//

ҚР-ның Премьер-министрі Баян-Өлгийге барды

985 рет қаралды
8

каримҚР-ның Премьер-министрі Баян-Өлгийге барды. Бір неше күннің алдында ғана табиғат апатына ұшырап ауыр жағдайға душар болған елдің жай-күйін Елбасының тікелей тапсырмасымен өз көзімен көріп-білу үшін, халық қайғысына ортақ екенін білдіру үшін жедел ұшып келген беті болса керек. Бұл  Қазақ Елінің жер жүзінің түкпір-түкпірінде жүрген әр қазақтың қамқоршысы, артындағы сүйеніші, іздеушісі, қорғаны бар екенін көрсеткен зор оқиға болды. Бұл – Елбасының шетелдердегі ағайындарды әрдайым назарынан тыс қалдырмайтындығының жарқын куәсы. Елдіктің ерен белгісі. Отан деген қапсиетті Ұлы ұғымның қадыры мен қауқары осындайда тіпті айшықталып, айбары аспандай түседі екен. Бұл – Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің арқасы. Ұлы Бостандық, Ұлы Азаттықтың жемісі! Елің, Жерің, Отаның бар деген осы! Жылағанды уатып, қайғырғанды жұбатқаннан артық не керек. Осының өзі неге тұрады. Осының өзі елдің еңсесін көтеріп, рух-жігерін аспандатып тасытып тастады. Жергілікті жұрт та, елдегі жағдайды көзінен таса етпей, бағып-қағып, бақылап отырған отырған халық та Казақ Елінің бұ іс-әрекетіне шын жүректен алғыс айтып, дән риза екенін паш етіп жатыр. Айналайын халқым, ҚР-ның Бас министрі ұшақтан түскен бойда Ақ Сүтін алдынан тосып, Көк дөненін көлденең тарты, Ақ жаулықты Ана шашуын аспандата шашып қарсы алып жатыр. Жөн ғой. Сыйға сый, сыраға бал, деген осы! Бұл Қазақ Еліне деген Байөлгей жұртының ыстық ықылас, адал құрметтің шынайы көрнісі. Ағайын аман болсын. Қазақ Елі жасасын!

Б.Бақытбек

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. кәрім Елбасының адал көмекшісі, ет пен сүйектен жаралған жан ғой, астына ақ боз ат мінгізіп, қолына сарала қамшы ұстатып, иығына шапан жапқанда қатты толқыпты. Әй, қазағымның пейілі-ай, қара тасты даерітеді ғой.

  2. Табиғат зардабына ұшырап жатқан ағайынының басынан аттап өте шықпай, ат басын тіреп, ағайынның көңілін аулап, ары қарай ұшып кеткен Кәрімге мың алғыс! Кәрім Елбасының адал көмекшісі. Кәрімді құрметтегніміз, Елбасын сыйлағанымыз! Әй, қазағымның пейілі-ай, қаласа қара тасты да ерітеді. Өзі зардап шегіп жатып, алыстан ұшып жеткен Кәріміне ақ айдар, ақ боз атын мінгізіп, қамқа тон жауып, қолына сары ала қамшысын ұстатты. Бұндай құрметті Кәрім атасында да, ботасында да көрмеген, көрді деп естімегенбіз! Кәрімнің жібіген жүрегі, Қазақ Елінің үкіметінің елжірегені! Қам жемеңдер, қайыр болады! Тәубә!

  3. “Ұлы дала елі” ұлылығын көрсетті! Осы ұлылықты жасаған Елбасы, елдің бас уәлиі Кәрім Қажымұханұлы қазақ елінің қара шаңырақ екендігін күллі қазаққа тағы да бір паш етті. Елдің елдігі осындайда! Осындай артында жоқтаушысы бар, іздеушісі бар Баян Өлгейліктер бұл қиындықты да жеңіп шығатынына сенімдімін. Қазақ елі жасасын!

  4. Аятжан Ахметжан
    БІр есеп беріп қояйын, бүгін біраз атымтай жомарт жігіттер қол созып жатыр, кімнің атынан қайдан келіп жатқанын компютерден көріп отырмын. 500 теңгеден бастап біраз сумаға дейін түсіп жатыр…
    Халық банк: 1 096 945 теңге.
    Счет Qiwi 156 002 теңге.
    Қолға: 109 000 теңге.
    Даниядағы қандастар: 1000 доллар
    Ирландиялық қандастар: 600 доллар
    Германиядан қандастар: 100 еуро
    Жалпы: 1 920 547 теңге жиналды!
    Осы барыста барша жүрегі қазақ деп соққан барша азаматтарға, ақпарат министрлігіне, Қазақ күресі федрацисиясы, қазақстан барысы қоры, Сарсен Құранбек ағаға, Егемен Қазақстан газеті басшысы Дарқан ағаға, 24кз ұжымына, Асыл арна директоры Мұхаметжан ағаға, барша ақпаратты таратып көмегін жасап жатқан қауымға бір сөзбен айтқанда күллі қазаққа рахмет.
    Айтпақшы, мынау Берік ағамның домбарсы бұл да келді… дастарханнан дəм келді, бір жазушы бауырдан кітап келді…
    Шүкір Аллаға қазағымның берекесі! Аудару әлі жалғасыда:
    Халық Банк: 4402 5775 0180 1032
    Виза басқа банк шоттарынан тіке аударуға да болады.
    ИНН: 860718399050
    Киви: 87029318008

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар