//

9 жасар Мейіргүлдің өтініші орындалды

1166 рет қаралды

15621625_1215408008567269_3021188679054656646_n 15590291_1215408028567267_7176963338899445527_n

Мейіргүлдің әкесі Самет Ұларбек пен шешесі Тұрсын Оралхан 2016 жылғы 8 тамызда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 4-бөліміне сәйкес (белгіленген мерзімде елден шығудан жалтару) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкесі бір тәулікке қамауға алынған, шешесі айыппұл төлеген. 2016 жылғы 14 тамызда олар Қазақстаннан «Қорғас» бақылау-өткізу пункті арқылы шығып кеткен. Олардың Қазақстанға 5 жыл бойы кіруіне рұқсат жоқ екен. Қарғадай қыз Мейіргүл таныстарының қолында Алматыда жалғыз қалған.
2016 жылғы 7 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ішкі істер министрі Қ.Қасымовпен өткен қабылдауда Мейіргүл Ұларбекқызы Алматыдан келіп, министрдің қабылдауында болды. Өтінішін айтып, ата-анасының тезірек Қазақстанға оралуына рақымшылық жасауын сұраған болатын.
Ішкі істер министрі Мейіргүлдің өтініші бойынша, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаментіне хат жазып, Үрімжідегі консулдықтан Самет Ұларбек пен шешесі Тұрсын Оралханға елімізге кіру визасын беруді сұрапты.
Міне, бүгін – 22 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Үрімжідегі Мейіргүлдің анасынан телефон арқылы қуанышты хабар келді. Олар Еліміз консулдығынан Қазақстанға келу визасын алыпты. Енді санаулы күндерден соң, Алматыда қалған қызымен аман-есен қауышады.

“Нұр Отан” партиясына алғысын жаудырып жатыр қандасымыз!

Бірақ, мәселе жалғыз Мейіргүлдің ата-анасының оралуымен біткен жоқ. Үйірінен бөлініп қалған жандар әлі де көп.
Мысалы, осы жазамен 2015 жылы 307 этникалық қазақ елден тыс жерге шығарылыпты. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 199 қандасымыз жазаға тартылып, өз еліне қайтарылыпты.
Ал, 2014 жылы қанша этникалық қазақтың дәл осы құқық бұзушылықтың құрбаны болғаны туралы мәлімет жоқ. 2014 жылғы көрсеткіш бұдан да көп болуы мүмкін!

Ауыт Мұқибек

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар