Бүгін Қырғызстанның Ыстық көл жағалауындағы Чолпан Ата қаласында өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жабылу салтанаты Бішкекте болмақ. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600 жүзге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғады. Жалпы есеп бойынша, Қазақстан командасы бұл ойында – 5 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Бірінші орын, 17 медальмен Ресей Федерациясына бұйырса, Қырғыздар үшінші орынды қанағат тұтқан.
Делебеңді қоздырған жалпы көшпенділерге тән ұлттық ойындар бәсекесі, тек көшпенді халықтардың өздерін ғана емес, бүкіл әлемді таңқалдырып, бастарын шайқатуда. Бұл туралы http:Аl-Jazeera телеарнасы, Euronews, Түріктің TRT World, Қытайдың CCTV, CCK NEWS, немістің Deutsche Welle, The
Guardian, www.foxsports.com секілді ақпарат құралдары Көшпенділердің ойынынан тамаша
репортаждар көрсеткен екен. Алдағы жылы бұл ойын Қазақ даласында өтуі ғажап емес. Өйткені, Көшпенділер ойынының ұйымдастырушылары тарапынан ондай ұсыныстың болғандығы және Қазақстан оны қолдайтындығы айтылған.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз