмыс тілейміз. Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын! Қазағым береке, бірлігінен, ынтымақ тірлігінен айырылмасын! Қазақтың әр бір таңы арайлап атсын! Ұлтын сүйген ұл-қыздары көбейсін! Наурыздың түбі Нәрлі Уыз екен, сол уыз мол болсын! Мына өлеңді  Ұлыстың Ұлы күнінің құрметіне ұсынамыз, қабыл алыңыздар!

Селдетіп Алматыға жаңбыр жауды,

Сергітіп сірке басқан бақ пен бауды.

Ақпан-тау оқыранып оқшияды,

Шерттіріп жел тимеген омырауды.

Сылқылдап алақанын Айға бұлғап,

Аулаққа шақырады Айна бұлақ.

Қандыршы құмарымды дегендейін,

Жетектеп жөнеледі сайға құлдап…

Көрініп күллі бақыт жанарынан,

Көлдердің бал тамады сағағынан.

Тау жібіп, жел жұмсарып, дала төлдеп,

Бұрқырап уыз иіс анарынан.

Көгеріп жердің беті, ағаш гүлдеп,

Таза ауа, жып-жылы леп бетті үрлеп.

Балағын түріп алған ақ қайыңдар,

Ауызды аштырмайды тілді күрмеп.

Жарасып қызыл мешпет, құндыз бөрік,

Құлаған құздан судай бұрымды өріп.

Албырап атқан таңдай қазағымның,

Масайып отырмын Мен қызын көріп.

Жігіттей албұртқан ұрын келіп.

20.03.2016ж

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар