///

Қазақ телевидениесіндегі ботокстар мен мегa жұлдыз блогерлер туралы

774 рет қаралды

583

Иә, журналистика сенің не теңің… Тура маған осылай айтсаңыздар болады, журналист туралы сөйлегелі отырғаным үшін. Мың жерден сол журналистикадан алыс салада жүрген адам болсам да, шетте тұратын қазақ ретінде қазақ контентін, қазақ телевидениесіндегі бағдарламаларды бақылап отырамын. Ақымақ адамға да белгілі жайт өте көп, дәл соқырға таяқ ұстатқандай. Профессионал, өз мамандығының шеберін көп көре алмадым. Ютуб, инстаграм, фейсбукка видео салғанның бәрін журналист деп қабылдау пайда болды. Тіпті беттері ботокс-ботокс болып, мимикаға келмейтін мега супер келіншектер қазақ экранын басып алыпты. Жеке басына тиіспеймін, тек телевидениедегі жүргізу манерасына, шеберлігіне тоқталайын. “Таңшолпан” бағдарламасына әнші Гүлнұр Оразымбетова келді. Әншілігіне дауым жоқ. Бірақ беті, фигурасы әдемі болғаны үшін экраннан түспейді. Қонаққа даяр сұрақты әрең қояды екен, сұхбаттасушыны керемет диалогқа шақыра алмайды.

“Біздің үйге” кәсіби заңгер, білікті жүргізуші Әсел Акбароваға қабаттасып Айнұр Тұрсынбаева кепті. Хош сонымен, Айнұр Тұрсынбаева айтыскер екеніне дауласа алмаймын. Инстаграмда күнде ет асып, күнде көйлек ауыстырып, Жүрсін ағасын жағалап айтысын айтып жүре берсін. Тек журналистердің жұмысына жармаспасын. Эфир заңы деген бар. Халықты сыйласын,  бетім әдемі, белім қылдай деп, ботокс, лифтингмен толтырған денесі мен сұлулығын пайдаланып, ақылы көп болса да ажары кемшін боп тұрған журналистердің алдын орауы әбес. Эфирде ең бірінші қырық екі әріпті дұрыс айта алатын, кәсіби журналист сөйлеуі керек. Гүлнұр ханым да сол.

Oнлайнда барлық рейтінгі жоғары бағдарламаны көріп шықтым. “Бенефис шоудағы” Қарақат пен Қыдырәлі, “Қызықтаймс”, “Тойбастар”, “Біздің үй”, Аша Матай мен Кешюдің қыздары “Сәлем Қазақстан” жүргізетін  тағы басқа мыңдаған көңіл көтерерлік бағдарламаларды бұл тізімге қоса аламыз. Қазір эфир аузы ботокс, жарнама котекс болып кетті. Кеше онлайн біраз бағдарламаларды қарап қарным ашты. Осы кісілерге қарағанда филфак пен журфакты бітіргендер әлдеқашан артық. Сұрақты дұрыс қоя алып, өз мәтінін өзі жаза алады ғой. Ал экономикалық бағдарламаны экономист жүргізгенін, саяси бағдарламаны политологтар жүргізгеніне қарсы емеспін. Себебі экономика саласына, саяси мәселелерге машықталған журналист аз. Ал әншілердің кесірінен көп жас соларды сұлулықтың идеалы тұтып, неше түрлі пластикалық оталардың құрбаны болайын деп тұр. Дұрыс ақ! Әнші әдемі болып жүрсін. Ботокс ектіре ме, тіпті раушан гүлінің нәрін ектіре ме өз еркі. Сахнада әдемі болып, әнін айтып жүрсін. Егер бір журналист ән айтсыншы. Аталмыш әншілер “ойбай сенің дауыс диапазоның жоқ, иірімдерді сала алмадың, акерлік шеберлігің жоқ” деп күн көрсетпей кетеді қырқылдап. Дәл сол секілді сол журналистер де айтсын әншіге. “Айналайын әншім. Сенде мүлде журналистикалық білім жоқ, жүргізу, форматты түсініп, алып кету деген жоқ. Тым болмаса біздің жазып берген мәтінді дұрыс оқып, оқиғаға ыңғайлы сұрақ қоя алмайсың” деп.
Шыны керек жұмысын жақсы атқару үшін тынымсыз еңбек жасап, сұлулық салонына бармақ түгілі монтажын жасап, жұмыста қонып қалатын, көркем бола алатын , бірақ кәсібін толық атқаратын ақылды әпке, апайларымыз өте көп. Өкініштісі сол, Қазақ телевидениесін шоу бизнестегі келіншектер басты, бірақ олар журналист емес. Әркім өз жұмысын атқаруы керек ғой. Жалпы бір байқағаным, әрине салыстыру арқылы болады ғой бәрі де. Анау тұрған Америка, мынау тұрған Моңғолияның телевидениесінде жұмыс жасайтындарды көріп отырмын. Дерлік тоқсан пайызы түрі онша емес кәсіби журналистер. “Мэйк аптың” құдыретімен дефектілерін жасырып отыр. Программа менюін қарасам жоғарыдағы екі мемлекетте саяси, аналитикалық бағдарламалар өте көп. Ойын сауық бағдарламалар аз. Ал тоталитарлы мемлекеттерде, Мысалы Демократиялық Корея, Қазақстан теле арналары өңшең мисстерге толы. Қазақстан теле арналарында көбінде көңіл көтеруге арналған бағдарламалар толып тұр. Бұдан нені түсінуге болады.Адам көңілденген сайын ойланбайды. Өміріне шағымданбайды, экрандағы ырду-дырдуды көріп отырып. Яғни ойын сауық бағдарламалары арқылы халықтың көзі бітелуі де мүмкін.
Қазақстандағы телевидение саласында эфирге шығып жұмыс істей алмай жүрген кәсіби журналистер өте көп.Бар. Бірақ ол кісілер өте аз. Қазақ телевидениесі қырқыл сырқыл, жарқыл әншінің телевидениесіне айналып апты.
#АяқАсты #ПрограммалардыКөргеннеКейінгіОй

Толқын Тотының фейсбуктегі жазбасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар