//

Сириядағы қазақтардың теріс насихаты

1238 рет қаралды


470677_900

Бүгінде әлеуметтік желілерде экстремизмді және лаңкестік әрекеттерді насихаттаушылар жетерлік. Солардың араcында әкелі-балалы Марат Мәуленов пен Нұрдәулет Амангелдиевтің белсенділігі ерекше байқалады. Олар Сириядағы «ДАИШ» экстремистік ұйымының күнделікті өмірін және шариғат орнаған бірден-бір мемлекет екендігін көрсетуге талпынады. Және әлеуметтік желілердегі өздерінің жеке парақшаларында күн сайынғы соғысқа шақыратын жазбалар салып тұрады. Таяуда елді дүрліктірген видеоүндеуді жасағандардың арасында осы Марат Мәуленов та бар болатын.

  Аталған видео үндеу көктемде әлеуметтік желі мен «Whatsapp» мобильді қосымшасы арқылы таралған. Онда белгісіз ер адам Қазақстанды ислам еліне айналдырып, нағыз демократиялық қоғам құрғылары келетіндігін айтады. Үндеу жасаушылардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының бұрынғы тұрғыны екені анықталды. Ол Марат Мәуленов еді. Марат Қазығұртта орыс тілінің мұғалімі болып қызмет етіп, осыдан бірнеше жыл бұрын Сирияға көшіп кеткен-тұғын.

Марат Мәуленов «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде өзінің балаларының суреттерін жариялап, өз ұғымындағы жиһадта жүрміз деп есептейді. Қазақ тілінде көп пікір айтылатын діни топтар мен түрлі тақырыптар талқыланатын бірлестіктерге, өз жазбаларын қалдырып жүреді. Өзін Марат Мәуленовтың баласымын деп растаған Нұрдәулет Амангелдиев парақшасына Марат Мәуленовты қолдайтын жазбаларды бөліскен. Желіде әкесі мен баласының мұндай әрекеті кейбір жандардың наразылығын туғызды. Өйткені олар басқаның пікірімен санаспай, өздерінен өзгенің бәрін бір сөзбен кәпірге жатқызатын. Сөздерінің дәлелі ретінде әр жерден қырқылған Құран аяттарын көрсетеді. Қазақ тілінде жазылған насихаттарын, сенімді түрде жазған етіп көрсетуге тырысып бағады. Және де ешбір БАҚ өкілдеріне сенбеуге шақырады. Ресей Федерациясына және «ДАИШ» экстремистік ұйымын мойындамаған мемлекеттердің бәріне өздерінің айыптарын тағып, бүкіл әлеммен соғысуды көздейді. Бірақ та, Марат Мәуленовтардың айтуы бір басқа да, өздерінің ондағы күнделікті өмірі мүлдем басқа…

0f515807c032491d0139f56a1581ec5d__660x  Арнайы түрде осы ақпарларды растау үшін олармен кейде жай қарапайым адам болып, кейде оларды қолдайтын жан ретінде хат алмасып көрдік. Оның әңгімесінен ұғуымызша Марат Мәуленов өз отбасымен бірге Сирияға кеткен. Және де екі ай бойы ондағы үкімет әскеріне қарсы соғыстарға қатысқан. Өзінің алдыңғы қатардағы қарапайым «штурмовик» екендігін де айтты. Шекарадан өту кезінде жәрдемдескен дағыстандық бір азаматқа 21 жастағы қызын күйеуге берген көрінеді. Өзінің жасы 46-да және аталған ұйымның көсемі Әбу Бәкір әл Бағдадидің де сол жаста екендігін айтып қалғаны бар. Ондағылар оны «қурайыш» руынан деп есептейді. Айтуына қарағанда өте қарапайым жан, тіпті қонаққа шақырса да келетінін айтады. Олар бір-бірімен орыс және араб тілдерінде қарым-қатынас жасайды екен. Ал, өзінің үш баласы соғысып жүрсе керек. Өзі соғысқа кеткендерге жәрдем беру үстінде. Алматылық бір жігіттің қаза болғанын айтып, өзінің де соғысқа қатысып, қаза болғысы келетіндігін жазды. Әйелінің жасы өзімен шамалас. Екінші әйелді араб ұлтынан алғысы келетінін, баласын Атыраудан барған бір қызға үйлендірмекші екендігін бізге ғаламтор арқылы айтты.

isis-caliphate

Жалпы, Марат Мәуленовтың бір қызы және бес ұлы бар көрінеді. Өзінің суреттерінде Пальмира қаласындағы кездерін көреміз. Пальмира екі жыл содырлардың қолында болып, үкімет әскерінің қайтадан қайтарып алған қаласы. Бұл қаладан өзі де айырылып қалғандарын мойындайды. Және Ливия, Ауғанстан т.б. жерлерді басып алуға күш салып жатқандығын жазды. Муаммар Каддафидің билігі құлаған соң, «ДАИШ» экстремистік ұйымы Ливия елінде де белең алып барады. Марат Шамский деген тағы бір парақшасы болған. Бірақ та, тиісті орындардың көмегімен олардың парақшалары бұғатталынды.

Ақтөбедегі жағдайға байланысты да үнсіз отырмай, «Ассаламуалейкум Актюбинские ихва! Услышав ваши фидаи на пути Аллаха мы братья из Даулии безмерно обрадовались…» деген жазбаларымен бөліскенін көрдік. Артынша ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға Сириядағы бір белсенді адамның үндеуі түрткі болғандығын мәлімдеді. Бәлкім ол Марат Мәуленовтың я оның жақтастарының бірі болар?! Ондай тоқтамға Марат Мәуленовтың тыныш жатқан еліміздегі діни араздықты қоздырып, негізсіз жиһадқа шақыратын үндеулерді жиі тарататынына сүйеніп келдік. Бізді кейбір жастарымыз оларды қолдап, тіпті «ұнату» белгісін басқандары алаңдатады.

rtr3wknm-603x416Және де олардың парақшаларынан дәулетті үйде, қымбат көлік мініп, балаларымен дәмді тағамдарды дайындап жатқан сәттерін жиі байқауға болады. Олар сол арқылы «біздің қатарымызға қосылсаң, сен де балқып-шалқып жүресің» деп, жастарды қызықтырғысы келетіндей. Алайда хат алмасу барысында біз ол үйді Марат Мәуленовтың сатып алмағанын білдік. Ол сол баспананы өз күшімен тұрғызбаған да. Оны бар болғаны жергілікті халықтан тартып алған. «ДАИШ» ұйымы Сирия еліндегі азаматтарының байырғы жайлы үйлерін күшпен басып алып, өздерін босқынға айналдырып, құдды өз үйлері секілді етіп көрсетеді екен.

Негізсіз алдау мен арбауға түспеуіміз үшін ғаламтор желілерінде абай болғанымыз жөн. Мұндай саяси соғыс пен дін атын жамылған ұйымдардан сақтанғанымыз абзал. БҰҰ ұйымы мен ҰҚК «ДАИШ» экстремистік  және лаңкестік ұйымын өз аумақтарында тиым салғандығын білеміз. Бейбіт күнде өмір кешіп жатқан Ирак пен Сирия мемлекеттерін басып алған содырлардан не күтпекпіз? Олардың да нені аңсайтыны белгілі. Тәуелсіз қазақ даласындағы тату күннің заманын көре алмайтын ұйымдардың да мақсаты осы. Мұндай жалған жиһад үндеулерге сенбеуге, жастарымызды ермеуге шақырамыз. Бүгінгі жетістіктерімізден өзіміздің айырылып қалмауға жол бермейік! Тәуелсіз еліміздің тірегі, жастарымызға айтарымыз осы?!

Қадірәлі САРЫПБЕК

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар