Ораза айт күні туған өлең
Айтуға өтірік болар ма?
Күнәдан кеше тазарып,
Бүгін батқан оңар ма?
Автордан
Жұмыстап тұр жалғыз жұмыр бас қана,
Жұмыршақ құр, жұртым қара – жас бала.
Жалған жақтар жарыса шулап сөйлейді:
«Жас қаламыз –
Астанамыз Он сегізде!!!»…
Мас Тана.
Сүркей самал Арқа төстен еседі,
Ұстағаны уысында ақиқаттың кесегі.
Кенесары басын тіккен бәйгеге,
Қараөткел,
қайда Бозақ кешегі?
Шағылысып шыны сарай –
қақ қора.
Сары сірік жаңғырмайтын тақ –
Мода.
Қараша мен желтоқсанның мұңындай,
Жер өмірден мұндалайтын Ақмола.
Күндер – күлкі,
Түрлер – түлкі,
Бас қаламыз Астанамыз тым-тым жас.
Жылап жүріп көрісіп ек мың жылдық
Алматымен…
Ірге тассыз үй тұрмас.
Б.Бәмішұлы
06.07.2016 жыл. Алматы.
Парақшамызға жазылыңыз
Астарлы өлең екен, түсінген адамға