///

Бақытбек Бәмішұлы: Бүгін де айтарым осы!

1066 рет қаралды
4

Осыдан 25 жыл бұрын, Еліміз Тәуелсіздігін алған тұста болса керек,

Ақиық болып Алтайын,

Айналып жүр Аруақ!

Арғымақ болып белдеуге,

Байланып жүр Аруақ!

Ұлытауға Көкбөрі –

Оралып жүр Аруақ!

Қазығұртқа Ту тігіп,

Қол алып жүр Аруақ!

Алатауын Анамдай,

Аймалып жүр Аруақ.

Самал болып даласын,

Аралап жүр Аруақ.

Нұрын сіңір жебеуші,

Тәңіріңнің Қазағым!

Қонған екен:

Бойыңа,

 Болатыңа,

Аруақ! – деп жазыппын. Болатына да, бойына да аруақ қонған елдің асығы алшысынан түспес пе? Иә, қазағымды құдайы қолдап, аруағы жебеп, алашы демеп ширек ғасыр Тәуелсіз ғұмыр кешіп келеміз. Бұл адамзат өмірінде бір толқын таусылып, жаңа бір лектің көктейтін кезеңі. Демек, аз уақыт емес, «қырық жылда қазан, елу жылда ел» жаңа.  Қырықтың қырқасы көрініп, елудің бел ортасына келдік. Елін естілігі билеген, Еділ мен Амырдың арасын еркін мекен еткен ежелгі елден етінде Тәңіріден басқан Көктеңбіл таңбасы бар ескі халық – қазақтың еншісіне тигені «қанды қызыл көп көрген, /қас дұшпанын бөктерген, /қанымен қорғап бабалар, /сіз бен бізге өткерген» Қазақстан аумағы екен. Сол киелі мекен:

Атамның Құты,

Атом,

Сынағы өткен жез жұрты,–

Өзіме – Ана,

Өзгенің

Өзегін жеген

Көзқұрты» болды. Міне, бұл, менің 1998 жылы жарық көрген «Мәңгі көк аспан астында» атты өлеңдер жинағымдағы өлеңнен үзінді. Олай болса, қазақтың енді қанша ғұмыр жас кешетіндігі осы жердің тағдырына байланысты. Жерің болса қазақ барсың, жерің болмаса қазақ жоқсың! Жер үшінгі күрес бүгін ғана елді есінен тандырған күрделі мәселе емес, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері күн тәртібінен түспей келе жатқаны жанды ауыртады. Жерімізге көз алартып отырғандар, «өзекті жеген құрт өзге ғана емес өзінің ішіңнен шыққан шұбар жыландар болса не дейсің. Өртенетін, күйінетін жерің осы ғой. Өз қолыңды өзің кесесің бер. Осындан ғасыр бұрын Ахметтер, Әлихандар, Әлімхандар, кешегі Жұмабектер… алақандай жер болса да алып қалсам деп шырылдаса, ал бүгінгі өзіміздің  «жыландарымыз» алақандай тұрмақ аумағыңмен сатып жіберсем деп жанын салып жатыр. Жерді асты-үстімен барын үңгіп сатқанымен қоймай, енді кесіп, кертіп сатып жіберсек дейді. Жер кесіп, кертіп бөліп жей салатын торт емес қой. Жер халықтың жаны емес пе? Сол бір өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында да қазақтың «ішінен шыққан шұбарлары» жер сатылсын деп қақсағанда:

Кілкіген қаймақ,

Алтынды аймақ–

Тіреуіш болған кірпікке.

Абайлап қарап,

Алыстан араб,

Ұйықтамай отыр шүршіт те.

Құқайды қойып,

Қызылға тойып,

Айырбас ала бүркітке:

Әмерік әні:

– Аяңмен,– дейді,

Аялмен алар үркітпе!

Орыста бірде:

– Бірге ғой ірге,

мың жылдан бері, түсін,– деп,–

– Арқаңнан маған,

Арналған саған,

            ақылым,

                   ойым, 

                           ісім,– деп,

Қылтадан қағып,

Қабақты бағып,

Санатқа салмай байқайды.

Санайма әлі:

       Өлікпен бірдей,

              мелшиген өңкей мүсін деп.

Көкелеп күлед,

Бетімнен сүйед,

Әкелеп сылап біреуі.

Анасы – жанат,

Мынасы – қанат,

Ол болмақ –

Уық, тіреуі.

Арманы алмақ,

Арбаға салмақ,

Жатырын ұңғып Даламның!

Бірінсіз бірі,

Тұрмайтын тірі

Қазақтың Дала,

Даланмның Қазақ –

Сүйеуі!

Көгімде жайнап,

Көтердік Байрақ,

Уызды құрсақ үшін деп!

Аймағым – алтын,

Қанымыз салқын,

Демеймін сірә күшім Бек.

Есебін санап,

Езуін жалап,

Тамсанып тағы жұтынып,

Қарайды батыс,

Қарайды шығыс,

Көздері қанап,

Ішіп-жеп! – деп шенеуіктердің әрекеті ішке симай кеткенде жазған осы өлеңімді жариялайтын басылым таппай, ақыры жоғарыда аталған кітапқа енгіздім. Қазіргі ғаламторлық әлеуметтік желілердің бір пайдасы халықтың көкейіндегісін ашық айтуға, көпке жылдам жеткізуге мол мүмкіндігі. Жарияланған дүниені біреу болмаса біреуі естиді, біреу болмаса біреуі көреді, оқиды. Ақырындап ол жоғарының құлағына жетеді. Билік халықпен санасқысы келмесе де тіксінеді, аяғын жияды. Жер мәселесінде халық – қазақ қарап отыра береді дегендер қатты қателеседі. Сол жылдары жер туралы жанайқайымды.

Жетпесін жерге жаманат,

Жер – намыс,

Жер – аманат!

Жерді сатам дегенше:

Өзіңді,

Мені,

Табанда Ат! (сол кітапта, 39 бет) деп аяқтаппын.

Бүгін де айтарым осы!

!

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. ЖЕР ТАҚЫРЫП ТӨҢІРЕГІНДЕ ТУЫНДАҒАН СҰРАҚТАР;
    ***
    Жер сатылып əр кім өз жерім деп, қоршап, басқаға бас сұқтырмаса, онда бұл елдің азаматтары мен сарбаздары кімнің жерін кімнен қорғайды?
    ***
    “Отан қорғау, елді, жерді сүйу, халықты, ұлтты қорғау…” деген түсінік жойыла ма?
    ***
    “Мемлекет” деген түсініктің өзі нені білдіреді? Мемлекет жеке меншіктің жерін қорғай ма?
    ***
    “Қарапайым халық” деген ұғым қайда қалады? Ол ұғым егесінің айдауындағы, қорада байлаудағы, жемдеудегі малдың орнын баса ма?
    ***
    Билік бұл əрекетімен халықты күшпен, əдейі, саналы түрде төңкеріске итермелеп отырған жоқ па?
    ***
    Жері мен мәдениеті, тілінен айрылса халық қандай күйге түседі?
    ***
    21 ғасырдың “соғыссыз” жаулап алу тактикасы осы ма?
    ***
    Нəтиже не болады? Халқын тыңдап, жерін, топырағын, “отан” деген жүрегін, сенімін халқына қайтарып, елбасы батыр атана ма? Əлде төңкеріске əкеліп, жер үшін шыр-пыр болған “Мұхтарлар” батыр атана ма?
    ***
    Билік білгенін істесе халық неге қауқарсыз?
    ***
    Халық əбден шегіне жетіп, тұмсығымен жер тіреп, құр алақан, не жері, не тілі жоқ, басқаға жалтақтап, алақан жайып қалған кезде бірақ ояна ма?
    ***
    Бүгін көніп отырған халық ертеңгі ұрпағынан ұялмай, бүгінгі өз жан тыныштығын ойлап өте ме?
    ***
    Жер мəселесі төңірегінде құрылған комиссия салиқалы жолмен халықты тыныштандыра ала ма? Сайқалдықпен сатып кете ме?
    ***
    Комиссия мүшелерінің 90 пайызы билік өкілдері мен жерінен айрылғысы келмейтін үлкен жер иелері болғанына қарамастан қалған 10 пайыз халық жағындағы адамдардың сөз салмағы олардікінен ауыр болуының өзі биліктің жеңілісін көрсетіп тұрса да мойындағысы келмеуі нені білдіреді?
    ***
    Биліктің күші өздері өмірге əкелген, жемқорлық, халықты тонауға ыңғайлы етіп жасалған заң мен жемқор қоғамды пайдаланып шұрайлы жерлерді мыңдаған гектарлап басып алған (атасынан қалған мұрадай жабысқан) жер иелерін жерлерінен айыруға жете ме, əлде халықты алдап көндіруге ме?
    ????…..
    ***
    ???……?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар