///

Білім беру саласында революция болуы мүмкін бе?

1077 рет қаралды

ministry1Сәуірдің 9-ында  бір топ журналист пен блоггер білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлымен шұғыл кездестік.  “Басты күйіп тұрған мәселе – үш тілді оқыту мен мектептегі оқу мерзімінің ұзартылуы. Ағылшын тілінде оқытылатын жаратылыстану пәндері – информатика, химия, биология және физика”, –  деді министр. Оның өзінде де әзірге 10,11 сыныптарда ғана.

– Ағылшынша оқытатын мұғалімдерді қайдан аламыз?-  деген аса көкейкесті сауалға министр ұстаздарды онлайн-оқыту жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Ол үшін қазіргі таңда 5000 мектепті интернетпен жабдықтау көзделіп отыр. Бұл салада бүгінде экономикасы әлдеқайда алда кеткен Сингапур, Малайзия елдерінің мол тәжірибесі ескерілген. Үш тілді мектеп жасақтамай кері кеткеніміз кеткен. Онсыз да қазір біздің 8 сыныптың оқушысының білімі Ресейдің 7, ал батыс елдерінің 6 сынып оқушысының білімімен теңесіп, төмен түсіпті. Демек, оқушылар 2 жылға білім деңгейімен қалып қойыпты. Тек математикалық білім деңгейінде қазақстандық оқушылар күллі әлем елдері ішінде 49 орында екен.

ministryҚазақ тілінде оқытылатын пәндер қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы екен. Ал, орыс тілі мен әдебиеті жуық келешекте біріктіріліп, орыс тілінде оқытылады. Демек, орыс әдебиеті делінген бөлек пән болмайтын көрінеді. Орыс тілінде және дүниежүзі тарихы пәні оқытылмақ екен.

Оқу мерзімінің жазға дейін созылуына қатысты министр бұл жерде мерзім тек әрі кетсе 2 аптаға созылатынын айтты. Дамыған батыс елдерінің өзінде демалыс тек 1 ай немесе 1,5 ай беріледі. Бұрынғы Кеңес одағы елдерінің оқушылары сияқты 3 ай демалатын басқа ел жоқ деді министр. “Есесіне біз 5 күндік оқу жүйесіне көшеміз. Бала 3 ай демалса, қыркүйекте көп білімін ұмытып қалатыны дәлелденген. Онсыз да бізде күнтізбеде қызыл күндер көп”, – деді министр.

Бірыңғай Ұлттық тестілеуге байланысты министр “Биыл тек бір ғана рет қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі” деді. Ал, келер жылы қайта тапсыруға рұқсат беріледі. Бірінші тапсырған тестің нәтижесі мемлекеттік грантты бөлу конкурсына кетеді, екінші және кейінгі тапсырулардың нәтижелері келесі жылғы конкурсқа жолданады. Қайта тапсыру 50 балға жете алмай қалғандар үшін ғана қолжетімді болмақ. ҰБТ-ны қайта тапсыру бойынша ұсыныстар енгіздік, қарастырыып жатырмыз деді Е. Сағадиев.

Қазақ тілін үйренуге қатысты министр осы күнге дейінгі оқыту әдістемелері тиімсіз болғанын уақыт көрсетті. Сол себептен біз қазір “DuaLingua” аталған әдістеме бойынша мобильді қосымша әзірлеп жатқанын жеткізді. Оған қоса, мектеп бағдарламасына қазақ тілінің қосымша сағаттары енгізіледі.

Әуесбайдың Қанаты, 

Фейсбук парашасынан алынды. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар