Сонымен амнистия (рақымшылық заңы) күшіне енді. Бұл мәселе турасында жекеме өте көп сұрақтар келіп түсуіне байланысты қысқаша түрде Заңның негізгі жерлеріне тоқтала кетейін; Бұл заң жеке тұлғаға қарсы зорлық-зомбылық (адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау), экстремистік және ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарға қатысты мүлдем қолданылмайды. Ал, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімін қысқартуға болады. Келіп түскен сұрақтар еліміздегі соңғы кезде орын алған қоғамдық резонанс тудырған істерге байланысты болғандықтан, оларға қатысты да өз ойымды білдірсем, жер үшін сотталған Макс пен Талғаттың ісі өкінішке орай амнистияға ілікпейді. Сонымен қатар, профессор Саят Ибраев, ақын Арон Атабек, Мұхтар Жәкішовте амнистияға іліге алмайды. Ал, бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлады, заңды кәсіпкерлікке кедергі келтірді, алаяқтық жасады деген айыптаулармен сотталған және келтірілген шығынды толық өтеп тастаған Серік Ахметовке жақын арада босап шығуға өте жақсы мүмкіндіктер бар. Қазақтілді ортада көп пікірталас тудырмаса да, соңғы атышулы істердің бірі Лилия Рахқа қатысты сот үкімі. Егер аталған үкім апелляциялық алқада өзгеріссіз қалдырылса, онда Лилия Рахта амнистияға іліге алмайды. Осыған қарап, амнистия негізінен экономикалық, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар санатына, “ақ жейделілерге” қолданылатын заң деген қорытынды жасауға толық негіз бар. Ал, “саясиланған” істер өкінішке орай амнистияға жатпайды.
заңгер Абзал Құспанның фейсбук парақшасынан
Парақшамызға жазылыңыз
Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың айырмашылығын атап берсеңіз?