Алаш ардагері Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы Аустрияның астанасы Вена қаласында аталып өтті
Алаш ардагері Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойы , Сәуідің 16-сі Аустрияның астанасы Вена қаласындағы Қазақстан елшілігінде, Қазақстан үкіметінің , Қазақстанның Венадағы елшісі, Халықаралық ұйымдар жанындағы түрақты өкілі Қайрат Сарыбайдың белсенді түрде атсалысуымен ресми түрде басталды.
Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында шаһит болған қажы Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойының Вена қаласында басталуы Бүкіл қазақ баласы үшін үлкен абырой болды.
Тойға Қазақстанның елшілік қызметкерлері, Еуропадағы қазақ диаспара өкілдері, Венадағы халықаралық үйымдар өкілдері, Вена қаласындағы оқып жатқан қазақ жастары, жегілікті тұғындар мен батыр ата ұрпақтары қатысты.
Елші Қайрат Сарыбай өз сөзінде, Зуқа батырдың ұлт азаттық жолындағы күресін, жетім-жесірлер мен кедей-кепшіктерге пана болған адамгершілігін атап өтті. Зуқа батырдай қазақ үшін жан берген есіл ерлердің күресі арқылы қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенін айтты. Зуқа батырдың 150 жылдық мерей тойын өзі жетекшілік ететін елшілікте өзкізілуін мақтан тұтатынында келтірді және Тәуелсіз қазақ елін Мәңгілік елге айналдыру жолында барлық қазақ тізе қоса күш жұмсау міндетіміз деді.
Жұмабай Мәдібайұлы
Парақшамызға жазылыңыз