///

Путин: Ресей Қырымды басып алған жоқ!

863 рет қаралды

166 63391-preview-image k7tjdxmh-580

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 16-қыркүйекте ТМД елдерінің 25 жылдығына орай мерейтойлық саммиті болып өтті. Бүгінде пост кеңестік елдердің 11-і мүше бұл ұйымның саммитіне небәрі 7 елден делегация келді.

ТМД атты   құрылымның бары және оған қатысудың онша маңызға ие болмай қалғандығына біраз уақыт. Достастық елдерінің 25 жылдық мерейойы қарсаңында бұл ұйымның болашағы күн өткен сайын бұлыңғырланып бара жатқаны айқын болды. www.lenta.ru сайтының жазуы бойынша Белоруссия президенті Александр Лукашенко «ТМД-ының 25 жылдығын қорытындыласақ, адам қызығарлықтай немесе көңіліңді жұбаратлықтай ештеңе жоқ. Біз жақсыдан жаманға қарай жүрдік» деген пікір білдірсе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірлескен шаралар, өзара байланыс, қарым-қатынас өте әлсіз. Біз өте ірі көлемде құжаттар қабылдадық. Алайда ешкім оны орындаған жоқ» деген пікір білдірген.

ТМД тиімді құрылым болудан қалғанын ескерген шығар, Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері әуелі Кеден одағын, сосын Еуразиялық экономикалық одақ құрумен айналысып кеткені белгілі. Жақында о дүниелік сапарға аттанған Өзбекстан президенті Ислам Каримов Саммиттерден қалмағанымен, ТМД интеграциясы үшін аса мүдделі бола қоймады. Оны Өзбекстан президентінің көптеген шешімдерге мойынсұнбағанынан көруге болады. Қазір оның міндетін атқарушы Шавкат Мирзоев сайлау алды кампаниясының жүргізіліп жатқанын көлденең тарта отырып, Саммитке келуден бас тартқан. 2017 жылдың ТМД елдері достастық ұйымын басқарудан бас тартқан Молдова президентінің 2014 жылдан бері Ресей президенті Владимир Путинмен бас араздығы бар көрінеді. Содан бері ол Путинмен кездесуден қашқақтап жүр. Украина президенті Петр Порошенко өз орнына Қырғызстандағы елшісін жіберген екен. Түркіменбашы Ресейдің Түркімен газын алудан бас тартқаны үшін бұл саммитке келуді жөн санамаған секілді. Сөйтіп барға қанағат жасаған 25 жылдық мерейтойлық саммитте елдің есінде қалар оқиға Украина елшісі мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы диалогты айтуға болады.

Украина елшісі Ресейдің 2017 жылы ТМД-ға басшылық етуіне қарсылық білдіре отырып, оның Қырымды аннекциялап алғанын, сөйтіп халыөаралық заңдарға қайшы әрекет еткенін көлденең тартып, Ресейдің ТМД-ға төрағалық етуіне қарсылық білдірді. Ал Путин өз кезегінде Ресейдің Қырымды аннекцияламағанын және Қырым халқының Ресейге өз еркімен қосылғанын, оның халықаралық заңдылықтарға қайшы емес екендігін айта отырып, Украинаның ТМД жарғысына қол қоймағанын және ратификацияламағанын ескертіп, Украинаның бұған ешқандай құқы жоқ екендігін ескертті.

https://youtu.be/ycc7amAMxzY

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар