////

Қанаттың айбары да, айдары да – Қазақ! Қанат Исламның жекпе-жегінен туған ой

2052 рет қаралды

11215823_949377285123174_8629913356140321071_n

Қанат Ислам – Қазақ Елінің атын кәсіпқой бокс арқылы әлемге танытқан тұңғыш Қазақ. Азан шақырып қойған атына қосақтап  алған лақап аты да – «ҚАЗАҚ». Бұл спортшыларға тән жағдай. Ондай лақап аттар негізінде «аю», «дию», «акула», «жойпан», «шойын», «жұдырық» деген сияқты айбарлы, үрей шақырып, қорқыныш тудырар сөздерден болады. Ал Қанат  болса, қарапайым ғана, қарапайым болғанда аса қасиетті, қастерлі туған ұлтының ҚАЗАҚ атын өзіне меншіктейді. Осыдан-ақ Қанаттың көкейкесті арманын, Ұлы мақсат-мұратын тануға болады. Қанаттың айбары да, айдары да Қазақ! Әуелі ол шығысымыздағы миллиардтан астам жан саны бар елден топ жарып шығып, қазақтың атын аспандатқанымен жат жұрттың намысын қорғап, жат елдің туын көкке желбіретті.  Қаншама жерден «мен қазақпын» деп көкірегін кергенімен қазақтың емес, өзі азаматы болып саналатыен елдің аты шықты. Өзінің күш-қайратына кәміл сенген Қанат ендігі жерде Қазақ Елінің абыройын асқақтатып, Көк Туын көтерсем деген ақ жарма адал ниетпен тарихи отанына біржолата оралды. Бірақ біздің билік бұны қабылдай алмады. Сөйтсе де Қанат алған бетінен қайтпады. Қалайда Қазақ атын шығаруға бел буды. Мұхит асып, Әмерикадан бірақ шықты. Бұл күнде Қанат, қазақ халқына берген уәдесін, айтқан антын абыроймен орындап, сертінде тұрғанына әлем куә!

Қанат 2016 жылы қазанның 29 күні Алматыда «Алматы-арена» спорт сарайында Африкалық азаматпен жекпе-жекке шығып, оны айқын басымдықпен жеңді. Он бес мыңға жуық көрермен оның ішінде қаршадай баладан бастап, қария-қартқа дейін, қоғамның әр түрлі саласының өкілдері әйел-еркек демей барып тамашалады. Қанатты қолдап соққан қол мен айғайлаған дауыстар алып залдың төбесін төңкеріп тастай жаздады. Әр бір айналым сайын Қанаттың соқысына қол соғып қана қоймай, оның қарсыласын  есінен тандырып, ұрып жықпағанына айызы қанбағандар «Ұр! Танаудан соқ! Сұлат! Ұрып жық! Нокаут!…» деп одан әрмен «жігерлендіріп» жатты. Мұрнынан қан кетіп, қызыл қасқа болып қанталап, мәреге жеткен Қанаттың жеңісіне ел болып қуандық, қол соқтық, қолпаштадық. Өзімізде: «Туыс әрі бөтенсің, //Қылыш кеспес жетемсің.// Аман жүрсең. Қанатым,// Дегеніңе жетерсің,// Қызғаныштың құрбаны,// Болып кетпесе екенсің» деп тақпақтатып та жібердік. Осылай деп Қанаттың жеңісіне мәз бола отырып, Ғабит Мүсірепов жарықтықтың «Жеңген ел, сен осындай күйге ұшырасаң, жеңілгеннің күні қандай екен?» дегені ойыма орала берді.

1477654893Иә, Қанат өзінің асқан шеберлігін көрсетті, ал төпештеп ұрып, зілдей соққымен пергілеп жатса да міз бақпай, қасарысқан қарсылас та қайсар, тіліп алса қан шықпас қайыс екен, үш рет өздігінен құлап түссе де әлсіздігін білдірмей кетті. Егер Қанаттың қарсыласынан қан шығып немесе есінен танып, жер қауып құлап түссе қайтер едік? Қуаныштан, шын қуаныштан жынданып кетер ме едік? Қанат бізді осыдан сақтандырды. Қанаттың бұл жолғы жеңісі қарының қарымында емес, ақылының алымдылығында болды деп есептеймін.  Өйткені, қан, қызыл қан – бірін-бірі тірідей жегелі тұрғандар түгіл солардың сойқанына қарап отырған адамның өзінің делебесін қоздырып, ақылын алып, көзін қызартып әкететін құдыреті бар киелі дүние.

Әлбетте, қазақ атам заманнан бері ойынның мұндай түрін қаламаған. Ерлерінің күшін күрестіру, ат үстінен аударыспақ жасату, көкпар тарттыру, асау үйреттіру, жаяу жарыс жасату, жамбы аттыру сияқты аса мәдениетті, айуандықтан ада, хайуандықтан азат сайыстар арқылы сынап, тексеріп-теңшеп, адами сананың озық, жетілген, өркениетті үлгілі өнегесін көрсетіп, тамашалап келіпті.

0a481385a9e9e0a5b911672587781960maxresdefaultАл адам баласын 6х6 метр шаршы алаңды арқанмен қоршап алып, «ережесіз төбелесте» темір торға қамап алып, адам мен адамды итше таластырып, қызыл қанға бөктіріп, бірін-бірі есі ауысқанша соққылап, талдырып жығып, қатыгездік пен қанға  айызы қанып, содан ләззат алып, құмардан шығу адамшылыққа, кісілікке, ақыл-ойы бар өсіп-өркендеп, жетіліп, кемелденген өркениетті адам баласына жарасар жарасымды қылық емес, бұл ХХ1 ғасыр адамның ақыл-ойының өлшемі сол баяғы біздің дәуірімізден үш-төрт мың жыл бұрынғы  африкалық құлдарды сатып әкеліп бірі өліп, бірі қалғанша жұлыстырып, таластырып құмардан шығатын грек императорларының, эллиндер заманының адамының ақыл-ой деңгейінде мешеу қалғандығының  көрсеткіші болса керек. Онсыз да жер бетінде империялар шайқасынан бұл күнде төгіліп жатқан қан аз ба?

Мынау, Сирияда балабақшалар мен мектептерді бомбалап, бейкүнә сәбилер мен бейбіт елдің төгілген қаны аз ба? Құдай, осы қан ішерлердің зауалын қашан береді?  Құдай бейкүнә, нақақтан аққан қаннан сақтасын!

Бақытбек Бәмішұлы-Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар