Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада өткен «Жас Медиа. Ақпараттық технологиялар мен Қазақстан медиа саласының заманауи тұжырымдамасы» атты форумда былай деді: «Үш тілді оқыту мәселесін көтергенде, біз алдымен ағылшын тілі туралы айтып жатамыз. Ол дұрыс емес. Бұл жерде алдымен қазақ тілі туралы айту қажет. Тағы да атап айтамын, үш тілділік – ең алдымен қазақ тіліне назар салады! Қазір оқушылардың 70 пайызы қазақ тілінде оқиды. Биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсырған оқушылардың 72 пайызы сынақты қазақ тілінде тапсырды. Назарбаев зияткерлік мектептері грантының 70 пайызын қазақ тіліне бөлді. Сондықтан жағдайымыз жаман емес… Бірақ, проблема қандай? Қазір орыс мектептерінде оқитын 500 мың бала қазақша сөйлемейді. Сондықтан министрліктің алдындағы ең жоғарғы мақсат – 3-4 жылда сол 500 мың баланы қалай қазақша сөйлетеміз деген мәселе. Олар қазақша сөйлеу керек қой?!».
Айту оңай. Айтқанын орындай алса азамат екен. Бірақ, біз сөзге сенуден қалған жұртпыз.
Мінбер-ақпарат.
Парақшамызға жазылыңыз