///

Отыз жыл Cталин деп бақылдаған, айрылды Қазақстан текесінен

2780 рет қаралды

3e0f5cfb807041aa5b4f30e686a38615_LТумысынан тентек, тура мінезді Шәкір Әбенов 1938–1939 жылдары Жамбылдың әдеби хатшысы болады. Екі ақын да ара-арасында жиі сөзге келіп қала береді екен. Шәкірдің мұнысын шам көрген бәзбіреулер оны Жамбыл ақсақалға жамандай беріпті. Ақыры олар Шәкірге қол тигізіп, соңына «үндеместі» салады. Мұны білген Шәкір Бішкекке кетеді. Араға уақыт салып Алматыға қайта оралғанда да дамыл болмайды. Мұнда да тыныштық болмағасын Шәкір ақын ауылға кетеді. Ақыры сол қуғыннан құтылмай түрмеге қамалады. Соғыс басталғанда түрмеден «айып батальонына» сұранып, майданға барып, жараланып қайтады. Онда да колхоздың бастықтарын сынап, оларға жақпай жүреді. Сол к13620375_977799459007818_5910602164228827757_nезде Жамбыл қайтыс болды дегенді естіп, біреулер өлең шығар деп қолқа салады. Ішінде қыжылы бар Шәкір: «Әй, мені қинамаңдар. Қыжылым бар. Сендерге жақпайды, ал өтірік көлгірси алмаймын», –  десе қоймапты. Сонда Шәкір: Өлеңді мен айтпаймын кекесіннен, Айтамын бірер сөздің есесінен. Отыз жыл Сталин деп бақылдаған, Айрылды Қазақстан текесінен, –  деген екен. Мұндай сөз жата ма, араға біраз уақыт өткен соң соңына қудалау түседі. Содан тағы да он жылға сотталып кете барады. Біздіңше,13439204_977799662341131_2129404947176110929_n бұл Жамбылды мұқату емес, оның өзімен сөзбен ұстасып үйренген ақынның сөзі деп түсінген жөн. Екінші, сол сөзі үшін жазасын алған, «құны өтелген» шумақ болса керек. Ондай мінез, Жәкеңнің өзінде де болған ғой. Біз тек сөздің атасы өлмесін деп келтіріп отырмыз.

дерек көзі
www. bmtv.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар