22-сәуір, яғни бүгін орыс революциясының көсемі Владимир Ильич Лениннің туған күні. Кеңестік кезеңде керемет аталып өтілетін. 1970 жылы есімде Алматыдағы қазіргі Достық (бұрын Ленин) даңғылы жаңа үйлерімен, үлкен құрылыстарымен таң қалдыратын. «Революция ісі үшін 60 мың адамды құрбан ету түк те емес» деп жазатын Ленин іс жүзінде тарихтағы нағыз қанішер адамдардың бірі екен. Ол жүзеге асырған төңкеріс пен одан кейінгі жылдарда 22 миллион адам қаза тауыпты.
«Күн көсем» 1870 жылы туған. Алайда Владимир Ульяновтың (Лениннің) Сергей Ульянов деген бауыры – егіздің сыңары болғандығын білесіз бе? Лениннің сондай бауыры болған! Сол туралы аз-кем әңгімелеп берейін.
Өкінішке қарай Владимир Ильич қайтыс болған соң, Сталин революция көсемі Лениннің есімін кеңес адамдарының жүрегінен өшірудің күллі айла-амалдарын қарастырып бақты. Сөз арасында айта кетейін, Сергей отбасының толыққанды мүшесі болатын, ата-анасы оны өте жақсы көріп еркелететін. Сергей Володяға мүлде қарама-қарсы адам еді. Ол аң-құстарды өте жақсы көрді, кейін ол диплом алған соң өмір-бақи ет жемейтін вегетарианшыл адамға айналды.
Володяның қатыгез мінезі мен отбасы мүшелерінің революциялық көзқарастары егіз бауырларды біраз уақытқа ажыратып жібереді.
16 жастағы Сергей туған үйін тастап, Уфа губерниясына тұрақтап қалады, сол жақта жергілікті башқұрт сұлуларының бірі Зухраға үйленеді, ата-анасы мен бауыры сол тұста жайлаған сүзек сылтауымен тойға қатыспайды.
Арада біраз уақыт өткен соң Сергей бауырын тәңіршілдікке табындыруға тырысты. Алайда ол кезде бауырының ұсынысын қолдады ма, қолдамады ма, айқын дәлел жоқ.
Отыз жасқа жақындағанда Сергей Ильич балауыз саудасы арқылы кәдімгідей ауқатты адамға айналды. Байығанының белгісі сол өзінің туған ауылына айналған башқұрт ауылының ең көркем үш қызын әйелдікке алды.
1905 жылғы көтерілістен кейін жас коммунистік ұйым үшін күрделі кезеңдер басталды. Қаражат жетіспейтін. 1906 жылы ақпан айында Владимир Ильич дәулетті бауырынан көмек сұрап: «Өмір сүруге қаражаты болмаса революция құриды», – деген әйгілі хатын жазады. Сергей теріс айналып кетпей өзінде қалған балауыздың қалған қорын толығымен сатып, революция сияқты ұлы іске қолғабыс жасау үшін алыс Петербургке жол тартады.
Сол жылдарда Владимир Ильич бұқара халықты алдағы ұлы жеңістерге әзірлеуге кірісті. Өз қолымен қару қайрап, жұмысшылар мен шаруалардың алдыңғы лектегі буыны арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатты.
Ұлы Октябрь Социалистік революциясы ағайындыларды келешек «ұлы» мемлекетті құрудың алғы шебінде иық тірестіре бірге жұмыс істетті. Кейін Надежда Константиновна Крупская еске алатындай Ленин үнемі бауырының айтқандарына құлақ асады екен.
Сергей Ильичтің Ленинмен ұқсастығы талай-талай күлкілі жағдай туғызып жүретін. Сергей Ильичтің фотоательеге келіп Кремльге кіруі үшін рұқсатнама рәсімдемек болған рұқсат қағазына бәрі бір «Ленин В.И.» деп жазылып кетіпті (қазіргі кезде бұл рұқсатнама Мәскеудегі Революция мұражайына берілген). Бірақ Сергей Ильичті ажырата алмағандықтан ешкім тоқтатпайтын.
Кеңес өкіметі аяғынан тұрып, нығая бастаған кезде Сергей Ильич өзінің туып-өскен жері Уфа губерниясына аттанып, сонда ағартушылық қызметпен айналысты. Бірақ Ленин қайтыс болып кетіп, билікке Сталин келген кезде оның ізбасарлары мен пікірлестері қуғынға ұшырады. Ең алдымен Сергей Ильич нысанаға алынғаны түсінікті. Судың екі тамшысындай сыңарына айна-қатесіз ұқсайтын Сергей халық қолдауымен Совет өкіметін басқарып кетуі әбден ықтимал еді.
Қуғыннан сескенген Сергей Ильич жасырын түрде Литуаға, одан Румыния арқылы Швейцарияға тартып тұрды. «Мен қуғындаудан қорқамын, әйтпесе бауырымның ісін жалғастырып, Отаныма қызмет етер едім», — деп жазды ол кейін күнделігінде.
Бірақ Отанынан қашық жүрсе де Сергей Ильич марксизм-ленинизм идеясына адалдық танытты. В 1938 жылы Сталиннің қанды қолымен бүкіл әлемге шашырап кеткен идеялық жақтастарды біріктіруге тырысты. Одан ештеме шықпады. Ақыры ол Мексикаға тұрақтады. Бұл ел оның екінші отанына айналды. Сонда жұмыс істеді, сонда өзінің алғашқы «Тарихты кері бұру» атты еңбегін жариялады. Кейін бұл кітап көптеген тілдерге аударылып, қырық шақты рет қайта басылды.
Сергей Ильич Ульянов өз өмірінде «коммунизмді исламдандыру» қағидатын ұстанды, алайда отандастары арасында бұл идея қолдау таба қойған жоқ. Исламды терең зерттеу үшін ол Меккеге жол тартты, онда екі жыл тұрған. Кейбір анықталмаған деректерге қарағанда Меккеде үйленген, бір қызы қалған дейді.
Өкінішке қарай оның қоғамды исламдандыру туралы идеясы сөйтіп қолдау таппады. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңында Фидель Кастроның шақыруы бойынша ол Кубаға келеді. Қалған өмірін осы жерде өткізді.
Сергей Ильич Кубада, өзі шынайы жақсы көретін Н.С.Хрущевтің тақтан тайдырылуы қайғысына шыдамай, 1965 жылы 95 жасында қайтыс болды. Міне, әлем пролетариатының көсемі Владимир Ильич Лениннің сыңары Сергей Ильичтің қысқаша өмір тарихы осындай.
Марат Тоқашбаев,
ФБ-дан
Парақшамызға жазылыңыз