//

Бас министріміз Мәсімов мырза АР ма деп амандасты

686 рет қаралды

каримҚазақ Елінің Бас министрі Кәрімов мырзаның Моңғолияға (Моңғол Ұлысына – Б.Б) барған сапары көңіліміздегі біраз түйткілді мәселелердің көзін ашты. Соның бір-екеуін оқырманмен бөліскенді жөн көрдім. Өте-мөте қуантарлығы Кәрім мырза Баян-Өлгий халқымен әуелі қазақша амандасты! Қасқайып тұрып, қалың жұртқа қазақша «Армысыздар!» деп сәлем берді. Алаңға жиналған жұрт алқалап, шулап кетті. Осыған БАҚ-дарында ешкім аса мән бере қойған жоқ. Табиғат апатына ұшыраған басқа елдің ішінде өмір сүріп жатқан қандастарымызды жергілікті халықты Қазақ Елінің қолдап, қайғысына ортақтасып жатқанының тасасында, жергілікті қазақтың Қазақ Елінің Бас министрін қалай қарсы алғаны мен оған ат мінгізіп, шапан жапқанының далдасында, сондай-ақ, Қазақ Елі табиғат зардабын шеккен елге не береді екен деген дәменің көлеңкесінде қала берді. Енді міне сезімімізді, толқуымызды жиған сәтте қайыра бір шолып отырғанда орайы осы аманға келіп тіреліп тұр.

  Бізге премьер-министр «Ассалаумағалейкум» дей ме,  немесе «Ар ма?» дей ме бәрі бір сияқты. Қазақ «сөз анасы – аман» деп жатады, ал Аманның басы қазақша «Ар ма?» болса керек. Ар ма, ағайын! Армысыздар! Міне, үкімет басшысы халықпен “Ар ма!” деп амандасты! Қандай тамаша, қандай келісті, қандай көркем десеңізші. Өзіңнің бет-бейнеңді, кім екеніңді көрсетіп-ақ тұр. Аманның құдыреті осы ғой. Адам аманынан-ақ танылады емес пе. Кейбір ағайынға менің бұл сөзім жақпай қалуы бек мүмкін, алайда қазақтың шынайы аманы “Ар ма!”-дан баталатыны, ал оның мендік меншік екені ақиқат қой. Құндылықтарымыздың бірі де осы амандасу салтымыз ғой. Осы бір баға жетпес өздік (мендік ) дәстүріміздің қайнар көзі жабылып, оның орнын басқаның сәлемі басқаны шындық. Енді ел болып, етегімізді жиған кезде әуелі аманымызды түзеп алғанымыз дұрыс емес пе? Қазақта амандасудың сан түрі бар. Мұтылып қалғаны қаншама. Сондықтан амандасудың сергітетін, қайта қолданысқа енгізетін, қалпына келтіретін тұстары өте мол. Қазіргі біздің аманымыз қазақи аман емес. Аударма аман. Шынтуайтына келгенде қазақша амандаса білмейміз.  Қазақи амандасудан мақұрым қалғандарымыз жетіп артылады. Қазқша амандассаң аңырып, не дедің деп аңқиып тұратындарымыз да бар. Амандасудың түрлері көп. Қазақша амандасу – қазақтың алғашқы ақпарат алу құралы. Сондықтан «Ар ма?» деп аманын түзеген Бас Министрге алғыс айтып отырған себебіміз осы. Аманымыздың өзі біздің мемлекеттілігімізді, ұлттығымызды айғақтайтын басты ұлттық көрсеткіштеріміздің бірі. Ендеше қазақша аманымызды қалпына келтірелік. Ар ма, ағайын!

Ал екінші бір мәселе өзге елдің мінберінен қазақша жазбаларды әжептәуір оқып берген Бас министріміз Кәрім мырза, енді өз елінің төрінен қазақша іс басқарса дегенге саяды. Бұлай жасауға Мәсімов мырзада талап та, ниет те бар көрінеді. Ал, ол кісі қазақша іс жүргізіп отырса, қазақ тілінде іс басқаруға кімдердің тұсау болып, тосқауыл қойып отырғаны айқындалар еді де, оны түзету де көп қиындыққа душар етпес еді деп ойлаймыз. Есімізде, бір жылдары Кәрім мырза, «үкімет отырыстарын қазақ тілінде жүргізейік» деп бастама көтергені. Алайда, содан көп ұзамай өзі орнынан кетіп жабулы қазан жабулы күйінде қалған. Одан кейінгі үкіметтің де қазақша сөйлегенін көргеміз жоқ! Ал қазіргі жағдайға орай біздің түйгеніміз Қазақ Елінің Бас министрі қазақша іс басқаруға, үкімет ісін жүргізуге қарсы емес көрінеді, енді осы адал, жақсы ниетті үкімет мүшелері неге қолдап әкетпеске?!

 Қарамер Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар