//

Әлихан Бөкейхан есімі Қарағандыдағы ауданға беріле ме?

1402 рет қаралды

Қарағандыдағы бір ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімі беріледі

Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орай, оның атын Қарағандыдағы бір ауданға беру туралы ұсынысты белгілі журналист,  “Айқын” газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп Қарағандыда өткен конференцияда айтқан екен. Ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында облыстағы Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан атымен алмастыру туралы ұсыныс айтқанын жазады. 

Көп ұзамай, Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Дулат Аманжол әлеуметтік желідегі парақшасында аталған ұсыныстың қабыл алынғанын, сөйтіп Октябрь ауданы қазақ қайраткерінің атауымен аталатын болғандығы жайында бөлісіп, сүйіншілейді.

Сөйтіп, ұлт көсемі, Алаш қайраткерін ұлықтау ісі әрі қарай жалғаса бермек.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар